Тіндердің шығу тегі мен дамуының заңдылықтары. Тіндердің жіктелуі. Жүйе түзетін факторлар және оның тіндердің тұрақтылығын қамтамасыз ету механизмі. Тіндердің өзгергіштігі
Тіндердің шығу тегі мен дамуының заңдылықтары. Тіндердің жіктелуі.Жүйе түзетін факторлар және оның тіндердің тұрақтылығын қамтамасыз ету механизмі.Тіндердің өзгергіштігі
Тін (лат. textus, грек. hіstos)– адам мен жануар организмінде болатын, шығу тегі, құрылысы және атқаратын қызметі ұқсас жасушалар жүйесі. Тіннің құрамына жасуша тіршілігі өнімдері – жасушааралық заттар мен құрылымдар да кіреді. Тін біржасуша жануарларда ғана болмайды. Ішек қуыстылардан бастап тін айқын жіктелген.
Тіндердің шығу тегі
Ұрықтық дамудың 2-3-аптасында ұрық жапырақшалары мен мезенхиманың дифференциялануы жүзеге асады.3-аптаның басында ұрық денесіндегі жасушалардың біразы тіндердің бастамасы мен ұрықтың мүшелерін түзуге қатысады.Ұрық тіндердің түзілуі детерминация және коммитировтік жолдармен өтеді. Детерминация-бұл жасушалар мен тіндердің генетикалық бағдарланған даму жолы.Бұл процесте тіндердің біраз түрлері ғана дамиды.Коммитировтік процесі жасушалардың жүйелі түрде дамуы болып табылады. Сосын дифференциялану процесі жүреді.Дифференцияланудың төртінші-гистогенетикалық дифференциялану сатысында ұрық тіндері дамиды.Ұрықтың бір жапырақшасынан әртүрлі тіндер бастамасы түзіледі.М:мезодерманың сомитінен бірнеше тіндер бастау алады.