«Тілім менің – тірлігімнің айғағы» қазақ тілі мен әдебиеті пәндері онкүндігінің



Дата12.03.2018
өлшемі213,28 Kb.
#39281
Алматы облысы

Талғар ауданы

Бесқайнар ауылы

№ 20 орта мектеп



«Тілім менің – тірлігімнің айғағы»

қазақ тілі мен әдебиеті пәндері онкүндігінің



қазақ тілі мен әдебиеті

пәндерінің мұғалімдері

2017 – 2018 оқу жылының

20 – 24 – қараша аралығына жоспарланған

«Тілім менің – тірлігімнің айғағы» тақырыбындағы

қазақ тілі мен әдебиеті пәндері апталығының ашылу салтанаты

Мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға қазақ тілі туралы мәлімет беру.

Дамытушылық: Шәкірттердің шығармашылық қабілеттерін арттыру.

Тәрбиелік: Балаларды ана тілін сүйіп, құрметтеуге баулу.

І Алғы сөз.Қазақ тілі пәнінің мұғалімі Қожабергенова Гүлнұр Болатқызы сөз алады.

ІІ. Әдеби монтаж.5-8 сынып оқушылары тіл туралы тақпақтарын оқиды.
1.Ана тілің біліп қой,
Еркіндігің, теңдігің.
Ана тілің біліп қой,
Мақтанышың, елдігің.
 Ана тілің – арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте! (Қ.Мырзалиев)

2.АНА ТІЛІ
Ақыл-ойын адамның
Ана тілден аламын.
Ана тілім ардақты,
Ақ сүтіндей анамның.
Өсірген ой білімді,
Сүйем туған тілімді.
Мақсат етем әр сөздің
Мәнін  терең білуді. (Ә.Табылды)

3. СҮЙЕМ ӨЗ ТІЛІМДІ
Сүйсем өз тілімді,
Боламын білімді:
Өз тілім үйретер,
Өнерді, ғылымды.
Сүйем өз тілімді.  (Әдібай Табылды)

4.АНА ТІЛІ
Мейірі мол балаға
Барлық, барлық анаға,
Басымызды иеміз,
Бабамыздың тілі деп.

Даламыздың үні деп,
Ана тілін2, Ана тілін сүйеміз. (Ш.Сариев)

5.АНА ТІЛІМ
Ана тілім – ұраным,
Ана тілім – құралым,
Ана тілім – болмаса
Мықты болмас тұрағым.
 Ана тілім – елдігім,
Ана тілім – ерлігім.
Ана тілім – болмаса
Бүтінделмес кемдігім.   (С.Кәттебайұлы)

6.АНА ТІЛІНЕ ТАҒЗЫМ


Ана тілі – біздің туған анамыз!
Анамыздай сыйлап, бағып-қағамыз.
Ана тілін бағаласақ, қалай біз
Өзіміздің сондай болмақ бағамыз.
Ана тілін кім аялай білмесе,
“Анасынан безген ұл!” – деп қараңыз.
                                      (М.Әлімбаев)

7.Туған  тілім – бабам тілі - өз тілім.
Туған тілім – анам тілі - өз тілім.

Туған тілім – далам тілі - өз тілім.

Туған тілім – адам тілі - өз тілім.  (Д.Әбілев)

ІІІ.Қорытынды сөз

Құрметті оқушылар, қазақ тілі – біздің ана тіліміз, сол себепті қазақ тілін басқа тілдер арасында ерекше сүйіп қадірлеуіміз қажет. Ана тілімізге деген махаббатты осы онкүндік аясында жоспарланған барлық іс – шараларына белсене қатысу арқылы да білдіре аламыз деген ойдаымн. Сондықтан осы он күнде сендерден белсенділік пен қызығушылықты, мәдениеттілік пен ыждахаттылықты күтеміз.



Ана тілі туралы әндер Ана тілі туралы әндер ӘН-ЖЫР ШАШУ АНА ТІЛІ Сөзі Т.Молдағалиевтікі Әні Қадырбай Аманжоловтікі Бір ауыз сөз үйреніпсің бүгін де, Менің ана тілімде. Қазақ болып туғаннан соң, бөбегім, Қазақ болып өлген жақсы түбінде. Барлық тілді үйренесің сен әлі, Жігіт болып саналы. Қайда жүрсең өз еліңді ұмытпа, Өз еліңнің туын көтер жоғары. Мен анамды ұғындым деп мақтанам, Тілін білдім, жырын білдім сақтаған. Өз анасын сыйламаған пақырлар Отанын да сыйлап көрген жоқ, балам. Ұлым менің, бұл сөзіме бағарсың, Жанар кезде өзің де от боп жанарсың. Менің қазақ жүрегімді ал, тілімді ұқ, Ал басқасын өзің тауып аларсың. ҚАЗАҚ ТІЛІ – ҒАЖАП ТІЛ! Сөзі: Сайлаубай Тойлыбаевтікі Әні:Гүлмира Қаналиеванікі Жанымды, әттең, қажап тұр Көңіл бөл, тілге аз-ақ бір Жүрекпен ұғып, тыңдасаң Қазақтың тілі – ғажап тіл. Қайырмасы Әуені қандай “саз” мұңды Түсіреді еске наз күнді. Атадан қалған қазақтың Мақалы қандай мазмұнды. Өткір тіл, отты жалынды Тербетер мынау жаныңды Қазақтың шешен сөздері-ай Қозғайтын жүрек, қаныңды! Қайырмасы Көкейге нақыл ілінген Іздеймін терең білімнен Қазақтың даңқын көтерген Айналдым қазақ тілімнен. АНАМНЫҢ ТІЛІ – АЯУЛЫ ҮНІ Сөзі Шона Смаханұлынікі Өмірге келдім, Анамды көрдім, Деді ол: “Жаным”, Арайлы таңым. Самал боп желпіп, Жырымен ертіп, Үйретті тынбай, Сол тілін, әнін Қайырмасы: Анамның тілі – Айбыным менің, Анамның тілі – Ай, Күнім менің. Сүйемін байтақ елімді туған, Сүйемін мәңгі өмірді думан. Мектепке келдім, Ұстазды көрдім. Тыңдадым сөзін, Табынып, сүйіп. Анамның тілі – Аяулы үні. Жүрекке нұрын Жіберді құйып. Қайырмасы: Көңілге көрік, Өмірге серік. Әсем ән-жыр, Қайрат, қуатым. Сөйлесем мыңға, Өрлесем шыңға. Анамның тілі- Асыл мұратым. 

 

 






Тамаша тілім барда айнала маң,

Жан бар ма асыл сөзден жайнамаған?

Анамның ақ сүтінен жаралғандай,

Өзіңнен артық тілді қайдан алам!

Анашым ақ бесікті тербеткенде,

Әлдилеп мол мейірімен әндеткенде.

Жаныма шәрбат болып енген тілім,

Табынам әз қасиет бар деп сенде.

Сәбидің бесігінен басталатын,

Әз тілім, неткен таза, асқақ атың?!

Ардақтап ана тілдің мөлдір үнін,

Жыр жазып, ән айтайық аспандатып.

Шетқақпай шерменде боп тілім енді,

Тағдырың жүрегімді тілімдеді.

Дүбәра, тіл білмейтін туысқаным.

Ұялтып жүрсің әбден бүгін мені.

Ағайын, бұл – базына өтінішім,

Жаутаңкөз ана тілдің өкініші.

Басында мәртебе бар өз тіліңді

Аялап қатарға қос, үлкен-кіші!

Анамның ақ сүтіндей қасиетің,

Сол үшін жөніміз бар бас иетін. Өзіңсің.

Сенің ғана құдіретің,

Болашақ қазақтарды өсіретін.



Ана тілім 
Ана тілім, 
Жүрегісің анамның. 
Жүрек-ана, 
Мен өзіңнен жаралдым. 
Сағат сайын саулығыңды тілеймін, 
Сенсіз мынау керегі не ғаламның! 
Сенің әр бір тынысыңмен күн кешем, 
Сен арқылы тіршілікпен тілдесем. 
Ел бетіне қалай түзу қараймын, 
Ана тілім, 
Егер сені білмесем. 
Сенің арқаң дүниеден сыр ұқсам, 
Сенің арқаң жүзіп ішсем тұнықтан. 
Туған анамды ұмытқаным емес пе, 
Туған тілім, 
Егер сені ұмытсам. 
Сенің арқаң өзімді өзім түсінсем, 
Ақыл-ойым, айбатым-сен, күшім-сен! 
Қойсын маған күннің нұры түспей-ақ, 
Ана тілім, 
Арыңа дақ түсірсем. 
Ағытатын тасқын ойдың тиегін, 
Өзің ғана сыйынатын киелім! 
Ризамын отқа жанып сен үшін, 
Күлге айналып кетсін мейлі сүйегім. 
Ана тілім, дана тілім, бақ тілім, 
Сенсіз бақыт дүниеден тапты кім? 
Сенсің менің қуанышым, шаттығым, 
Сенсің менің тазалығым, пәктігім. 
Ана тілім, 
Алтын ұям, құндағым, 
Ақ бесікте әлдиіңді тыңдадым. 
Сенің жырың, сенің әнің айтарым, 
Санам сөніп, байланғанша тіл-жағым! Несіпбек Айтұлы


Қуатым – ана тілім


Қазағым, қайда жүрсең біл тіліңді,
Айтады ана тілсіз кім түбіңді?
Қайсыбір қандастарым шүлдірлесе,
Жүрегім біз сұққандай мың тілінді.
Қуатым – ана тілім ақ сүт берген,
Жан емен, сен бар кезде қаңсып көрген.
Өлеңде топқа түссем, өзіңсің ғой,
Әперген маған орын ашып төрден.
Қалса егер, жалғыз сәтке қалғып тілім,
Дей бергін ауа жетпей, қарлықты үнім.
Сен барда терезем тең, еңсем биік,
Қасында тұрсам-дағы қай мықтының!
Ардағым, ана тілім - жан мерейім,
(Жүзіңнен әрқашан да таң көрейін).
Сен болсаң, көш бастаушым келешекке,
Соңыңнан көзім жазбай, мәңгі ерейін.
Төбемде тұса сенің жанып нұрың,
Демеймін сөз сөйлеуден жалықты ұлың!
Түсінгін ардақ тұтқан ана тілім,
Екенін жан сырымның анық мұның! Мінуар Әкімханов

Ана тілдің арызы

Нарық деп саудаға бас салып кеттің,
Заманның көшіне еріп лағып кеттің.
Арыңды айыр тілдер арбап алып,
Ана тілің, мына мен қалып кеттім.

Қалып кеттім қара байыр тірлігінде,
Абылайдың алты ауыз бірлігінде
Қалып кеттім Төле,Әйтеке,Қазыбектің
Үш жүзге айтқан үш ауыз билігінде.

Қалып кеттім Зере әже ырымында 
Қыз Жібектің жыр болған бұрымында
Сүінбайды сүйсінтіп сайрап қалдым
Жамбылымның жүз жылдық ғұмырында

Аттан салған Алаштың ұраны едім
Сәкен Мағжан Ілияс Тұрар едім 
Даланды шексіз шырқап жырлап кеткен
Ақан Әсет Біржанның бір әні едім

Ана тіл – сізге Алланың қатқан үні
Ойланшы қазақ осы айтқанымды
Тілінді тірек тұтшы туған елім
Таниын десең көкте Хақ Тәңірді

Оразақын Асқар

Үйрен ана тіліңді

Өз тіліңсіз көрсең де өз күніңді,
Өз тіліңсіз болсаң да асқан білімді,
Өз халқыңның бола алмайсың перзенті
Білмей тұрып туған ана тіліңді.
Әлдеқалай жоғалтса ана баласын,
Бала іздеп таппай ма өз анасын.
Өгей шеше секілді өзге тіл де өгей,
Өз тіліңмен тап ертерек жарасым.
Сенде айып жоқ, тілің де емес кінәлі,
Көз жетті оған ешкімнің жоқ күмәні.
Үйренбесең, өз тіліңді білмесең
Жазықсыз-ақ жазғырып ел тұрады.
Көрінесің көзге шыққан сүйелдей,
Сұрақтар да шаншу болып тиер кей.
Құтылмайсың барлық тілді білсең де
Өз тіліңнің көмегіне сүйенбей.
Қаның, жаның, қазақы ұлттық түрің бар,
Сенен үлгі алар қыз бен ұлың бар.
Азаматы болдың азат халықтың
Тәуелсіз ел, мәртебелі тілің бар.
Адамбыз ғой тіл бітірер тасқа да,
Тіліңді үйрен, өзінді-өзің басқара.
Өзге ұлттың өкілінің қазақша
Сөзін ұқпай қалып, болма масқара!

АНА ТІЛІМ

Ана тілім –
Анам тілі болғаннан,
Ана тілім - 
Бабам тілі болғаннан,
Далам тілі,
Балам тілі болғаннан,
Арғы-бергі Заман тілі болғаннан ...
Темірқазық жұлдызым деп ұқтым мен,
Жаза басып,
Жаңылыссам жолдардан,
Бағыт сілтеп,
Бағдарымды оңғарған!

Тірлігімнің,
Бірлігімнің нәрін мен
Жұтар ауам,
Ішер суым, дәміммен –
Тіл деп ұқтым,
Тіл деп ұқтым бәрін мен
Құдыретті тәңірден!

Жара түссе жазатайым жаныма
“Айналайын!” деген сөзден табылды ем.
“Тіл өлгеннен - өлмейді адам”, - дегенді
Көп естідім,
Бірақ оған мен енді
сенген жоқпын,
Тілсіз, ділсіз адамдар
көкірегі – көр, сезімі – тас керең-ді,
Көре алмайтын Биіктікті,
Ұға алмайтын Тереңді!

Сусыз, нұрсыз өспейтіндей гүл,
Тілсіз, жырсыз тіршілік те тұншығар.
Аспан, Жердің амандығын апаттан
Сақтап тұрған қасиетті Тіл шығар,
Тіл болмаса үнсіздікке кім шыдар?

Жалғасқанда жақсылықтың жолы әман,
Дүние – думан,
Шалқып – толқып толар ән.
Сырым – жырым,
Әнім – күйім,
Зар – мұңым,
Қуанышым – бұла күшім,
Таң нұрым –
Бабам тілі,
Анам тілі, бол аман

Қазақ тілі,

М.Жұмабаев
Күш кеміді, айбынды ту құлады, 
Кеше батыр - бүгін қорқак, бұғады. 
Ерікке ұмтылған ұшқыр жаны кісенде, 
Қан суынған, жүрек солғын соғады.

Қыран құстың кос қанаты кьірқылды, 


Күндей күшті күркіреген ел тынды. 
Асқар Алтай - алтын ана есте жоқ, 
Батыр, хандар - асқан жандар ұмытылды!

Ерлік, елдік, бірлік, қайрат, бақ, ардың - 


Жауыз тағдыр жойды бәрін не бардың... 
Алтын Күннен бағасыз бір белгі боп, 
Нүрлы жұлдыз - бабам тілі, сен қалдың!

Жарық көрмей жатсаң да ұзақ, кен-тілім, 


Таза, терең, өткір, күшті, кең тілім, 
Таралған түрік балаларын бауырыңа 
Ақ қолыңмен тарта аларсын сен, тілім!

Тіл


Мін тағып ес білгелі "достың" көбі,
Барымды басқаша етіп кескіндеді.
Бермесем өзім жайлы өзім айтып,
Білсем деп жүрген де жоқ ешкім мені.
Жатпай ма ел: "түсі игіден түңілме", - деп
Бір жанмын білім де көп, мінім де көп,
Кетер ем баяғыда бақытты боп,
Келеді жібермей-ақ тілім бөгеп.
Туғалы тура сөзден іркілмеген
Дерт болып жабысқалы бұл тіл деген.
Жамандап мені біреу оңған емес,
Ешкімнен болған емес күлкім де кем.
Болған да жеріміз жоқ елден ығыр,
Өтуде ертелі-кеш төрде ғұмыр,
Қызыл тіл ақиқаттың ақ жолынан
Ауытқып,ала қашып көрмеді бір.
Бәрі де еркінде ғой бір алланың,
Мен оны басқа жаққа бұра алмадым.
Сұм десе, сұмырай десе иек қышып,
Тұрады көре сала ұрандағым.
Түгі жоқ демеңіздер қызығарлық,
Жарасып жақсы жердің қызын алдық.
Ермедім ырқына да майда тілдің,
Көрмедім "ой, кәпірдің" ізін аңдып.
Сөзіме құлақ түріп жүрген бала,
Сен неге жалт қарадың күлмең қаға.
Ол рас,сорымды да, бағымды да
Тапсам мен - тауып жүрмін тілден ғана! (С.Иманасов)

Қазақ тілі – қазақтың ана тілі, 


Бірақ оған адам аз бас иетін. 
Қазақ тілі – қазақтың дара тілі, 
Кейбіреулер түсінбес қасиетін. 
Кейбіреулер өз тілін шұбарлайды, 
Орыс тілі сіңген ғой санамызға. 
Неге олар «тілім» деп қуынбайды, 
Шынымен-ақ басқа боп барамыз ба? 
Бұл менің ұлтты сүйген өздік ойым. 
Өз тілімде керемет ақыл –ойым.
Қасиетті қазақ тіл – бабам тілі, 
Ол тарих, сенің, менің абыройым!

Туған тілім - ана тілім

Туған тілім-бабам тілі-өз тілім, 
Туған тілім-анам тілі-өз тілім. 
Туған тілім-далам тілі-өз тілім,
Туған тілім-адам тілі-өз тілім. 
Туған тілде сыры терең жаным бар, 
Туған тілде әнім менен сәнім бар. 
Туған тілім тіл болудан қалса егер 
Жүрегімді суырып-ақ алыңдар. 
Сүйемін туған тілді – анам тілін, 
Бесікте жатқанымда-ақ берген білім. 
Шыр етіп жерге түскен минутымнан 
Құлағыма сіңірген таныс үнім. 
Ең бірінші сол тілмен сыртқа шықты, 
Сүйгенім, сүйсінгенім, жек көргенім.

Ана тілім

Ана тілім, Жүрегісің анамның. 
Жүрек-ана, Мен өзіңнен жаралдым. 
Сағат сайын саулығыңды тілеймін, 
Сенсіз мынау керегі не ғаламның!
Сенің әр бір тынысыңмен күн кешем, 
Сен арқылы тіршілікпен тілдесем. 
Ел бетіне қалай түзу қараймын,
Ана тілім, Егер сені білмесем. 
Сенің арқаң дүниеден сыр ұқсам, 
Сенің арқаң жүзіп ішсем тұнықтан. 
Туған анамды ұмытқаным емес пе, 
Туған тілім, Егер сені ұмытсам. 
Сенің арқаң өзімді өзім түсінсем,
Ақыл-ойым, айбатым-сен, күшім-сен!
Қойсын маған күннің нұры түспей-ақ, 
Ана тілім, Арыңа дақ түсірсем. 
Ағытатын тасқын ойдың тиегін, 
Өзің ғана сыйынатын киелім! 
Ризамын отқа жанып сен үшін, 
Күлге айналып кетсін мейлі сүйегім. 
Ана тілім, дана тілім, бақ тілім, 
Сенсіз бақыт дүниеден тапты кім? 
Сенсің менің қуанышым, шаттығым, 
Сенсің менің тазалығым, пәктігім. 
Ана тілім, Алтын ұям, құндағым, 
Ақ бесікте әлдиіңді тыңдадым. 
Сенің жырың, сенің әнің айтарым, 
Санам сөніп, байланғанша тіл-жағым! 

Қуатым – ана тілім Қазағым, 


қайда жүрсең біл тіліңді, 
Айтады ана тілсіз кім түбіңді? 
Қайсыбір қандастарым шүлдірлесе, 
Жүрегім біз сұққандай мың тілінді. 
Қуатым – ана тілім ақ сүт берген,
Жан емен, сен бар кезде қаңсып көрген. 
Өлеңде топқа түссем, өзіңсің ғой, 
Әперген маған орын ашып төрден. 
Қалса егер, жалғыз сәтке қалғып тілім, 
Дей бергін ауа жетпей, қарлықты үнім. 
Сен барда терезем тең, еңсем биік, 
Қасында тұрсам-дағы қай мықтының! 
Ардағым, ана тілім - жан мерейім, 
(Жүзіңнен әрқашан да таң көрейін). 
Сен болсаң, көш бастаушым келешекке, 
Соңыңнан көзім жазбай, мәңгі ерейін. 
Төбемде тұса сенің жанып нұрың, 
Демеймін сөз сөйлеуден жалықты ұлың! 
Түсінгін ардақ тұтқан ана тілім, 
Екенін жан сырымның анық мұның! 
Ана тілім, жүрегісің анамның, 
Жүрек ана, мен өзіңнен жаралдым. 
Сағат сайын саулығыңды тілеймін, 
Сенсіз маған керегі жоқ ғаламның. 
Сенің арқың қанып ішсем тұнықтан, 
Сенің арқың дүниеден сыр ұқсам. 
Анашымды ұмытқаным емес пе? 
Ана тілім егер сені ұмытсам. 
Сенің әрбір тынышыңнан күн кешем, 
Сен арқылы тіршілікпен тілдесем. 
Ел бетіне қалай тура қараймын, 
Ана тілім егер сені білмесем.

Қазақ тілі


Сүйемін туған тілді – анам тілін,
Бесікте жатқанымда-ақ берген білім
Шыр етіп жерге түскен минутімнен
Құлағыма сіңірген таныс үнім.

Сол тілмен шешем мені әлдилеген,


Еркелеткен, «құлыным», «жаным» деген
Сол тілменен бірінші білгізілген:
«Ана» деген сүйгендік сөз әм менен

Қылжықтап, алып қашып құрбы бөркін


Сол тілменен ойнадым далада еркін
Сол тілменен бірінші сыртқа шығып
Өмірде ен далада ұққан көркім.(С. Торайғыров)

Үш бақытым


Ең бірінші бақытым - Халқым менің,
Соған берем ойымның алтын кенін.
Ол бар болса, мен бармын, қор болмаймын
Қымбатырақ алтыннан нарқым менің.
Ал екінші бақытым - Тілім менің,
Тас жүректі тіліммен тілімдедім.
Кей-кейде дүниеден түңілсем де,
Қасиетті тілімнен түңілмедім.
Бақытым бар үшінші - Отан деген,
Құдай деген кім десе, Отан дер ем!
...Оты сөнген жалғанда жан барсың ба?
Ойланбай-ақ кел-дағы от ал менен.
Түтін түтет,
Өс, өрбі, көгере бер,
Немерелер көбейсін, шөберелер.
Жадыңда ұста,
Жақсылық күтпегейсің!
От емес, оқ сұрасаң менен егер!
Үш бірдей бақытым бар алақанда,
(Мені мұндай бақытты жаратар ма!)
Үш күн нұрын төгеді аспанымнан,
Атырау, Алтай, Арқа, Алатауға!!!
(М. Мақатаев)

АНА ТІЛІҢ – АРЫҢ БҰЛ

Ана тілің біліп қой,
Еркіндігің, теңдігің.
Ана тілің біліп қой,
Мақтанышың, елдігің.

Ана тілің – арың бұл,


Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте!

Қ.Мырзалиев

Cырбай Мәуленов

Қазақ тілі

Орта жолда бүріп тастап оқ құзғын,
Құлап жаттым құшағында көк мұздың.
Қасіретімді
қазақ тілін қанат қып,
Төрт бұрышты дүниеге жеткіздім.
Көкірегінен атылса да оқ күздің,
Жаз етіп мен күздің өзін өткіздім.
Шаттығымды
қазақ тілін қанат қып,
Төрт бұрышты дүниеге жеткіздім.
Сол тілменен дүниені атадым,
Таптым бүкіл тіршіліктің атауын.
Жатты онда уыз сүті ананың,
Жатты онда аманаты атаның.
Сол тілменен махаббатша тіл қаттым,
Сол тілменен талай гүлді жырлаттым.
Сол тілменен сәбилерді сөйлетіп,
Талайлардың көз жастарын құрғаттым.
Сол тілменен аспан көрдім,
жер көрдім,
Сол тілменен көгершінге жем бердім.
Сол тілменен дүниеден кетемін,
Сол тілменен дүниеге мен келдім.

Жұбан Молдағалиев

Қазақ тілі

Жалпақ та жапан далада


Жүріпті қазақ шашылып.
Жыл озған сайын арада
Алшақтап жігі,
Ашылып.
Жерленген әсем қалалар.
Мүжілген, шөккен
Таулар да.
Шұбарлап түзді,
Алалап
Шеру сап өткен жаулар да.
Өтіпті уақыт қызулы.
Теңіздер қайнап, түнғандай.
Жоқ жерде жазу-сызуы
Бір тілден
Он тіл туғандай.
Бір тілден
Он тіл туғандай,
Рулар, жүздер баяғы,
Босыпты дауыл қуғандай
Секілді дала саяғы.
Таласа бәрі аяқтан,
Басына хабар жетпеген.
Басына тисе таяқтар,
Аяқтан қолы
Кетпеген.
Жау тисе сырттан өріске,
Салыпты бүлік
Бәрі іште,
Пана да түскен бөліске.
Ана да түскен бөліске.
Бүтіндік, бірлік
Ерсі боп,
Жатқанда мал-жан енші боп.
Тілімі ғана тұрыпты
Елші боп әрі емші боп.
Сол ғана калған бөлінбей.
Бөліске түсер кезде ондай.
Сол ғана қалған бөлінбей -
Жүректей,
Күндей,
Ождандай.
Сол ғана қалған бөлінбей,
Күндерде қара көмірдей:
Жалғызбын, деген, өмірдей.
Ортақпын, деген өлімдей.
Сол тұрған
Дәндей теріп ап
Қазақпын деген жүректі.
Замандар түрлі теліді ат,
Жеңген жоқ,
Бірақ жүдетті.
Кезі жоқ оның сарқылған.
Кем еді көзі бірақ та.
Теңіздей бүтін
Шалқыған,
Қор алып сансыз бұлақтан.
Өзі де көпке құяды
Тілдерге тілін жалғайды.
Төл оған әлем қиялы,
Жоқ оған жердің шалғайы.
Жасарып дана қария
Көрген жоқ мұнша өндір боп,
Көрген жоқ көне дария
Мұнша ұжым, мұнша мөлдір боп
Қанша жұрт тілін үйренсең,
Сол ғұрлы ана тілің шат
Үйрен де жирен, жиренсең,
Өнерді дейді білу шарт.
Ұқпасам өз тіл - анамды
Ұлыңмын деуім әңгілік.
Сәуле боп тұрсын санамда
Әлдиі, үні мәңгілік.
Білмесін-білсін түсімнен,
Ұқпасын-ұқсын түрімнен,
Танысын дүние ісімнен,
Танысын туған тілімнен.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет