Қазақ тілі 8-сынып
ТЫҢДАЛЫМ Тыңдалым материалы бойынша тест сұрақтары
1. Мәтінге қандай тақырып қояр едіңіз?
A) Қазақ хандығы
B) Халықаралық ЭКСПО – 2017 көрмесі
C) Қазақ тіліне құрмет
D) Бір ауыз сөздің бағасы
E) Қонақжай халық
2. Құдайы қонақ деп қандай қонақты айтады?
A) арнайы қонақ
B) шақырылған қонақ
C) жол жүріп келе жатқан адам
D) қыдырмашы қонақ
E) құрметті қонақ
3. «Қырықтың бірі – Қыдыр» сөзінің мағынасы?
A) қонақпен бірге ырыстың кірмеуі
B) ырыстың кейін қашуы
C) қонақтың пірі
D) Алланың жіберген сыйы үйге келген қырық адаммен келуі
E) келген қонақты сыйлау
4. Келген қонақтың алдынан үй иесі өзі шығып қарсы алады, есікті өзі ашады, үйге кіргізеді, өзі қонақтардан кейін кіріп есікті өзі жабады бұл әрекет ненің белгісі ?
A) құрмет көрсетудің белгісі
B) қонақ қарсы алу заңы
C) қонақпен келген құт, ырыс бірге кірсін дегені
D) қонақжайлықтың белгісі
E) кішіпейілділікті білдіреді
Достарыңызбен бөлісу: |