Біздің ауылдың шет жағында еңсесімен көз тарта қоймайтын кішкентай ғана елеусіз бір үй бар. Оның өзгелер сияқты сапырылысып келіп-кетіп жатқан мейманы да жоқ, шалқып жатқан дәулеті мен шаруасы да жоқ



Дата11.04.2020
өлшемі122,27 Kb.
#62204
Байланысты:
тест оқу сауаттылығы

1-мәтін

Біздің ауылдың шет жағында еңсесімен көз тарта қоймайтын кішкентай ғана елеусіз бір үй бар. Оның өзгелер сияқты сапырылысып келіп-кетіп жатқан мейманы да жоқ, шалқып жатқан дәулеті мен шаруасы да жоқ. Осы үйдің құрым киізбен қапталған қара есігінен бірі үлкен, бірі кіші екі адам – әжесі мен әлі мектепке бара қоймаған немересі ғана кіріп-шығып жүреді. Екеуі бір-біріне серік, бір-біріне жұбаныш. Әжесінің асқар таудай тілегі – жұдырықтай немересі, жұдырықтай немересінің асқар таудай арқа сүйері – қушиған кәрі әжесі. Бар байлықтары – екі саулық, бір шыбыш, ала мысық, осыдан үш ай бұрын ғана асырап алған қара күшік. Екеуіне бұдан өзге дәулеттің де, дүниенің де керегі жоқ, тек құдай патшаларға тыныштық берсін, әнебір жаман немере аман болсын. Ел тоқ болса, екеуіне осы байлық та жетеді.



Құлағы салпиған қара күшік түнемеге там айналып шәуілдеп үріп шығады. Әліне қарамай ол да осы үйді қориды, оған да осы үй қымбат. "Өй, әптің құрғыр!" – дейді әжесі тыныш түнде ұйқысыз жатып. Бірақ бұл кею емес, керісінше, оның бұл үнінен: "Үй болып, түтін түтетіп отырғанымызға шүкір. Балам өліп, келінім кетсе де жалғызымның көзіндей боп немерем қалды. Ішіме құса толып, өзіңе тіл тигізген кезім болса кешіре гөр жаратқан, қуартып қу басымды қалдырсаң қайтер едім. Немере сүйдіріп, ит асыратқаныңа, оны шәуілдетіп үргізіп қойғаныңа құлдық" деген жоққа нысап, барға қанағат ризашылық көңілін аңғаруға болар еді. Таң атқан соң бұлар да өзгелер сияқты өз тіршілігіне кіріседі. Екеуі сөйлеп жүріп қорадағы үш малды өріске айдайды, итке быламық қайнатады. Сөйтіп жүргенде иығы бүлкілдеп сары самауыр да қайнап, әжесі дастарқан жаяды. Күнде осы кезде дастарқан басында екі адам отырады. Бірі – жүзін әжім көмген қарт әже, екіншісі – уыздай балғын немере.

Барлық жастық шағы мен балғын дәуірін немересіне сыйлап әже отырады, сол әженің арқасында жетімдік дегенді жете білмей, мәз-мәйрам боп бала отырады. Сәлден кейін көрші кемпірлердің бірі кеп әңгіме құрады, не "шай іш" деп ертіп кетеді. Шаңырағы астында қонақсыз, кісісіз отыра алмайтын қазақ емес пе, біраз кемпір бір үйге жиналып, шөлдемесе де қоңыр әңгіме үшін күрең шайды жайлап тартып отырады. Бәрінің айтатындары – ел тыныштығы, балалары мен немерелерінің амандығы. Кейде бір-біріне өкпе айтады, "Тәшкеннен балаң келгенде бір мейіз де татырмадың ғой сен, қу кемпір" деп өздерінше бұртиған болады. "Біздің қолға да, қарға тышар, тұра тұр, Түркістандағы қызым төркіндеп келсін"… деп қайсы бірі алда тұрған қуанышын айтып, өзінің де қыз беріп, қыз алған шаңырақ екенін әзілдеп болса да байқатып өтеді.

От басында отырып осылайша сырласу, күрең шайды ұрттай түсіп мәслихаттасу кемпірлердің сүйікті сәттері-ау!

Үй іштерімен қанша ренжіссе де, қапаланса да, қуанса да, бәрі-бәрі солардың арқасы екенін айтып, алдымен елге, сонан соң балаларына тыныштық, амандық тілеп, түске жақын орындарынан тұрады. Бұлардан шыққан соң немересін жетектеп Қалампыр әжей де үйіне аяңдайды. Алғашқы сәтте жүрегінің терең түкпірінен белгісіз бір мұң мен жапа бас көтергендей бойын көңілсіздік билейді. Бұл сезім өз үйлеріне келіп, құлыптаулы есік алдында иелерін күтіп жатқан қара күшікті көргенде бұрынғысынан үдей түсетін сияқты. Әсіресе, түн ортасы әлдеқашан ауып, маңайды өлі тыныштық басқанда кәрі сүйектен ұйқы қашып, қай-қайдағыны ойлайды. "Өзекті жанда өлім бар, бір күні көз жұма кетсем, мына жалғызымның күні не болмақ?" – дегенде көкірегі өксікке толып, көз кәбесіне ыстық жас көлкілдеп шыға келеді. "Қазір алсаң да, жас кетіп бара жатырмын демес ем, бірақ, мына қарғам оң-солын танығанша қарайлай тұр, жасаған" – деп немересі үшін өзіне өмір тілейді. Өстіп жатып, әлгіндегі өзі сияқты кемпірлердің тасып-шалқып сөйлеген сөздерін, оларға сапырылысып келіп-кетіп жататын кісілерді еске алады. Сол сәтте жүрегіне белгісіз бір қызғаныш сезімі ұялағандай: "Бізге неге ешкім келмейді? Қашанғы бір үйдің қонағы боламыз, неге қонақ қабылдап, көңіл жадыратпаймыз. Ағайын деген қайда, өзгелердікі сияқты неге араласып жатпайды шіркіндер. Әлде, әбіржітпейік деп аяй ма екен? – деп өз-өзінен таңданады. – Әлде, пейілім тарылып бара ма? Құдай сақтасын, мына немеремнің бір күнгі қуанышынан садаға бәрі де!"



Бірінші азатжолға жуық тақырыпты таңдаңыз.

Дәулеті асқан әже

Бейтаныс үй

Біздің ауыл

Киіз үй

Тіршілік


Әже мен немерені не байланыстырады?

Мақсаттары

Туыстығы

Жекжаттығы

Ағайыншылдығы

Сүйіспеншілігі

Шәуілдеп үрген қара күшігіне неліктен әжей ризашылығын білдіреді?

Немересінің күшігі болғандықтан

Күшіктің дауысы ұнағандықтан

Үйде тірліктің барын білдіргендіктен

Маңайда басқа ит болмағандықтан

Ауылға ортақ күшік болғандықтан

Бірінші азатжолдың үшінші азатжолға қатысы қандай?

Талқылайды

Пайымдайды.

Сипаттайды

Баяндайды

Дәлелдейді

Төртінші азатжолдағы кемпірлер тіршілігін суреттеудегі автор мақсаты қандай?

Қазақтың қонақжайлығын, дархан ниетін көрсету

Балалар, немерелердің арасындағы кикілжіңді көрсету

Күрең шайды ішкен әжелердің әңгімесін көрсету

Кемпірлердің бір-бірене деген реніштерін көрсету

Алыстағы ұл-қыздарына деген сағынышын көрсету



"Қазір алсаң да жас кетіп бара жатырмын демес ем, бірақ, мына қарғам оң-солын танығанша қарайлай тұр, жасаған" деп жалбаруының себебі неде?

Өлімнен қорыққандықтан

Жасы келмегендіктен

Немересінің ержетуін тілейтіндіктен

Өлімнен қашқысы келгендіктен

Ұзақ өмір сүргісі келетіндіктен

Бірінші азатжолдың үшінші азатжолға қатысы қандай?

Талқылайды

Пайымдайды.

Сипаттайды

Баяндайды

Дәлелдейді

Соңғы азатжолда айтылатын ой

Әжесінің қонаққа барғысы келгені

Әжесінің басқаларды көре алмауы

Әжесінің немересін қуантқысы келгені

Әжесінің туысқандарына ренжуі

Немересіне әжесінің шай бергісі келгені

Қорытынды бөлімінде кейіпкердің көңілін алаңдатқызатын жағдай.

Немересінің тірі жетім болып қалуына қам жейтіндігі

Жапанда жалғыз үйде тіршілік етуімен байланысты

Туыстарының көшіп кетуімен байланысты

Қонақ шақырмай көңілі тарылуымен байланысты

Есік алдында үй иелерін күткен күшіктің жағдайы

Мәтіннің тақырыбы қандай?

Арман жетегінде

Сағыныш

Ана қадірі



Сыйластық

Қамқа әжем

« Кейде біреудің орынсыз айтылған сөзіне немесе оғаш мінезіне тіл қатып сөзін шығын қылмай-ақ тәкаппар кескінінде мысқыл жүгіріп бір қарағанда әлгі бүлдіріп алған адам кішірейіп шөгіп қалатын » деген кейіпкер сөзінің мақсаты қандай?

Әжесінің өркөкіректігін көрсету

Әже мінезінің менсінбеушілігін көрсету

Әжесінің тілі өткір екендігін көрсету

Әже мінезінің қаталдығын көрсету

Әжесінің шайпау мінезін көрсету

2-мәтін

Қамқа әжем



Мен өз анамнан жеті жасымда жетім қалдым да, өзі-өзімді білгелі Қамқа әжемнің қолында өстім. Қамқа әжем тура туған анамдай болды, шешемді жоқтатқан жоқ деп айтсам, мүмкін рас та болар. Бірақ… туған шешенің қандай болатынын жөндеп көрмеген адам оның орнын басқан адамды кіммен теңейді? Қамқа әжем елпілдеп көрген жоқ, ең ықыласы түсіп кеткенде басымнан сипап, бауырына бір қысатын да, кейде маңдайымнан иіскеп «бара ғой, қалқам» деп қоя беретін. Сонда да оның мені жақсы көретінін кішкентайымнан-ақ білуші едім. Бала деген сезімтал ғой, кейде үлкенді алдап кететін жерден баланы алдай алмайсың. Қамқа әжемнің сырты қанша салқын болғанмен оның ішінде термосқа құйған астай суымайтын бір ыстығы барын сәби кезімнен сезсем керек. Әйтеуір осы кемпірді өгейсінген кезім болған жоқ, бірақ әжеме еркінсіп, еркелік жасаған кезім де, әй, болмаған шығар. Қанша жақсы көрсем де өзінен кәдімгідей қаймығатынмын.

Жалғыз мен емес, Қамқа әжемнен біздің үйдің іші түгел қаймығатын. Үйдің іші деймін-ау, бүкіл ауылда сол кісінің бетіне келген адам жоқ. Әжем кең сүйекті, бет бітімі де кесек ажарлы кісі. Менің бір байқағаным біздің қазақта неше түрлі, бір-біріне ұқсамайтын ұлттардың бет-бедері бар. Дариға жеңешем бітік көз нағыз корей тәрізді болса, биік қабақты, құс мұрын, ақсары Қамқа әжем Европа елінің әйелдеріне ұқсас.

Ірі жүзді өңінің жылитын кезі сирек, әманда қатқыл. Анау-мынау адамды ықтырып тастайтын тәкаппарлығы да бар. Кейде біреудің орынсыз айтылған сөзіне немесе оғаш мінезіне тіл қатып сөзін шығын қылмай-ақ тәкаппар кескінінде мысқыл жүгіріп бір қарағанда әлгі бүлдіріп алған адам кішірейіп шөгіп қалатын да, ал өзгелері бойын жинап ала қоятын. Әдетте ауылдың үлкен-кішісі болсын, әйел-еркегі болсын «алды қатты кісі» деп қаймығып, Қамқа әжемнің алдында мұнтаздай болатын.

Мәтінде қандай стильдің түрлері кездеседі?

Ауызекі сөйлеу және ғылыми стиль

Көркем әдебиет және ресми стиль

Ресми және публицистикалық стиль

Ғылыми және ауызекі сөйлеу стилі

Ауызекі сөйлеу және көркем әдебиет стилі

Автор мәтінде «алды қатты кісі» тіркесі арқылы әженің қандай мінезін көрсетеді?

Зілді

Сабырлы


Жайсыз

Салмақты


Мінезі ауыр

«Жалғыз мен емес, Қамқа әжемнен біздің үйдің іші түгел қаймығатын. Үйдің іші деймін-ау, бүкіл ауылда сол кісінің бетіне келген адам жоқ» деген үзіндіде автор Қамқа әженің қандай қасиеті туралы айтады?

Әженің тәкаппарлығы туралы

Ауыл адамдарының батылдығы туралы

Әженің жақсы қасиеті туралы

Әженің халық алдындағы беделі туралы

Әженің ел алдындағы жігері туралы

Мәтіннің бірінші абзацы қандай үлгіде жазылған?

Баяндау

Талқылау


Сипаттау

Суреттеу


Пайымдау
3-мәтін
Қазақстан мемлекеті және қоғам қайраткері, есімі түркі дүниесіне ғана емес, күллі әлемге мәшһүр ақын, ана тіліміздің жанашыры Мұхтар Шахановтың 2008 жылы республикалық газеттердің біріне берген сұхбаты

1.Н.Өнерханұлы : ...Әйгілі жазушы Шыңғыс Айтматов екеуіңіздің араларыңыздағы достықты біздің жастарымыз шынайы достықтың үлгісі ретінде қабылдайды. Осы достық қарым-қатынастарыңыз туралы қысқаша айтып өтсеңіз.

М.Шаханов: Ш.Айтматов – күллі әлем мойындаған ұлы жазушы. Шығармалары әлемнің 177 тіліне аударылған. Біз ағалы-інілі адамдардай өте жақын болдық. Ол кісіден айырылу әкем мен анамның қазасынан да ауыр тиді. Екеуміз бірлесіп екі дүние жаздық: біріншісі – ­­­­­­ «Құз басындағы аңшының зары» деген эссе кітап, екіншісі — «Сократты ескеру түні» атты драма. Ш.Айтматовтың енді ешкімге ұқсамайтын екінші ғұмыры басталды. Екеуміз де рух жақындығын, парасат жақындығын ерекше сезінген едік.

2.Н.Өнерханұлы : Қазіргі таңдағы өзіңіз қатарлас ақын-жазушылырдың, қоғам және мәдениет қайраткерлерінің көбісі мемлекеттік сыйлық, марапат алу үшін жанталасып жатады. Ал сіз, керісінше, мемлекеттік сыйлықтан, Халық қаһармандығынан өз еркіңізбен бас тарттыңыз. Бұлай жасауыңызға не себеп болды?

М.Шаханов: Менің өз ұстанымым бар. Адам Отанына, өз анасына жасаған қызметі үшін жылу дәметпеуге тиіс. Отан да өзінің дараланған ұлдарын марапаттап отыруы керек. Бірақ, ол өте әділетті болуы шарт. Бұл күндері бізде кейбір марапатқа ие адамдар ескерусіз жүр, ал қоғамға ешқандай жетістігі жоқ кейбір «пысықтардың» бірнеше орден-медальдары бар деп ойлаймын. Міне, мен солардың қатарында жүргім келмейді. Ал шетелдердің 20-дан астам сыйлықтарын алдым. Көптеген елдердің құрметті докторымын, профессорымын. Аталмыш сыйлықтарды алу себебім, олар біздің елімізге абырой қосады.

М.Шахановтың Шыңғыс Айтматовты ерекше құрметтегенін қандай сөздері арқылы көруге болады?

Айтматовпен бірге бірнеше шығарма жазғанынан

Шыңғыстан айрылу ең жақын адамдардың қазасынан да ауыр тигенінен

Айтматов екеуінің жаны мен рухының жақындығын сезінгенінен

Айтматов екеуі туған бауырлардай болып кеткенінен

Айтматовты жазушы ретінде өзінен жоғары бағалағанынан

Қандай тұжырым мәтіннің кейіпкеріне сәйкес?

1. Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте.

2. Ойы таза адамның жаны таза.

3. Епті адам екі рет асар.

Екінші мен үшіншісі

Біріншісі

Екіншісі


Бірінші мен екіншісі

Үшіншісі


Мұхтар Шаханов несімен ерекше?

данышпандығымен

адал достығымен

ерекше ақылдылығымен

өзіне беріктігімен

асқан дарындылығымен

Журналист Мұхтар Шахановтың қандай әрекетіне таң қалды?

Айтматовпен бірге эссе, драма жазғанына

Мемлекеттік сыйлықтан бас тартқанына

Шет елдердің марапаттарына ие болғанына



Ана тілінің жанашыры екеніне

Әлемге танымал ақын аталғанына

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет