Тұлға әлеуметтануы. Өмір әлеуметтенуі: институттар мен процестер



Дата07.02.2022
өлшемі13,32 Kb.
#86600

Тұлға әлеуметтануы. Өмір әлеуметтенуі: институттар мен процестер.
Тұлға-адамның қоғамдық санасы мен мінез-құлықты, адамзаттың қоғамдық-тарихи тәжірибесін меңгеруде қалыптасқан адамның әлеуметтік-психологиялық мәні. Тұлға болу дегеніміз-белсенді түрде өмірлік позицясы бар және таңдау жасай білу өзі қоғамның алдында жауап беру, үнемі өзін-өзі және өзгелерді құруға түрлі әдіс, тәсілдерді меңгеріп өз мінез құлқын реттеуші.
Тұлға әлеуметтануы– жеке адам – әлеуметтік өмірдің қайнар көзі, оның шынайы әрі жалғыз қайраткері және дамытушысы, әлеуметтік өмірдің, әлеуметтік әрекеттестіктің, институттардың және тағы басқалардың бөлінбес бөлшегі ретінде қарастырады.
Қоғам –ол шағын жүйелерден тұрады. Сол жүйелердің бірі әлеуметтік институттар. Латын тілінен аударғанда "құрылғы" деген мағынаны береді. Әлеуметтік институт дегеніміз әлеуметтік өмірдің бір тұтас салаларын басқаратын символдар, сенімдер, құндылықтар, нормалар, рөлдер мен статустардың тұрақты және интеграцияланған жиынтығы. Әлеуметтік институттар қоғамның тұрақтылығын сақтайды және әлеуметтік қажеттіліктерді қанағаттандырады. Әлеуметтік институт туралы сипаттаманы Торстейн Веблен 1899 жылы шыққан "Теория празного класса" атты еңбегінде береді.
Негізгі әлеуметтік институттар: экономика, саясат, білім (ғылым мен мәдениетті қоса отырып), отбасы, дін. Әлеуметтік процесс – кез келген әлеуметтік объектінің, әлеуметтік жүйеленген элементтердің ауысып тұратын қозғалысы немесе күйі.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет