«Тілашар» мерекесі.
Мақсаты:1.Оқушылардың ой-өрісін кеңейту, тілдерін дамыту.
2.Оқуға, білімге деген қызығушылықтарын арттыру.
3.Ұйымшылдыққа, достыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер:шарлар, гүлдер, нақыл сөздер, плакаттар,музыка.
1.Ұйымдастыру кезеңі.
1.Қонақтарды қарсы алу.
2.Оқушыларды педагогикалық-психологиялық тұрғыдан даярлау.
2.Кіріспе сөз.
-Қымбатты балалар, қадірлі ата-аналар! Міне, бүгін сіздер кеше ғана білім баспалдағына алғаш рет қадам басқан, бүгінгі 1-сынып оқушыларының мерекесіне жиналып, «Тілашар» тойының куәгері болып отырсыздар. Жанұяларыңызға бақыт пен қуаныш қонсын, денсаулықтарын мықты болсын. Мектепке келген бүлдіршіндер білімді де білекті елдің азаматы болсын! Тойларыңыз тойға ұлассын! Сәт-сапар тілейік білім жолына қадам басқан бүлдіршіндерге!
1-оқушы: Сәлем, саған мектебім,
Алғыстарым көп менің.
Оқу, білім, тәрбие
Ой санама еккенің.
2-оқушы: Қуаныш бүгін – мереке,
Шуағын шашып тұр әлем.
Мектепке келген алғашқы,
Жан досым, саған мың сәлем.
3-оқушы: Бірінші қыркүйек күні мен
Аңқыған жұпар гүлімен
Келіп ем, қарсы алар мектебім
Сүйкімді қоңырау үнімен.
4-оқушы: Биыл мен де мектепке
Біріншіге барамын.
Мақтанбаймын мен текке,
Дайын дәптер, қаламым.
5-оқушы: Мектепке енді барамыз,
Біз оқушы боламыз.
Жақсы оқып сабақты,
Кілең бестік аламыз.
Ән. «Біз-өмірдің гүліміз» 1-сынып оқушылары
6-оқушы: Алдыңа келіп, ұстазым,
Тұңғыш қалам ұстадым.
Күлімдеген көзіңнен
Мейіріңді сезіндім.
7-оқушы: Отанның біз ұл-қызы,
Халықтың біз жұлдызы.
Оқимыз ақын-жырларын,
Оқимыз еңбек сырларын.
8-оқушы: Сылдырлайды, сыңғырлайды
Мектеп жақта қоңырау.
Ұмытпаймыз бұл бір айды,
Гүлге толы омырау.
9-оқушы: Гүл толы қала, дала да,
Гүл толы бүгін омырау.
Шақырып мектеп – анаға,
Соғылмақ тұңғыш қоңырау.
10-оқушы: Мектеп, мектеп
Төңіректеп жүруші едім мен кеше.
Сұраушы едім,
Жылаушы едім,
Әпкем кітап бермесе.
Ән: «Қошақаным» орындайтын 1 сынып оқушысы
Мұғалім: Осындай дәулеті тасқан еліміздің алқабы астыққа толы болса нан да,ән де болары сөзсіз. Олай болса, Алтын күзіміздің кереметтеріне куә болайық. (Ортаға жемістер шығып тақпақтарын оқиды.)
Шиемін мен шиемін,
Піскенше тон киемін
Бала келсе қасыма
Басымды мен иемін.
Нарттай қызыл алмамын,
Мәз болады алғандар.
Жазда әдемі киінем
Тілді балдай үйірем
Жүзім :
Жұлып едім жүзімді,
Жүзі бірден үзілді.
Жүзінде жеп қойыппын,
Өзім әбден тойыппын.
Қияр:
Қызықтың ба қиярға,
Алда жей бер ұял ма.
Көтергенше берейін,
Қапшығыңа сияр ма?
Асқабақ:
Асқабақтың дәмі,
Таңдайымда әлі.
Кептірілген дәмі,
Таптырмайтын дәрі.
Қызанақ:
Қып-қызыл боп қалғанда,
Ауызыңа салғанда.
Не жетеді шіркін-ай,
Қызанаққа жалғанда.
Қарбыз:
Күннің нұрлы шуағы,
Шұғыла боп шылады.
Шөлің әбден қанады,
Көзің шамдай жанады.
Тамылжыған шырыны,
Таңдайымда қалады.
Бәрі:
«Жомарт күздің жемісі» дәмді болсын,
Көңіліміз жайнасын, әнге толсын!
Ән: Күз келгенде әні
11-оқушы: Келді, міне, қоңыр күз,
Келді қағып қоңырау.
Мектеп – ана жылы жүз,
Ашты құшақ-омырау.
12-оқушы: Қош келдің деп, балдырған,
Күліп шыққан алдымнан.
Шексіз сеніп ата-ана,
Балаларын қалдырған
Сипап қойып басымнан,
Кетпей жүрген қасымнан.
Құрбы – құрдастарыммен,
Достастырған асыл жан.
13-оқушы: Сәбилік көңілмен,
Арналады бұл әнім.
Баулитын өмірге,
Ақылшым – мұғалім.
14.-оқушы: Тіліңді аламын,
Айтқаныңды ұғамын.
Мен сендей боламын,
Ақылшым – мұғалім.
15-оқушы: Қарап алып сағатқа,
Іліп қойған жоғары.
Қоңырауды соғады,
Енді үзіліс болады!
Қыздардан сән үлгісі көрсетіледі
16-оқушы: Кешегі сәби балаңыз,
Жарады міне қараңыз.
Ғылым, білім жолына,
Енді қайық саламыз
17- оқушы:Біз бақытты баламыз
Қағаз, қалам аламыз.
Ұстазымыз үйреткен,
Әріптерді саламыз.
18- оқушы; Алты жасқа жеткенім,
Еркеліктен кеткенім,
Кітабымды қолтықтап,
Мектебіме беттедім.
19- оқушы: Алақайлап жүрегім,
Қуанышқа толып тұр.
Асыққан қыркүйегім,
Қоңырауын соғып тұр.
20- оқушы: Мектеп – білім ордасы,
Мектеп – қамқор анашым.
Оқып білім аламын,
Өнерпаз болып өсетін
Мен оқушы боламын.
Би: жапырақтар биі
Достарыңызбен бөлісу: |