Тілеубек Динара, Айтубай Жұлдызай, Сембай Елдос, Теңел Нұркелді, Нурпеисова Зарема, Абдезім Данияр



Дата17.10.2022
өлшемі22,54 Kb.
#153393
Байланысты:
МТ1 Болмыс конспект


2 курс студенттері Орындаған: Тілеубек Динара, Айтубай Жұлдызай, Сембай Елдос, Теңел Нұркелді, Нурпеисова Зарема, Абдезім Данияр.
Тексерген: Балабекұлы. Д.
Ғылыми жетекші: PhD доктор, оқытушы Балабекұлы Д.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Болмыс туралы түсінік беру
Болмыс – тарихи қалыптасқан кең мағыналы, терең ауқымды философиялық ұғым. Әр заманда өмір сүрген ойшылдар бұл ұғымды көбінесе жүйелі философиялық толғаныстардың бастапқы негізі деп қараған. Осы уақытқа дейін де болмыс туралы бұл көзқарас өз мәнін сақтап келеді. Болмыс туралы философиялық мәселені түсіну үшін ең алдымен оның адамзаттың шынайы өмірінде қандай түбегейлі орын алатынын ұғыну қажет.Болмыс (шындық) философиялық ұғым.20 ғасырдағы Батыс экзистенциалдық философтарының анықтамасы бойынша оны өзгерту қиын, бірақ өзгертуге болады. Болмыстан айырмашылығы жоқтың (ештеңенің) басқаруы қиын, бірақ басқарылатын қасиеттері бар. Олардың арасындағы шекаралар (шексіз сызық) алдыңғы және артқы жағында болады. Бірақ бұл салада оң және теріс жақтары жоқ, сондықтан кемсітудің бағыты тек оның объектіге таралуының әсеріне байланысты.Батыс идеалистік философтары қабылдауға болмайтын нәрселер (соның ішінде Құдайдың қабылдауы да) олардың бар екенін дәлелдей алмайды деп есептейді.Берклидің ұсынысы: «Бар болу – қабылдану». «Болмыс пен уақыт» кітабының авторы Хайдеггер «болмыс» әрі ең айқын ұғым, әрі ең түсініксіз ұғым деп есептейді. Шындығында, адамдардың көпшілігі «болмыс» ұғымы өзінен-өзі түсінікті және ең айқын нәрсе деп ойлайды, сондықтан «болмыс дегеніміз не» деп сұраудың қажеті жоқ және «болмыс» деген не екенін зерттеудің қажеті жоқ, бірақ түпкі міндет. Философияның мәні мынаны түсіндіру: «Болмыс дегеніміз не?» Ойшыл ретінде, егер сіз «болмыс» деген ең түсініксіз ұғымды қарапайым, түсінікті және түсініксіз деп қателессеңіз, онда сіз үлкен қателік жасауыңыз керек.

Батыс идеалистік философтары қабылдауға болмайтын нәрселер (соның ішінде Құдайдың қабылдауы да) олардың бар екенін дәлелдей алмайды деп есептейді.Берклидің ұсынысы: «Бар болу – қабылдану». «Болмыс пен уақыт» кітабының авторы Хайдеггер «болмыс» әрі ең айқын ұғым, әрі ең түсініксіз ұғым деп есептейді. Шындығында, адамдардың көпшілігі «болмыс» ұғымы өзінен-өзі түсінікті және ең айқын нәрсе деп ойлайды, сондықтан «болмыс дегеніміз не» деп сұраудың қажеті жоқ және «болмыс» деген не екенін зерттеудің қажеті жоқ, бірақ түпкі міндет. Философияның мәні мынаны түсіндіру: «Болмыс дегеніміз не?» Ойшыл ретінде, егер сіз «болмыс» деген ең түсініксіз ұғымды қарапайым, түсінікті және түсініксіз деп қателессеңіз, онда сіз үлкен қателік жасауыңыз керек.


Болмыстың негізгі түрлері:
Заттар (денелер), процестер болмысы.

Адам болмысы.


Рухани болмыс.


Әлеуметтік болмыс.


Заттар (денелер), процестер болмысы.


Тарихи тұрғыдан келгенде адам қызметінің, өмір тіршілігінің негізі – табиғат заттары мен табиғи процестер. Бірінші табиғат ол адамзатқа дейін пайда болған, адамдардың санасынан тысқары және тәуелсіз өмір сүреді. Ол теңіздер, мұхит, ормандар, ауа, жер, т.б. Кейін адам Жер табиғатына қуатты да кең әрекет етуші болып табылады.бұрын табиғатта өмір сүрмеген, адамдар өндірген заттардың, процестердің, жай-күйлердің тұтас дүниесі пайда болды. К. Маркс оны «Екінші табиғат» деп атады. «Екінші табиғатқа» жататындар: үйлер, материалдық заттар, адам ойлап шығарған өсімдіктер және тірі организмдер (табиғатта кездеспейтін). Ол жасанды табиғат. Қазіргі заманда «екінші табиғат», өзі «бірінші табиғаттың» туындысы болса да, басымды болды.

Адам болмысы.


Адам болмысы екіге бөлінеді: — Адам тікелей жанды, нақты кісі ретінде өмір сүреді. Оның үстіне адамның өмір сүруінің табиғи алғышарты — оның денесінің өмір сүруі. Яғни адам, ең алдымен, «сүйек пен еттен жаралған пенде». Сонда адам денесі – табиғат бөлшегі. Денесінің болуы адамды шектеулі, өткінші жан иесі етеді. Ерте заманнан адамдар өз өмірлерінің ұзақтығының ұлғаю мұмкіндіктерін іздестірген. Ағылшын биологтарының айтуынша, барлық жағдайлар жасалса, адам денесі бір мың жыл өмір сүре алады. Өмір ұлғаю үшін не керек? Біріншіден, адам денесінің тіршілігін қамтамасыз ету қажет. Екіншіден, адамның ең алғашқы құқығы өз өмірін сақтаумен, адамзаттың аман-есендігімен байланысты. Үшіншіден, жаңа организм ретінде адамдар тұқым қуалаушылық заңдарына бағынады, мұны жойып жіберуге немесе жоққа шығаруға олар дәрменсіз. Төртіншіден, философия адамның денесі және оның ынтызарлығы, қуаныш – реніші, психикалық жай – күйі, ойы, мінез – құлқы, ерік жігері, іс – әрекеті, бір сөзбен айтқанда, арасындағы байланысты үнемі іздестіреді.


Рухани болмыс.


Рухани болмыс сана мен санасыздық процестерін қамтиды. Рухани болмысты шартты түрде екі үлкен топқа: жеке кісілердің өмірлік қызмет – тіршілігінен бөліп алуға келмейтін (дербестенген руханилық) және кісіден тысқары өмір сүретін, басқаша айтқанда, объективтендірілген (дербестенген емес) руханилыққа бөлуге болады


Бірінші жағдайда адам сананың көмегімен сыртқы дүние туралы ойлайды, оның бейнесін туғызады (санасыздық процестер, тіл мен сана, тіл мен ойдың байланысы). Екінші жағдайға жататындар – кітаптар, сызбалар, жобалар, ескерткіштер, идеялар, ойлар, музыка, т.б.


Әлеуметтік болмыс.


Әлеуметтік болмыс та екіге бөлінеді: тарих процесінде жекеленген адам болмысына және қоғам болмысына. Жеке адам тек қана қоғамда өмір сүре алады. Ол бір ұлтқа, тапқа кіреді, бір мемлекетте тұрады, тарихи процестерге қатысады. Қоғамдық болмыс жағдайлары мен мүдделері арасындағы қайшылықтар туады. Қоғам неғұрлым жоғары дамыған сайын ондағы алуан саладағы прогресті жоғарылату қарқыны бұқараның, таптардың, жеке адамдардың жоғары саналылығына, әлеуметтік белсенділігіне, яғни субъективтік факторларға тікелей байланыстығын байқаймыз.


Осылайша, әлемдегі Адам болмысы мәңгілік пен өткіншіліктің, шексіздік пен шектіліктің, тұрақтылық пен өзгермеліліктің, субстанционалды анықтық пен бос белгісіздіктің, мәнділік пен тіршіліктің және т.б. арақатынастарымен сипатталады.


Материя - кеңiстiк пен уақытта өмiр сүрiп, қозғалыста болатын, сарқылмас көп қасиеттерi бар алуан түрлi объектiлер мен системалардың сансыз көп жиынтығы.

метерияның диалектикалық-материалистiк анықтамасың бердi: “Материя дегенiмiз - адамға оның түйсiктерi арқылы мәлiм болатын, бiздiң түйсiктерiмiзге тәуелсiз түрде бар бола отырып, сол түйсiктерiмiз арқылы көшiрмесi алыналатын, суретi түсiрiлетiн, бейнесi жасалатын, объективтiк реалдықты белгiлеу үшiн қолданылатын философиялық категория” (“Материализм және эмпириокритицизм”, ш. т.ж.18т.138б.).


Материя - дүниенi адамның санасынан тыс, әрi тәуелсiз объективтi шындық деп қарайтын дүниетанымның түп қазығы, мән мағынасы болып табылатын, және сана арқылы бейнеленетiн әмбебап категория.


Бұл анықтамада материяның негiзгiбелгiлерi айқын көрсетiледi: 1) материя адам санасына тәуелсiз өмiр сүредi; 2) ол адам санасында бейнеленедi; 3) материя санаға қарағанда бiрiншi, бастапқы екендiгiн бiлдiредi; 4) материалдық дүниенi танып бiлуге болатындығын көрсетедi. Материяның бұл түсiнiгi адамзат ақыл-ойының, ғылымның бүгiнге дейiн танып-бiлген объектiлердi ғана емес, сондай-ақ болашақта ашылатын, танып-бiлiнетiн объектiлердi де қамтиды. Оның методологиялық мәнi, мiне осында. Материя категориясы абстракция, өйткенi “таза” өмiр суретiн материя жоқ. Ол әрқашанда белгiлi ұйымдасқан материалдық жүйе


Материя мәнгi, шексiз, жасанды емес, кеңiстiк пен уақытта үнемi қозғалыста болады. (Спиноза - материя өзi өзiнiң себебi). Бұл қасиеттерiнiң бәрi материядаң ажырамас бiрлiкте - атрибуттар. Олардаң басқа тағы, модустар бар - материяның жеке түрлерiнiң әр түрлi күйлерi мен құрылымдық даму деңгейлерi (жылу өтiмдiлiгi, электрөтiмдiлiгi, тектiлiк т. б.).


Астрономияда, космологияда және физикада Ғаламның “үлкен жарылыс” арқылы пайда болғаны туралы гипотеза бар (18 млрд. жыл бұрын ваакумде жарылыс болды, ол элементарлы бөлшектердiң, олар атомдар мен молекулалардың, макробөлшектер мен макроденелер, жұлдыздар, планеталар, органикалық денелерт. б. тiрi организмдердiн пайда болуына әкелдi).


Философияда дүние жайында бiр неше түсiнiктер бар:


*монистiк концепция: а) материалистiк (Маркс, Ленин); в) рухани субстанцияны мойындайтың- абсолютты идея (Гегель), билiкке ұмтылған жiгер (Ницше), өмiрге деген құштарлық (Швейцер), субъектiнiң экзистенциясы (Бердяев), құдай өлшеуш және өлшейтiн күш ретiнде (Маритен) т. б.*дуалистiк концепция: екi субстанцияны мойындау - қашықтықта созылатың материя және ойлай алатың рух (Декарт).


*плюралистiк концепция: көп бастамаларды мойындау - жер, от, су, ауа, заттардың тамыры (Эмпедокл); бейорганикалық, органикалық, жанды, рухани болмыстар деңгейлер (Гартман).

3. Қозғалыс-материяның ең маңызды, жалпыға ортақ атрибуты, оның өмiр сурү тәсiлi. Дүниеде қозғалыссыз материяның болмайтыны сияқты, материясыз қозғалыстың болуы да мүмкiн емес.


Егер қозғалыс болса, ол “бiрдеменiң” қозғалысы, “ештененiң” қозғалысы емес, қозғалыс “өзiнен өзi” болмайды. Кеңее беретiн Ғаламда планеталар әр түрлi жақтарға “екпiндейдi”, оларды (спутниктар) серiктер айналып жүредi, (кометалар) құйрықты жұлдыздар мен метеориттер жан-жаққа зымырайды, шексiз ғарышта әр түрлi толқындар сейiледi. Органикалық жүйелер де уздiксiз қозғалыста болады: зат алмасу, информация алмасу, ұрықтау және көбейю, қарапайым физиологиялық және күрделi биологиялық өзгерiстер өтiп жатады. Әлеуметтiк жүйе де өзгерiстерге ұшырайды, мұнда ең бiрiншiдең адамның өзгерiстерi және онто - және филогенез процесстерiндегi адамзат өзгерiстерi.


Сансыз көп түрлi заттардың, құбылыстар мен процесстердiң өзара байланысы нәтижесiнде болмыстың бiртұтастығы, тұрақтылығы қамтамасыз етiледi. Сонымен, дүниеде бәрi де, бiрденеге ұмтылып, өзгерiп, болмыссыздыққа өтедi.


Канал спокойной музыки


Қозғалыс дегенiмiз-кез гелген өзара әсер, өзара байланыс, кез келген өзгерiс. Материя өзiн тек қозғалыс арқылы бiлдiрiп, бiздiң санамызға, түйсiк-сезiмдерiмiзге әсер ете алады.

Қозғалыс - материяның өмiр сүру тәсiлi, сондықтан ол да материя сияқты мәңгi, жасанды емес және жойылмайды, сытқы себептер арқылы тумайды, тек бiр формадаң басқасына ауысып отырады, өзi-өзiнiң себебi бола отырып.


Пiкiр: Бәрi де өзгередi, бәрiде ағады. Гераклид


Қозғалыс - үздiксiз орын ауыстыру болып табылады. Т. Гоббс


Әр күн бiр жаңалық тудыратыны, қандай ғажап. Г. Рейхенбах


Сонымен, қозғалыс жалпыға бiрдей және абсолюттi болып келедi. Әр нәрсе бiзге тыныштықта болып көрiнетiн, негiзiнде қозғалыста болады (Жер әр тәулiк бойынша өз осiнен толып бiр айналым жасап отырады, сонымен бiрге жер бетiнде бардың бәрi де қозғалады). Егер қозғалыс абсолюттi болып келсе, оған қарсы- тыныштық салыстырмалы, өткiншi б. т. Тыныштық қозғалыстан бөлек те, бiрге де емес, ол - бар болғаны қозғалыстың бiр сәттiк тұрақтылығы. (жердегi денелер, процесстер мен құбылыстар, әрине, онымен бiрге қозғалып отырады, бiрақ олар Жерге қатысында тыныштық қалпында; адам тыныш, қозғалмай отыр дегеннiң өзiнде оның ой жүйесi жұмыс iстеп тұрады, тыныс алуы, қан айналуы, жүрек соғуы тынымсыз). Сондықтан да қозғалыс абсолюттi, ал тыныштық өзi де - қозғалыс, оның бiр сәттiк тепе-теңдiгi. Тыныштық- бiр жағдайда, бiр қатынаста ғана тыныштық, басқа қатынастардың бәрiнде ол да қозғалыс.


Материяның өмір сүруінің көптеген қалыптары мен түрлері, оның жүйе есебінде ұйымдасуының әр түрлі материалдық деңгейлеріне сәйкес қозғалыстың да сапалық көп түрі болады. Бұл мәселені тереңірек зерттеп, бір арнаға түсірген Ф. Энгельс болатын. Ол материя қозғалысының негізгі бес түрін жіктеді:

механикалық – кеңістікте қозғалып, орын ауыстыру;


физикалық – электромагнетизм, гравитация, жылу, тағы басқалары;
химиялық – атомдар мен молекулалардың затқа айналуы;
биологиялық – тірі организмдердегі зат алмасуы;
әлеуметтік – қоғамдық өмірдегі өзгерістер және ақыл-ой.
Бұл жіктеу өз маңызын әлі сақтап келеді, сақтай да бермек. Сондай-ақ, ғылымның дамуы, адам практикасының жемісі материяның ұйымдасып, жүйеленуінің жаңа сапалық түрлерін аша беретіні сөзсіз. Олар жоғарыдағы жіктеуді толықтырып, тереңдетіп отырмақ.
Қорытынды

Жоғарыда айтылған болмыс туралы ой-пікірлерді жинақтай келе былайша тұжырымдауға болады:


дүние бар, ол шексіз де тұрақты тұтас нәрсе ретінде өмір сүреді;


табиғи және рухани құбылыстар, жеке адамдар мен қоғам – бәрі әр түрлі болғанымен тең өмір сүреді;
дүние – ақиқат және ол адамдардың санасы мен іс-әрекетінен нақты көрініс таба алады.
Уақытында ұлы И. Қант айтып кеткеніндей Құдайдың барлығын, я болмаса жоқтығын ешкім ешқашанда дәлелдей алмайды, ол – ашық сұрақ. Бірақ дүниеде өмір сүріп жатқан тірі адамның жан дүниесі, сана-сезімі, рухы барын ешкім де теріске шығара алмас.
Әлемнің сыр-сипаты, дүниенің түп мағынасы, ішкі мәнін, айнала қоршаған ортадағы заттардың, құбылыстар мен процестердің өзара байланысын, олардың дамуы мен өзгеруін, адамзат қоғамының сан түрлі құпияларын танып білу қажеттігі – «болмыс» деп аталатын кең мағыналы, терең ауқымды философиялық ұғымның тарихи тұрғыдан қалыптасуының басты себебі әрі алғышарты болып табылады.
Қозғалыс – материяның ажырамас, мәнді қасиеті, атрибуты, өмір сүру тәсілі. Ол да материя сияқты жоқтан бар болмайды, жоғалып кетпейді.
Сонда қозғалыс дегеніміз не? Бұл сұраққа жауап бермес бұрын мысалға жүгінейік: атомның құрамында ядро мен электрондар өзара байланысты болатыны белгілі. Оң зарядты ядроның төңірегінде түрлі энергетикалық деңгейлерде теріс зарядты электрондар қозғалыста болады. Атомдардан молекулалар, олардан түрлі заттар құралады. Тірі организмдер өз құрамындағы молекулалардың, клеткалардың және түрлі органдардың байланысы нәтижесінде өмір сүреді. Адамдар арасындағы өзара қатынастар, олардың іс-әрекеттері мен қызметі негізінде қоғамға тән процестер жүріп жатады. Қозғалыстың ішкі өзіне қарама-қарсы бір сәті – тыныштық. Тыныштық қозғалыстан бөлек те, бірге де емес, ол- барболғаны қозғалыстың бір сәттік тұрақтылығы. Материя қозғалыстың бір түрінен екіншісіне ауысып отырады. Дамудың нәтижесінде жансыз материядан жанды материя пайда болады. Жанды материя жансыз материяға айналады. Осының бәрінде тыныштық сәті бар. Жер шары Күнді өзінің орбитасымен айналуда. Жердегі денелер, құбылыстар мен процестер, әрине, онымен бірге қозғалып отырады. Бірақ олар Жерге қатынасында тыныштық қалпында. Адам қозғалмай, тыныш отыр дегеннің өзінде оның ой жүйесі жұмыс істеп тұрады, тыныс алуы, қан айналымы, жүрек соғуы тынымсыз. Сондықтан да қозғалыс абсолютті, ал тыныштықтың өзі де – қозғалыс, оның бір сәті, бір сәттік тепе-теңдігі. Ендеше, тыныштық-салыстырмалы, өткінші. Тыныштық-бір жағдайда, бір қатынаста ғана тыныштық, басқа қатынастардың бәрінде ол да қозғалыс. Материяның өмір сүру тәсілдері
Материяның өмір сүруінің көптеген қалыптары мен түрлері, оның жүйе есебінде ұйымдасуының әр түрлі материалдық деңгейлеріне сәйкес қозғалыстың да сапалық көп түрі болады. Бұл мәселені тереңірек зерттеп, бір арнаға түсірген Ф. Энгельс болатын. Ол материя қозғалысының негізгі бес түрін жіктеді:

механикалық – кеңістікте қозғалып, орын ауыстыру;


физикалық – электромагнетизм, гравитация, жылу, тағы басқалары;
химиялық – атомдар мен молекулалардың затқа айналуы;
биологиялық – тірі организмдердегі зат алмасуы;
әлеуметтік – қоғамдық өмірдегі өзгерістер және ақыл-ой.
Бұл жіктеу өз маңызын әлі сақтап келеді, сақтай да бермек. Сондай-ақ, ғылымның дамуы, адам практикасының жемісі материяның ұйымдасып, жүйеленуінің жаңа сапалық түрлерін аша беретіні сөзсіз. Олар жоғарыдағы жіктеуді толықтырып, тереңдетіп отырмақ.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет