Бөлім: 10.4 В Бейорганикалық талдау
|
Мектеп:
|
Сынып: 10
|
Оқытушының аты-жөні:
|
Күні:
|
|
|
Қатысқандар:
|
Қатыспағандар:
|
|
|
|
|
Сабақ тақырыбы
|
Заманауи инструментальды әдістер
|
Оқу мақсаттары
|
10.4.15 заттарды анықтау процесін жылдамдату үшін заманауи инструментальды әдістерді қолдану аймағын атау
|
Сабақ мақсаттары
|
Оқушылар заманауи инструменталды әдістердің сипаттамасын, мақсаттарын, әдістердің артықшылықтары мен кемшіліктері түсінеді,
|
Жетістік критерийлері
|
Оқушылар мақсатқа жетеді: егер заманауи инструменталды әдістердің сипаттамасын, мақсаттарын, әдістердің артықшылықтары мен кемшіліктері туралы ғылыми сауатты эссе жазса;
|
Тілдік мақсаттар
|
Оқушылар: заманауи инструменталды әдістер туралы ғылыми сауатты эссе жазып, түсіндіреді.
Пән бойынша лексика және терминология :
хроматография, масс-спектрометрия, инфрақызыл спектроскопия, ядролық магниттік резонанс спектроскопия,
Диалогқа және жазуға арналған сөз тіркестері:
хроматография - ...........
масс-спектрометрия- ................
инфрақызыл спектроскопия -....................
ядролық магниттік резонанс спектроскопия - ...................
|
Құндылықтарды дарыту
|
Оқушылардың бірін –бірі сыйлауы және ұқыптылыққа үйренуі, ғылыми сауатты өз ойын білдіруі пікір талас кезінде жүзеге асады.
|
Пән аралық байланыстар
|
заманауи инструменталды әдістерді түсіну физика пәнінен алған біліммен байланыстырады.
|
АКТ қолдану дағдылары
|
ноутбук, ғаламтор
|
Алдыңғы оқыту
|
|
Жоспар
|
Уақыт бойынша жоспарланған тарату
|
Жоспарланған іс-әрекеттер
|
Ресурстар
|
2 мин
|
Оқушыларды түгендеу, сабақтың тақырыбын мақсатын түсіндіру
|
|
5 мин
|
(W) жалынның түстері мен аниондардың түстерін қайталау
|
Презентация
|
8 мин
|
(W) Оқушыларды заманауи талдаудың инструменталды әдістерімен таныстыру. Оларды дәстүрлі талдау әдістерімен салыстыру.
Анализдің химиялық әдістері қазіргі таңның талабына сай емес. Технологиялық және биологиялық процесстерді басқару үшін анализдің жылдам әдістерін қажет етеді. Анализдің физика-химиялық әдістері (немесе инструментальдік) үлкен сезімталдығы мен жылдам орындалуымен ерекшелінеді. Олар заттардың физика химиялық қасиеттерін қолдануына негізделген.
Физика химиялық әдістермен анализдеуді орындау кезінде стехиометриялылық нүктені (эквиваленттік нүкте) визуальдік түрде емес, эквиваленттік нүктеде зерттелетін заттың физикалық қасиетінің өзгеруін тіркейтін прибор көмегімен анықтайды. Осы мақсат үшін күрделі оптикалық немесе электрлік схемалы приборлар қолданылады, сондықтан оларды инструментальдік анализдеудің әдістері деп атайды.
Анализдің инструментальді әдістері аналитикалық химияда маңызды орын алады, қоршаған ортаның ластануын бақылау кезінде маңызды роль атқарады. Қазіргі таңдағы аналитикалық химия физика, кванттық механика жетістіктерін кеңінен қолданады.
Негізгі физика химиялық әдістерінің ішінен анализдің электрохимиялық, оптикалық және хроматографиялық әдістері кеңінен қолданылады.
|