Түлкібас ауданы, Састөбе ауылы Макаренко атындағы жалпы орта мектебі Бастауыш сынып мұғалімі



Дата18.03.2017
өлшемі43,79 Kb.
#11789
түріСабақ
Түлкібас ауданы, Састөбе ауылы

Макаренко атындағы жалпы орта мектебі

Бастауыш сынып мұғалімі

Сейсембаева Нұржамал

Пәні: ана тілі

Сыныбы: 2

Ашық сабақ
Тақырыбы: Қоңыр қозы
Сабақтың мақсаты: әңгіменің мазмұнымен таныстыру. Мұхтардың

балалық шағынан мағлұмат беру. Жүйелі сөйлеуге, өз

ойларына қорытынды жасай білуге дағдыландыру.

Сабақтың көрнекілігі: Абай Құнанбаев, Мұхтар Әуезов суреттері, мәтінге

байланысты сурет. Сөзжұмбақ. Телевизор.



Сабақтың тәрбиелігі: оқушыларға Мұхтар ата өмірін үлгі ету, ұлы жазушыға деген құрмет сезімдерін тәрбиелеу.

Сабақтың дамытушылығы: дамыта оқыту арқылы оқушылардың тіл

белсенділігін, сөйлеу, жазу мәдениетін және логика-лық ойлау дағдысын, шығармашылық қабілеттерін дамыту.



Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндірмелі.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

а) оқушылардың назарын сабаққа аудару.

ә) психологиялық дайындық.

Ана тілім – ән қылып

Анам айтқан әлдиім.

Ана тілсіз мәңгілік,

Келіспейді ән, күйім.
ІІ. Үй тапсырмасы: Ш.Мұртазаның «Бала Тұрар» мәтінін түсініп оқу.

2. «Аспара», «Қызыл Жебе», «Көке» деген сөздер неге олай аталады? Тұрар оны қалай түсіндіреді?

3. тұрардың бейнесі суреттелген жерді кітаптан тауып оқу.
4. Үй тапсырмасын пысықтауға арналған сұрақтар

1. Мұғалімнің көңілі неліктен Тұрарға ауды?

2. Тұрар өзі жазған сөздердің мағынасын қалай түсіндірді?

3. Атамырзаның күлкісіне, мұғалім қандай әңгіме айтты?

4. Ал, балалар Атамырзаға не үшін күлді?
Балалар, үй тапсырмасына өте жақсы дайындалып келген екен, енді жаңа сабағымызды бастаймыз.
ІІІ Жаңа сабақ. «Қоңыр қозы» авт: Т.Жұртбай

1. Мәтінді оқып түсіндіру.

2. Балалар, Мұхтардың атасы, осы ауыл ақсақалдары неге «Қоңыр қозы» деп атаған?

- Мұхтардың мінезі салмақты, ойынға онша құмар емес, үнемі көз алдындағы көрініске маңдайын, топмитып отыратын немересін осылай атайды.

3. Атасы Мұхтарды кімнің аулына қыдыртпақшы болады?

- Абай аулына

4. Суретке қарап, әңгімелеу.

5. Ұлттық ойындарды атау.

6. Ал, енді кезекпен мәтінді оқып, ішінде түсініксі сөздер болса, есте сақтай отырыңдар. Оқып болған соң түсініксіз сөздерді құрап түсіндіру.

7. Мәтінді екі бөлікке бөліп, ат қою.

8. Бірінші бөлік қай жерден басталып, қай жерден аяқталады? Ат қою.

9. Екінші бөлім қай жерден басталып, қай жерден аяқталады? Ат қою.

10. Сөздік жұмыс жүргізу.

«Кенжесіне» бауы берік болысын» сөздерінің мағынасын түсіндіріп, тақтаға, дәптерге жазу.

11. Балалар бұл әңгімедегі кейіпкерлеріміздің аттарын атаңдаршы.

- Атасы Әуез, Мұхтар, Абай, әжесі Дінәсіл.

12. Енді Абай Құнанбаевтың қандай өлеңдерін білеміз?


  1. Қыс, күз т.б.

  2. Димаш: Желсіз түнде жарық ай.

13. Сөзжұмбақ шешу.





  1. Қазақ ханы (Абылай)

  2. Абылай хандық еткен тұстағы өлең жазған жырау (Бұхар)

  3. «Көксерек» әңгіменің авторы (Мұхтар)

  4. Алғаш мектеп ашқан ұстаз (Ыбырай)

12. Енді Мұхтар туралы не білесіңдер?

1. Мұхтар кім?

- М.Әуезов қазақ халқының ұлы жазушысы.

2. Ол бұрынғы Семей облысы Абай ауданында дүниеге келген.

3. Мұхтардың атасы кім?

- Атасы Әуез.

4. Мұхтардың қандай әңгімелерін оқыдың?

- Әбілмәнсүр, Бала Абай, Көксерек.

5. Тапсырмалар орындау.



  1. Мұхтар аулының көктемгі көрінісін суреттейтін жолдарды кітаптан тауып оқы.

  2. Абай аулының көрінісін суреттейтін жерді тауып оқы.

  3. Мұхтарды қандай көріністер қызықтырады.

6. Тест

1. «Қоңыр қозы» авторы кім?



  1. С.Сейфуллин

  2. Т.Жұртбай

  3. Ш.Мұртаза

2. «Қоңыр қозым» бұл сөдер кімдерге арналған?

  1. Абайға

  2. Шоңайға

  3. Мұхтарға


IV Сабақты қорыту, бағалау.

V Үйге тапсырма: Сөз тіркестерін кітаптан тауып жазу. Мәтіндегі өзіңе ұнаған көріністің, бірігіп суреттеп түсінік айту.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет