Тіл дамыту жұмыстары 1-тапсырма



Дата01.04.2020
өлшемі17,96 Kb.
#61269
Байланысты:
Тапсырма

Мақал — нақыл сөз. Ол өмірдегі түрлі құбылысты жинақтап, түйіп, ықшамдап беріп, бір не екі тармақтан тұратын, алдыңғы жолдарында пайымдап, соңғы жолдарында қорытылған ой айтатын халықтық бейнелі поэтикалық жанрдың бір түрі, ғасырлардан екшеліп жеткен терең мазмұнды, тақырып аясы кең сөз мәйегі. Мақалдар көбіне өлең үлгісінде кейде қара сөзбен де айтылады. Ұйқасқа (“Қайраңы жоқ көлден без, қайырымы жоқ ерден без”), аллитерацияға (“Етігін шешпей ер шыңаймас”), ассонансқа (“Қатты жерге қақ тұрар, Қайратты ерге бақ тұрар”) құрылады. Мақалдар тура және ауыспалы мағынада қолданылады. Ауыспалы мағынадағы сөздер ішкі астары бар, тұтас бір ойды білдіреді (“Бір жеңнен қол шығар, бір жағадан бас шығар”), (“Ырысқа қарай ұл өсер, Қонысқа қарай мал өсер”), (“Ел — ырыстың орманы, ер — ырыстың қорғаны”), (“Ер жігіт үш ақ үй тігеді, үш қара үй тігеді”).

Мәтел — өзінің негізгі түйіндеуін кесіп айтпайтын, бір-бірімен кереғар шендестіруі жоқ, қорытындысы тұспалды, қысқа да нұсқа нақыл сөз. Мақалға өте жақын. Мәтел сыңар тармақ болып келеді. Сөз үстемелене келіп, мақалға айналады. Мысалы, “Қаңбақтан қашсаң, дөңбекке” — мәтел. “Қаңбақтан қашсаң, дөңбекке жолығасың” — мақал. Мәтел тура, ауыспалы, астарлы мағынада қолданылады. Мәтел адамның айтқан пікіріне ой қосады, сезімін әсерлі де айшықты жеткізеді. Ақын-жазушылардың ұтымды сөздерінің біразы Мақал-Мәтелге айналған: (“Ұылымды іздеп, дүниені көздеп” — Абай), (“Жалғанды жалпағынан басып өтіп” — Жамбыл, т.б.).

Тіл дамыту жұмыстары
1-тапсырма. 1) “Адамдар табиғатқа жауапсыз қарайды” дегенді қалай түсінесіз. “Иә”, “жоқ” деген бағытта екі топқа бөлініп пікір таластырыңыз.

Үлгі: Иә, табиғат байлығын сақтамайды, бүлдіреді...

         Жоқ, олай емес кездейсоқ жағдай кесірінен болады...

2) Мына көзқарасқа дәлелдеріңіз бар ма? Ой бөлісіңіз. “Кейде адамдар өз мүддесі үшін табиғатқа зиян әкеледі (шектіреді)”. 

Мысалы:


1) Жаңа жылдық шырша даярлау...

2) Орманда алау (от) жағу т.б.

3) ? -

4) ? –


2-тапсырма. Мақалды жаттап алыңыз.

1. “Құс қонбаған көл жетім,

     Ел қонбаған жер жетім”.

2. “Жер – адамның бесігі, Ел бақыттың есігі”.



3-тапсырма. Төмендегі пікірді табиғат экологиясымен байланыстыра қолданыңыз. Ой қорытыңыз.

“Жазылмаған кейбір заңдар жазылған заңдардан қаттырақ” (Сенека, рим философы).

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет