Тиімді оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдердің маңызы «Мұғалім көп әдісті білуге тырысуы керек. Оны өзіне сүйеніш, қолғабыс нәрсе есебінде қолдануы керек»



Дата23.05.2017
өлшемі123,75 Kb.
#16746
Ахметова Ләззат Қасенқызы

Алматы қаласы

Ғ.Мүсірепов атындағы №86 Мектеп-гимназиясы
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Тиімді оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдердің маңызы

«Мұғалім көп әдісті білуге тырысуы керек. Оны өзіне сүйеніш, қолғабыс нәрсе есебінде қолдануы керек »,- деп Ахмет Байтұрсынов айтқандай қазіргі заман талабына сай білім беру мәселесі сол қоғам мүддесіне сай болуы керек. Өз ісінің щебері ғана жоғары жетістіктерге жетеді. Әдістер белгілі бір негіз бойынша топтарға бөлінеді.


XIX ғасырдың 20-30 жылдарында Б.Е.Райков, К.П.Ягодовский түсіндіру, тәжірибелік, зерттеу, зертханалық әдістерін жетілдірді.
Қазіргі таңда әлем жылдам өзгеруде. Ғылым мен техниканың шапшаң дамып жатқан заманы. Өсіп келе жатқан жас өспірім ұрпақтарымыз ұялы телефон мен интернет желісінсіз жүре алмайтын дәрежеге жеткен кез.Сондықтан біз бала қолынан оқулықты көре алмаймыз. Ендігі таңда бала қолына  баспадан шыққан оқулықты ұстатып, оны жан-жақты тәрбиелеу – мұғалім еңбегінің өзекті мәселесіне  айналғаны шындық.Сондықтан мұғалім заман талабына сай өзгеруі қажет. Білім беру саласында қол жеткізілген бүкіл әлемдік бітімнің мәні оқушылар үшін  білімнің де, дағдылардың да тең дәрежеде болуы. Елде болып жатқан өзгерiстер мұғалімдердің біліктілігін арттыру жүйесiне де әсер етуде. Бұл өзгерiстер мұғалімдердің білімдерін көтерудегі жаңартулар ғана емес, мектептерде жаңа көзқарастарды, жаңа әдіс-тәсілдерді енгізуде қажеттiлiк тудырып отыр. Қазақ халқының аса көрнекті ғалымы, ұлы педагог А.Байтұрсынов «Әрбір мұғалімнің негізгі мақсаты – сабақ сапасын көтеру, түрін жетілдіру» деген. Заманауи технологиялардың әдіс-тәсілдерін, элементтерін қолдану арқылы оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру,тиімді оқытуда олардың ізденуін, танымын қалыптастыруға мол мүмкіндік бар. Оқытудың әдіс-тәсілдерін таңдап алу тиімді оқытуда табысқа жетуге негіз болады, әрі сабақтың сапасын барынша арттыруға мүмкіндік береді. Оқушыларға терең білім беру үшін мұғалім әдістердің тақырыпқа сай, оқу материалын тиімді меңгертуге ықпал тигізетіндей түрін таңдау керек және осы әдісті қолдану жолын өзі жақсы білуі керек. Сондай әдістердің бірі: интербелсенді әдістің тиімділігі.

« Оқу-адамды білімді болуға,әңгімелесу тапқырлыққа,естігенді жазып отыру-дәлелдікке тәрбиелейді»,-деген екен Ф.Бэкон.Оқу материалын оқып үйрену кезінде оқушылардың таным белсенділігі жоғары болатынсабақ қана білімнің сапалы көрсеткішін береді.Ол үшін осы аталған әдіс-тәсілдерді сабақта тиімді пайдалануы мұғалім шеберлігіне байланысты.

       Мен өзімнің тәжірибемде сабақтың тиімділігін арттырудың бір жолы,оқушыларға танымдық тапсырмаларды,тиімді әдістерді көп қолдануға тырыстым. Сабақ өтуде ойын элементтерін қолдану арқылы оқушылардың қызығушылығын ояттым. Ойнау барысында балалардың дербес ойлау мүмкіндігіне көңіл қоя білу қабілеті дамиды.

    Интербелсенді әдіске тоқталатын болсақ, ол оқушы белсенділігінің әсерін арттыру үшін қолданылатын әдіс. Интербелсенді оқыту әдісін қолданып сабақты жоспарлау және басқаруда оқушылардан модельдеуді және қатысушының дағдысын дамыту, яғни бүгінгі демократиялық қоғамға қажетті болуын талап етеді. «Интерактивтік»деген сөз энциклопедияда көрсетілген, интеракция деген ұғымнан шығады. Ал интеракция жеке индивидтің, жұптың, топтың өзара біріккен әрекетке бір-біріне алма-кезек әсер етуі. Интеракция әрекет барысында, әсіресе диалог сөзге үйретуде субъектілердің белсенділігін, оларды шығармашылық ниетін және бірігіп әрекет етуге ұмтылуын қамтамасыз етеді.


Интерактивті әдісті сабақтарымда қолдану барысында тиімді оқыту, тек қана өзара әрекеттер үдерісінде болатынына көз жеткіздім және оқушылардың талқылау кезінде көп ақпаратты естерінде сақтайтындығын байқадым. Интерактив – ағылшынның "өзара әрекет” деген сөзі. Демек, интерактивті оқыту әдістері тұлғааралық қарым – қатынасқа негізделе отырып, конструктивті білім беруге, сонымен бірге, сапалы білім алудың алғышарттары болып табылатын таным белсенділігі мен ізденіс дербестігін қалыптастырып қана қоймай, ары қарай дамытады.

Демек, оқушы білімді дайын күйінде мұғалім түсіндірмесінен алмай, өзінің өмірлік тәжірибесіне сүйену арқылы танымдық "жаңалық” ашуы шығармашылық тапсырмаларды орындау негізінде әр түрлі өнімдер жасауы тиіс. Нәтижесінде оқушының дүниетанымы кеңейіп, өзіндік пікірі мен көзқарасы қалыптасуы керек. Осы ұстанымға педагогтердің біліктілігін арттыру деңгейлік бағдарламасының негізгі идеясы да оқушылардың өз бетімен білім алуына бағытталған. Осы курстарда мұғалімдердің білім беруге деген дәстүрлі көзқарастарын күрт өзгерту – басты қағидат.

Білім үдерісінің нәтижелі болуы мұғалімдердің оқушы өздігінен меңгеріп, таныта білген білім-дағдылары мен амал, көзқарастарын зейін қойып, зерделей білген білім модельдері аясында ғана жүзеге асырылады. Білім беру бағдарламасының басында мұғалімдер оқушылар не біледі, оларда қандай қате пайымдаулар бар және бұны қалай түзету дұрыс екенін білу үшін арнайы құралдарды пайдаланады. Бұның алдындағы бөлім оқу үдерісінің басында оқушылардың талқыланатын тақырып туралы шамалы білімі болғанын және осы бастапқы білім жаңа материалды игеру үшін бастау болып табылатынын көрсетті. Егер мұғалім мен оқушының білім игеруді бастау нүктесі өзара үйлеспейтін болса, онда оқуда табысқа жету күмәнді болады. Егер білім игеруді бастау нүктесі қолайсыз таңдалынып алынса, онда тіпті ең жақсы оқушылардың өздеріне де алған білімдерін есте сақтау қиындық тудырады, тестіден немесе емтиханнан өткеннен кейін мүлдем ұмытып қалады. [1, МАН, 33б.]

Осыған орай, қазіргі оқу үдерісінде білімді меңгеру үшін интерактивті оқытудың мәні өз көрінісін табады. Әр сабақта оқушыларға оқу үдерісінің барлық аспектілеріне белсенді қатыса алады және келесі сипаттамаларға ие болады: олар өздерінің болжамдары мен сұрақтарын құрастырады, бір-біріне кеңес береді, өз алдына мақсат қояды, алынған нәтижелерді қадағалайды, идеялармен эксперимент жасайды және қателер оқудың ажырамас бөлігі екенін түсіне отырып, тәуекелге барады. Бұл әдiстердi қолдану сырттай өте жеңiл көрiнгенімен, өзіндік ерекшеліктері мен қиындықтары да бар.

Интерактивті оқыту әдістері дәстүрлі оқыту әдістерінен оқу үрдісінде оқушылардың өзінің өмірлік тәжірибелерін пайдалану арқылы есте берік сақтауымен, мәліметтерді талдап, жинақтау арқылы жеке және кәсіптік қабілеттерін аша алуымен ерекшеленеді. Дегенмен, интерактивті оқыту қажетті ақпаратты игеруге уақытты көбірек бөлуді, бағалауда жаңа, күрделі өлшемдерді қолдануды қажет етеді және оқушылардың танымдық іс -әрекетін басқаруда тәжірибесі аз мұғалімдерге көптеген қиындықтар туғызады.

Аталған жағдайды тудыру үшін ең тиімді жолы - топтық жұмыс. Мұндай жағдайда мұғалім диагностика мен мониторингті қамтамасыз етеді, оқу-жаттығу ортасын ұйымдастырады, алғашқыда басқа ресурстар болмаса қолдау (кеңес, нұсқаулар береді) көрсетеді.

Ұқсастығын немесе белгілі бір құбылыстардың айырмасын жариялау қажет болса, топтық жұмыста мұндай стратегиялар қолданылады - қатысушылардың әр түрлі топтармен бір мәселе бойынша пікіралмасуы өзара үйрету, үйрену жолдары жүзеге асырылады.

Білім процесінің субъектісі ретінде топтың интерактивті режимін енгізу не береді? Бұл, ең алдымен:

* қарым-қатынас жасау және өзара әрекет ету машығын дамытады;

* топтың бағалық-бағыттаушылық бірлігін қалыптастырады;

* жағдайға байланысты әлеуметтік рөлдер ауысымының икемділігін кеңейтеді.

Топтық жұмыстардың пайдасы мен оның тиімділігі бойынша зерттеулер әр түрлі бағытта жүргізілуде. Психологтер тұлғаның жетілуі үшін топтық жұмыстар қолайлы жағдай туғызатынын ашып көрсетеді, соның арқасында топта ынтымақтастық атмосферасының жақсаруы көрініс табатынын айтады. Педагогтер оқытуда топтық жұмыстардың атқаратын рөлін қарастырады. Олардың ойынша, топтық жұмыс оқыту процесін байыта түседі, оқу жұмыстарын қызықты және өзара оқыту арқылы, бір- бірінен оқуға ықпал етеді, деген ой қалыптасқан

Осы пікірлерді ойға түйе отырып, педагогтердің біліктілігін арттыру курстарында аталған интербелсенді әдістерді үнемі тәжірибемде жүзеге асырамын. Әсіресе, топтық жұмыс мұғалімдердің өзара оқуына, пікір алмасуына жағдай тудырады. Топтық жұмысты ұйымдастырғанда кездесетін көптеген кедергілер де бар. Осы бағытта кезігетін кедергілер:


  1. Топ ішінде белсенділік танытпайтын адамдардың пайда болуы;

  2. Уақыттың тиімсіз пайдалануы;

  3. Топтасу пайда болуы, яғни топтар арасында өзара кикілжің туындауы;

  4. Топтық жұмыстардағы шу;

  5. Топ ішіндегі спикерлер дәлелді сөйлей алмауы.

Осы мәселелердің барлығы топтық жұмыс жасауда кедергілер келтіреді. Осы кедергілерді жою мақсатында әр түрлі әдіс-тәсілдерді ұйымдастыруға болады.

Мысалы, бірінші мәселе бойынша, топ ішінде белсенділік танытпайтын оқушыларды ынталандыру үшін, тапсырма бергеннен кейін топ ішінде аралап жүріп, аз қатысып отырған адамды таңдап, орындық арқасына стикер жапсырып кетуге болады. Тапсырманы орындап болғаннан кейін спикер тағайындауда, орындықтың артында стикермен белгіленген адам болады деп жариялаймын.

Сонымен қоса, топ ішінде бейімделмей отырған адамдарды іріктеп, олардың ортақ ерекшеліктерін ескеріп, мысалы, киім үлгісі, шаш ұзындығы, киімнің түсі, немесе қаламның түсін бақылап, «Күннің көзі түсті ...» әдісін ұйымдастыруға болады. Мысалы, «Күннің көзі қызыл қалам ұстап отырғандарға түсті», «Күннің көзі ұзын шаштыларға түсті» деп топ мүшелерін белсенділікке тәрбиелеуге болады. Ең тиімді әдістің бірі «3 таяқша» әдісі. Әрбір топ мүшесіне 3 таяқшадан үлестіріліп, тақырып төңірегінде 1 – идея, 1 - сұрақ, 1 – жауап беруге тапсырылады.

Уақытты топтық жұмыста үнемді пайдалану мақсатында да, түрлі әдістерді іске асыруға болады. Топ ішінде «Уақыт сақшысын» тағайындау, немесе тапсырмалар барысында электрондық уақыт «Тimer»-ді тиімді пайдалануға болады.

Топтық жұмыс барысында топтар ішінде түрлі кикілжін жағдайлар туындауы мүмкін. Яғни, топтар арасында бәсекелестік туындап, ол бәсекелестік дауды тудыруы мүмкін. Оның алдын алу үшін топтар құрамын үнемі ауыстырып отырған дұрыс, яғни ауыспалы топтар жасау. Топтарды құруда түрлі әдістерді қолдануға болады: суреттер, сандар, түстер ақылы, бойларымен тұрғызып, туған күндері, жастары бойынша есімдерінің әріптері арқылы, мозайка т.б. тәсілдер қолданамын.

Әрине, топтық жұмыста шусыз жұмыс жүрмейді, бірақ соның біршама алдын алу үшін, топтық ереже қабылдаған жөн. Топтық ережені құрғанда оны сақтау үшін мұғалімдердің өздеріне құрғызып, ереженің астыңғы жағына қолдарын жинап, біздің топ құжаты деп таныстырамын. Топ ережесінде уақытты тиімді пайдалану туралы пікірді де енгізуге болады. Негізі осы ереже арқылы топтық жұмыста көптеген мәселені шешуге болады. Ең бастысы, көшбасшыға топқа ереженің маңыздылығын, оның құндылығын дұрыстап жеткізу.

Тағы бір өзекті мәселенің бірі, ол тағайындалған спикерлердің дәлелді, жинақты өз ойларын жеткізе алмауы. Бұл проблеманы шешу үшін, тапсырма бойынша критерийлерді ұсынған өте тиімді. Әдеттегідей өзімнің тәжірибемде критерийлерді кейде коучингке қатысып отырған мұғалімдерге құрғызғанды да жөн көремін, себебі, көптеген ойлар тоғысқанда құнды пікірлер айтылып, бір-бірінің қандай мәліметтерге жеке тоқталуы керек екендігін ескереді.

Топтық жұмыс жеке шешуге болатын тапсырмаларды емес, анағұрлым күрделі тапсырмаларды шешуді көздейді.

Кез келген топтың барлық мүшелері білетін және түсінетін жалпы ережелерді басшылыққа алуы қажет. Ол топтың әрбір мүшесінің одан не күтілетіндігін, жұмыс қалай бөлінетіндігін және қолдау көрсетілетіндігін, сондай-ақ нәтижелерге қалай қол жеткізілетіндігін білулері үшін қажет.

Топтағы оқушылардың саны оқушылардың, сонымен қатар оқушылар мен мұғалімнің арасындағы өзара тиімді қарым-қатынасты барынша қамтамасыз етуі тиіс. Топтың көлемі мен санының арасындағы теңгерімді айқындаудың маңызы бар. Мысалы, көп шағын топтар немесе жұп шектеулі қысқа уақыт (мысалы, шамамен 5 минут) барысында тиімді жұмыс істей алады. Үлкен топтар оқушылардың көңілі басқаға ауып, тәртіптерінің бұзылуына әкелуі ықтимал. Мұғалімге нақты тапсырманы ұтымды орындау үшін топтың қандай көлемі қажет екендігін анықтап алу қажет. [2]

Топтың ішінде тиімді жұмыс ұйымдастыру мақсатында тиімді диалогті негізге алған жөн. Ғылыми зерттеу нәтижелері сабақта диалогтің маңызды рөл атқаратынын көрсетті. Мерсер мен Литлтон (2007) өз еңбектерінде диалог сабақта оқушылардың қызығушылығын арттырумен қатар, олардың білім деңгейінің өсуіне үлес қосатындығын атап көрсетеді. Зерттеулерде ересектермен интерактивті қарым-қатынас пен достарымен бірігіп жүргізілген жұмыстың балалардың оқуына және когнитивті дамуына әсер ететіндігі айтылған [1, МАН, 39 бет]. Осы пікірді ескере отырып, топ ішінде педагогтер арасында зерттеушілік диалог ұйымдастыруды үнемі қолданамын. Зерттеушілік диалог ұйымдастыруда сыни тұрғыдан ойландыратын ашық сұрақтардың рөлі зор. Бұл үдерісте өте күрделі зерттеушілік әңгіме арқылы мұғалімнің сыни тұрғыдан ойлауын жетілдіре отырып, сұрақ қою дағдылары қалыптасады.

Сыни тұрғыдан ойлау – Қазақстандағы білім беруді дамыту үшін маңызды болып табылатын қазіргі ең басты педагогикалық түсінік [1, МАН 49 бет] болғандықтан, мұғалімдердің сыни тұрғысынан ойлау арқылы оларды оқыту туралы ойлануына, сыни ойлау туралы түсініктерін нақтылау, мұғалім мен оқушылар арасында диалогтік өзара әрекеттестік және балалардың жауаптары мен оқыту үдерісі туралы ойлануы арқылы оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауды дамытуға болатындығын түсіндіруді көздеймін.

Сабақтар барысында постер қорғау, Джиксо, «6 ойлау қалпағы» әдіс-тәсілдері, тұжырымдамалық карта құру, «Стоп кадр» т.б. әдіс-тәсілдер қолданылады.

Жоғарыда аталғандай сыни ойлау қабілеттерін дамытудың ең тиімді жолы – дұрыс сұрақ қою болғандықтан, сабақтарымның жаттығуларында сұрақтар қоя алу машықтарын жетілдіру арқылы тапсырмаларды ұсынамын.

Топтық жұмыста зерттеушілік әңгіме ұйымдастырған мұғалімдер бұл сабақтар оқушының танымдық белсенділігін арттыруға, өз бетінше білім алуға, шығармашылығын қалыптастыруға ықпал ететіндігін атап өтсе, оқушылар оқудың (сабақтардың) қызықты, өнімді өтетіндігін, ұжымда бірлесіп жұмыс жасауға, соның негізінде көшбасшылық қасиеті дамитыны, өзін сенімді болуына, білімнің тереңдігі, әрі тиянақтылығы артатындығын баяндайды.

Мектеп өмірінде оқушылардың өздігімен білім алу үдерісіне дейінгі және кейінгі кезеңін (аралығын) салыстырғанда, оқушылардың оқуға деген ынта-ықыласының артқандығын, рухани-адамгершілік жақсы қасиеттердің қалыптасқандығын, мұғалімнің шыдамдылық, төзімділік сияқты сапаларымен қатар оқушылардың басқаны қабылдау, түсіну, сыйлауды үйренгендігімен сипатталады.

Бүгінгі қоғамға, білім беру саласына керегі де осылар. Оқытудың осындай жаңа педагогикалық әдіс-тәсілдерді сабаққа ендіру бүгінгі таңда әрбір ұстаздың басты мақсаты болуы керек. Себебі, елімізге заман талабына сай қалыптан тыс ойлай алатын, шұғыл шешімдер қабылдай білетін, белсенді, бәсекеге қабілетті ұрпақ қажет деген талапқа сай ұжымдық жұмыс өзінің тиімділігін тәжірибеде дәлелдеп берді.

жеде маңызды екендігіне саяды.  



Баланың бойында терең ойлану, өз идеялары мен әрекеттерін талдау, бағалау, пікірталастарға қатысып өз ойы мен пікірін дәлелдеу, басқа балама пікірді ескеруі және шешім қабылдауы, қиын мәселелерді шешуі барысында бала сол күнгі білімді есте сақтайды.

Кездескен кедергілерге келетін болсам, бір сабақта көп әдісті қолдануға болмайтындығы, себебі әр тапсырма уақытты талап етеді. Уақыт тар болғандықтан толық ашылуға уақыт жетпейді. Екіншіден топтың дұрыс бөлінбеуі, бір топта гуманитарлық пән мұғалімдері жиналғандықтан олар шапшаңдау болды деп ойлаймын. Негізінен кері байланыс нәтижесі бойынша мақсатыма жеттім, енді әдістемелік күні сабақтарында қалай қолданатындарын көріп, қорытынды жасай аламын. Қазірдің өзінде қызығушылық танытып жатқан ұстаздарымыз келіп көмек көрсетуімді сұрауда.
Бағдарламада көрсетілген 7 модульді қолданысқа енгізу,  оның нәтижесіне қорытынды жасау  терең зерттеуді керек етеді. Бағдарлама нәтижесі мұғалімдер оқушыларға қалай оқу керектігін үйреніп, соның нәтижесінде еркін, өзіндік дәлел уәждерін нанымды жеткізе білетін, ынталы, сенімді, сыни пікір көзқарастары жүйелі дамыған, сандық технологияларда құзырлылық танытатын оқушы қалыптастыруға даярлау болып табылады. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер – қолдану әрбір мұғалімнің көздеген мақсатына жету үшін оңтайлы тәсіл болып табылады. Себебі балалар бір-бірімен диалогтік әңгіме құра отырып, еркін ой бөліседі.

Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев жолдауында айтқандай: " Болашақта өркениеті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін- білім".(Елбасының халыққа жолдауынан)       Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) жасаған Құзыреттерді анықтау және іріктеу жобасы дағдылардың барынша кең ауқымын қамтитын ХХІ ғасыр дағдыларының моделі болып табылады.

       Мектеп өмірінде оқушылардың өздігімен білім алу үдерісіне дейінгі және кейінгі кезеңін (аралығын) салыстырғанда, оқушылардың оқуға деген ынта-ықыласының артқандығын, рухани-адамгершілік жақсы қасиеттердің қалыптасқандығын, мұғалімнің шыдамдылық, төзімділік сияқты сапаларымен қатар оқушылардың басқаны қабылдау, түсіну, сыйлауды үйренгендігімен сипатталады.

Бүгінгі қоғамға, білім беру саласына керегі де осылар. Оқытудың осындай жаңа педагогикалық әдіс-тәсілдерді сабаққа ендіру бүгінгі таңда әрбір ұстаздың басты мақсаты болуы керек. Себебі, елімізге заман талабына сай қалыптан тыс ойлай алатын, шұғыл шешімдер қабылдай білетін, белсенді, бәсекеге қабілетті ұрпақ қажет деген талапқа сай ұжымдық жұмыс өзінің тиімділігін тәжірибеде дәлелдеп берді.

     Интерактивті оқыту әдісінің ең бастысы, жауаптың өзінен де мәселені шешу үдерісінің маңызды немесе маңыздырақ екенін түсінуі. Интерактивті әдістің мақсаты тек қана ақпарат беру ғана емес,оқушының өз бетімен жауапты табу дағдыларын қалыптастырумен байланысты.

      Менің ойымша ,әр мұғалім «сындарлы оқыту теориясына» бағытталған деңгейлік бағдарламасында айтылғандай түрлі тәсілдерді күнделікті сабақта қолданса , ғана еңбегінің жемісін көреді.Сондықтан жаңа білім парадигмасы бірінші орынға баланың білімін, білігі мен дағдысын емес, оның тұлғасын, білім арқылы дамуын қойып отыр. Яғни, бағдарламада көрсетілген 7 модульді қолданысқа енгізгенде, бала жан-жақты дамыған, білімді, өз ісіне және өзгенің ісіне әділ баға бере алатын, өзіне сенімді, Отанының әлеуметтік-экономикалық жағынан дамуына зор үлесін қоса алатын азамат болады.

Интерактивті әдістің кейбір түріне тоқталдық, жалпы бұл әдіс оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуда, өмірлік міндеттерін шешу үшін пайдалануда, өз ой-пікірін еркін жеткізуде маңызы зор.

Пайданылынған әдебиеттер:

1.Интерактивті оқыту әдісін қолданып сабақты жоспарлау және басқару  Алматы-2014жыл

2.Кембридж университеті бағдарламасының негізінде тренерлердің тәжірибе алмасу мастер-кластары   Алматы-2014жыл



3. «Мектептегі сі-әрекетті зерттеу»әдістемелік құрал Алматы-2013жыл

4. А.Әлімбаев. «Интер белсенді әдістеме» 2013 ж.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет