Тыныс алу мүшелерінің құрылысы. Тынысалу деп



Дата07.02.2022
өлшемі485,64 Kb.
#87284
Байланысты:
прещентация


Тыныс алу мүшелерінің құрылысы.
Тынысалу деп организм мен сыртқы орта арасындағы оттек түсіп, көмірқышқыл газының шығарылуымен байланысты жүретін газ алмасу процесін айтады.Адам аштыққа, шөлге, ұйқысыздыққа шыдай алуы мүмкін бірақ, адам ауасыз бір минутта өмір сүре алмайды. Биологиялық тұрғыда тыныс алу дегеніміз мүшелер мен қоршаған ортаның арасындағы газ алмасуды айтады. Жер бетіндегі тіршілік ететін тірі ағзалардың барлығы тыныс алу кезінде оттегін қабылдап, көмірқышқыл газын бөледі. Ағзаның әрбір жасушасының жұмысы(бұлшық еттердің жиырылуы, тердің, сілекейдің бөлінуі, қозудың берілуі) энергияны жұмсауға тікелей байланысты
Энергия ағзалық заттардың тотығуы мен ыдырауынан босап шығады. Тотығуға оттегі жұмсалады. Ағзада оттегінің қоры болмайды. Ағза тыныс алғанда оттегін қабылдайды, ыдырау өнімдері ағзадан сыртқа шығарылады. Тыныс алу мүшелері, қан айналым жүйесі, ағза мен қоршаған орта арасындағы газ алмасуды қамтамасыз етеді. Ағзалық заттардан энергия босау үшін оттегі қажет.

1слайд




 

 
Мұрын қуысының құрылысы. Ауа танау тесіктері арқылы кеңсірікке барады. Кеңсірікті сүйекті - шеміршекті перде оң және сол жақ жартыға бөліп тұрады. Кеңсіріктің қабырғаларын эпителий ұлпасынан түзілген кірпікшелері мен түктері бар сілекейлі қабықша қаптайды. Онда көптеген ұсақ бездер болады. Безді жасушалардан бөлінген шырыш шаң мен тозаңдарды ұстап қалады. Әрі ауа ылғалданады. Сілемейлі қабықша қантамырларына бай. Мұрын қуысындағы ұсақ көптеген қантамырлардың әсерінен ауа біршама жылынып, одан әрі өтеді. Қан жасушалары - лейкоциттер мұрын қуысына енген микробтарды жояды.Кеңсіріктің жоғарғы жағында түрлі иістерді қабылдайтын иіс сезу жүйкелерінің ұштары орналасады. Мұрын қуысы ішкі танау тесігі арқылы жұтқыншақпен жалғасады. Жұтқыншақта асқорыту және тыныс алу жүйелерінің жолы түйіседі. Тамақ жұтқыншақтан өңешке, ауа жұтқыншақ арқылы көмекейге өтеді. Жұтқыншақ әрі асқорыту, әрі тыныс алу мүшелер жүйесіне жатады.
Көмекей - мойынның алдыңғы жағында орналасқан іші қуыс шеміршекті мүше. Оның ішкі бетін сілемейлі қабықша астарлап жатады. Қабырғасы 3сыңар, 3жұп шеміршектерден түзілген. Ірі шеміршектеріне: төменгі бөлігіндегі сақина тәрізді, алдыңғы жағы мен бүйіріндегі қалқанша тәрізді, үстіңгі жағындағы көмекей қақпақшасы жатады. көмекейдің артқы жағында 3жұп майда шеміршектер болады.
Дыбыс сіңірлерінің арасындағы кеңістікті дыбыс саңылауы дейді.
Адам дем шығарғанда дыбыс саңлауы тарылып, дыбыс шығады. Дыбыстың шығуы адам сөйлегенде ауа ағынының дыбыс сіңірлерін тербетуіне байланысты. Дыбыс сіңірлері неғұрлым ұзын болса, оның тербелісінен жуан дыбыс шығады. ер адамдардың көмекейі үлкен, дыбыс сіңірлері ұзын, дауыстары жуан. Мойынның алдыңғы жағындағы ең ірі қалқанша шеміршектің үлкен үшкір түйіні жұтқыншақ шодыры деп аталады. Ер адамдарда көмекейдің орташа ұзындығы 44мм. Әйелдердің көмекейі кішілеу, дыбыс сіңірлері қысқа болғандықтан, дауысы жіңішке болады, оның орташа ұзындығы 36мм. Ауыз қуысында дыбыс шығаруға тіл, ерін, жақсүйектері қатысады.
Кеңірдек – көмекейдің жалғасы, іші қуыс түтік пішінді шеміршекті мүше. Ол өңештің алдыңғы жағында орналасады, ұзындығы шамамен 9-12см, ал диаметрі 15-18мм. Кеңірдектің алдыңғы қабырғасы бірімен - бірі сіңірлер арқылы өзара байланысқан жартылай шеміршекті сақиналардан тұрады.
Кеңірдек 5-ші арқа омыртқасының тұсынан оң және сол жақ өкпеге баратын 2 ауатамырға тармақталады. Ауатамыр кеңірдектің жалғасы. Ішкі беті сілемейлі қабықшамен қапталған. Ауатамырлары өкпеде өте көп тармақтарға бөлінген. Ең жіңішке тармақтары ауа тамырлық тармақшалар деп аталады. Альвеоланың диаметрі 0, 2 - 0, 3мм, қабырғалары бір қабат эпителий жасушаларынан тұрады. Өкпе көпіршіктерінің сыртын тұтас қылтамырлар торлап жатады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет