1-тапсырма
Маған бір пікірталас бағдарламаларының ішінде ойып тұрып жол салып кеткен ток-шоу “Айтуға оңай” сияқты көрінеді. Әрине, өкінішке орай, қазір жұмысын тоқтатты. Бірақ сол бір өзінің бастамасымен ары қарай 5 жыл отандық каналда небір еңбектер жасалған-ды. Миллиондаған көрермендер қоғамдағы беті ашылмаған талай шындыққа, тағдыр тәлкегіне түскен небір адамдардың аянышты хәліне, барлық саладағы қордаланған мәселелердің өткір талқысына куә болды.
Тіптен бас жүргізушісі Бейсен Құранбектің де сағынып жазған сөздері,бұл бағдарлама деген махаббатының айғағы болып саналады:
“Бес жылдың ішінде қоғамдағы қордаланған проблемалар, қиюы кетіп тұрған әлеуметтік-тұрмыстық мәселелер, талайлы тағдырлар туралы айтудай-ақ қайттық. Жәй ғана айтып қоймай, қолдан келгенше сүрінгенге-сүйеу, жығылғанға – жастық болдық.
Осылай жалғастыра берсек те болатын еді. Қалыптасқан, елдің көңілінен орын тапқан бренд, форматты ары қарай да қолдана беруге болатын еді. Бірақ әр нәрсенің уақыты бар, әр нәрсенің өлшемі бар. Одан кейін қайталау, ұсақталу, кері кету басталатыны белгілі.
Жеке өзім үшін де бұл шешім оңайға түскен жоқ. Құдай өмір берсе сағынышпен ескен алатын бір кезең артта қалып барады”.
2-тапсырма
1.Менің қолыма әлдеқандай билік келіп,бейне-бір бағдарламаның басшысы болып жатсам,сол ток-шоуды мен сондай бір дебатқа жақын мағынада қарастырар едім.Бірақ,тек классикалық мағынадағы дебат емес,спикерлер жайлы креслоларында отырып,қағазсыз,қаламсыз бір әлдене тақырыпты қозғаса ғой деген ой.Бұның сондағы мағынасы,әлдене түсінікті, адам өз санасымен ойланып,солай жауап берсе,бұл қатаң айтқанда:”шпаргалкалардан” басымырақ болып табылады.Тыңдаушының да жүрегіне ой салады,себебі сол спикердің ойы,бірден мидан ғана емес,түгел сана жүйесін ойлатып шыққан дүние.Бұл негізінен подкастқа жақын бағдарлама,бірақ жүргізуші болмайды,тек сол спикерлердің арасындағы талқылас.Тіптен,қызығырақ ету үшін бөлек бір екі адамды сол бір екі топтың ішіне түсірмей,тіптен бөлек әңгіме қоздыруына болады.Менікі қазір, әрине әлі шала-мала ойлар,бірақ болашақта жалғасын табар деген үміттемін.
2.Маған өзіме бақырып-шақырып,түкке де қажетсіз,бір ой десе ой қозғалмайтын,тек сол біреуді сүю,ақша ұту,анау-мынау,тірлікке жаны үріп тұратын тақырыптар ұнамайды.Ең біріншідег,осы жұмысты қолға алар едім.
3.Мен негізінен екі бір бөлек түсініктері бар адамдардың пікірталастарын көргім келеді. Мысалға, мынау адам аспанда қалықтап ұшып жүретін ұшқышта, ал мынау адам теңіздің түбінде қалықтап, небір нәрселерді зерттейтін зерттеуші. Міне, енді екеуі өздерінің жұмысы неге ұнайтынын, қандай қиындықтар болатынын, небір бастан кешкен қызықты қызықты оқиғаларын айтып берсін.Осылай тыңдаушыда сол бір ұшқыштық әлде зерттеушілік мамандықтарымен танысып,тіптен ұнатып, өміріне колоссально өзгерістер енгізуі мүмкін. Осығанда ұқсатып небір түрлі түрлі, бір-бірінен аулақ, ұқсамайтын адамдарды әкеліп пікірталас жүргізуге болады.
3-тапсырма
Қазіргі мына карантин де біреулермен пікірталас жүргізуден алшақтап кеттік.
Достарыңызбен бөлісу: |