Қтөбе облысы Ырғыз районы



Дата25.08.2017
өлшемі51,09 Kb.
#26370
Ақтөбе облысы

Ырғыз районы

Ы.Алтынсарин атындағы орта

мектебінің ағылшын тілі пәні мұғалімі

Тулегенова Айнұр

Ағылшын тілі сабағында интерактивті оқыту технологиясын пайдалану арқылы оқушы құзыреттілігін дамыту


Ағылшын тілі – XXI ғасырдың тілі. Бұл тіл қазақты дүниеге танытатын, әлемдік деңгейге шығаратын тіл. Оған біз алдағы өткен жылы ЕҚЫБ Саммитіне төрағалық еткен кезіміз осының бір дәлелі бола алады. Шет елдермен қарым-қатынас күшейіп отырған қазіргі кезде оқушылардың шет тіліне қызығуын, білімге құштарлығын ояту, танымдық белсенділігін арттыру – әрбір шетел тілі мұғалімінің міндеті.Демек, балаларымыздың ағылшын тілін білуі – уақыт талабы. Шетел тілі қазіргі кезде көптеген мектептерде 1 кластан бастап жүргізілуде.

Тілді үйретудегі негізгі мақсаты - ағылшын тілінің әлемдік тіл екенін ескере отырып оқушыларды осы тілде еркін ойлап-сөйлеуге үйрету; оқушылардың сөйлеу қабілетін жаңа технологияларды пайдалана отырып дамыту; оқушыларды өзге ұлттың мәдениетімен таныстыра отырып сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.

Шәкірттердің сабақтағы белсенді іс-әрекеттерін ұйымдастыру, ойлау,шығармашылық, ізденіс қабілеттерін дамыту арқылы білім сапасын көтеруде интерактивті оқыту технологиясын пайдаланудың мәні зор. Интерактивті оқыту технологиясын сабақта дұрыс қолдана білу керек.Санына емес сапасына назар аударған жөн.

Күнделікті бір сарынды,дәстүрлі сабақпен оқушыларды қызықтыра алмайсың, керісінше жалықтырып аламыз. Ағылшын тілі сабағында білім сапасын арттыру үшін ойын технолдогиясын қолдану керек.Ойын ойнау арқылы оқушылар өздерін көрсете алады, өзара қарым – қатынасқа түседі, жеңіске деген ұмтылыс пайда болады. Күнде дәстүрлі сабақ өткізу арқылы, қалаған нәтижеге жете алмайтынымды түсіндім.Сабақта ойын әрекеті болу керек екендігін аңғардым.Бірақ қандай деңгейде?Сабақтың қай кезеңінде?Қай кезде жақсы нәтиже береді?Бұл сұрақтар мені үнемі толғандыратын.Себебі мен бұл сұрақтарға бірден жауап бере алмадым. Әріптестеріммен кеңестім, көптеген әдебиеттерді оқыдым, интернеттен іздедім. Ойын арқылы қызықсыз тақырыптарды жеңіл, оңай меңгертуге болатынын түсіндім.

Ойын технологиясын қолдану арқылы барлық мәселе шешіле қалмайды. Дегенмен, қиындықтар азаяды. Себебі,ойын - оқушылардың негізгі әрекеті. Мұғалім үнемі ізденіс үстінде болу керек. Кроссвордтар, ребус, жұмбақтар, жаңылтпаштарды тез әрі дұрыс айттыру арқылы оқушылардың тілдері жаттығады, логикалық ойлау қабілеттері дамиды, шапшаң ойланатын болады.Сергіту сәтін ұйымдастырған кезде интернеттен онлайн жүйесінде «happy song », «Bingo» т.с.с.сияқты әндерді бейнеге қарап тұрып орындатса, оқушылар сергіп ,қызығушылықтары оянады. Бір жағынан, тілдері жаттығады,екінші жағынан, ағылшынша әндер жаттайды.

Ағылшын тілі сабағында ойын технологиясын пайдалану арқылы оқушы құзыреттілігі дамиды. Құзыреттілік – оқу нәтижесінде өзгермелі жағдайда меңгерген білім, дағдыны тәжірибеде қолдана білу, проблеманы шешу, дайындық сапасының құрылымдық сипатын анықтайтын жаңа сапа. Жаңа білім жүйесіндегі басты назар аударылатын мәселелердің бірі әр оқушының құзыреттіліктер жиынтығы білім нәтижелері ретінде игеруіне бағдарланған.

Тиімді қолданылған кез келген технология білім сапасын арттыратыны ақиқат.

«Адам ұрпағымен мың жасайды»- дейді халқымыз.Ұрпақ жалғастығымен адамзат баласы мың емес миллиондаған жылдар жасап келеді. Жақсылыққа бастайтын жарық жұлдыз-оқу.

Қазіргі мектеп мұғалімдерінің алдында тұрған басты міндет- оқушылардың шығармашылық білім дағдыларын қалыптастыру. Міне, өз ұрпағының өнегелі, өнерлі, еңбексүйгіш, абзал азамат болып өсуі үшін халық педагогикасының негізгі мақсатын шығармашылықпен оқу-тәрбие үрдісіне тиімді пайдалану әрбір ұстаздың міндеті болып табылады.

Ағылшын тілінің мектепте тілден берілетін білім жүйесіндегі негізгі шетел тілі ретінде таңдап алынуыб көптеген факторлардан туындайды, атап айтқанда:



  • әлеуметтік лингвистикалық: адамзат тарихында бірде бір тілге тән болмаған қызметті атқаратындықтан қазіргі әлемде халық әмбебап құралы болуымен байланысты;

  • әлеуметтік мәдениеттілік: ағылшын тілді мәдениеттің қазіргі әлемдегі мәдениеттің өзара байытылуына әкелетін мемлекеттерге және континенттерге әсерін тигізетін трансмәдениет, халық туралы білім көзі болып табылатындығынан;

  • экономикалық: әлемдік экономикалық кеңістіктегі ықпалдасуда әлеуметтік қалыптасу және өсу кезеңінің құралы болып табылатындығынан;

  • ақпараттық: ғылыми, техникалық ақпараттар легі ағылшын тілінде сақталатындықтан, ағылшын тілінің бүкіләлемдік интернет тілі болып отыратындығынан.

Сондықтан, жалпы орта білім беретін мектептегі ағылшын тілін оқытудың мазмұны білім беру стандарттың талаптарына сәйкес болуы керек.

Білім беру стандарты бойынша «Ағылшын тілі» пәнінің мақсаты- тұлғалық бағдарланғаны, қызметтік және қатысымдық-конгнитивтік келістердің үйлесіміне сүйеніп іріктелген оқытудың мазмұны және оны оқыту жүйесін ұйымдастыру арқылы шешілетін оқушылардың қатысымдық біліктілігін қалыптастыру болып табылады.

Тіл жүйесінің дамуы дегеніміз- жеке тұлғаның тілді меңгеруі, рухани-адамгершілік, азаматтық қасиеттерін қарым-қатынас құзырлығын ұйымдастыру. Ең маңызды мәселе- ол оқытудың бірыңғай мазмұнын талдау бастапқы, сатысында оқыту:


  • оқытудың нәтижелілігіне бағытталған тіл материалдарының көлемін анықтау.

  • Сыныптар бойынша бағдарлама материалдарының презентациясы.

  • Қарым-қатынастық құзырлығын және тілдік сөйлеуді дамытуға арналған арнайы жүйелі жаттығуларды ұйымдастыру.

  • Ағылшын тілін үйретудегі қарым-қатынас аспектасы және сөйлеу қабілетін арттыру мақсатында жүйелі тапсырмаларды өңдеу.

  • Оқушылардың шығармашылық іс-әрекетін дамыту.

  • Ағылшын тілін оқытуда бағдарламаның мазмұны оқушының жеке тұлға ретінде тілін дамытады, ауызша және жазбаша сөйлеу процесін толық меңгеруге бағытталған.

Олар: 1. Лингвистикалық білім, ауызша және жазбаша сөйлеу мәнерін қалыптастыруының практикалық мәні зор.

2. Берілген білімді ауызша және жазбаша сөйлеу процесінде қолдану.

3. Оқыту процесі жеке тұлғаның ойлау және шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталған.

Жалпы ағылшын тілін үйрену 8 жастан басталғаны жөн. Балалардың ойлау іс-әрекеті мектепке дейінгі ойлау тәрізді, сондықтан оқыту процесінде көрнекіліктерді көп пайдалануды, абстрактілі тілдік ұғымдарды енгізуді талап етеді. 12 жылдық білім беру бағдарламасына өту үшін ағылшын тілінің курсындағы мақсат және міндеттерді сапалы тұрғыда өзгертілуі, жеке тұлғаның тілдік жүйесінің дамуына бағытталған



Ы. Алтынсарин атындағы орта мектебі

Ағылшын тілі сабағында интерактивті оқыту технологиясын пайдалану арқылы оқушы құзыреттілігін дамыту

/Баяндама/

Баяндамашы: А.Тулегенова

Ырғыз



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет