СӨЖ - Тақырыбы:Асматикалық статус
- Орындаған:Төлегенова А
- Тобы:131-Емдеу ісі Фельдшер
- Тексерген:Саржанова А.Н
Астматикалық статус – бронхының демікпе ұстамасының 6 сағатқа дейін басылмайтын жəне симпатомиметикалық дəрілерге көнбейтін жағдай дамуымен, бронхылардың дренаждық функциясының бұзылуымен, сонымен қатар гипоксемия, гиперкапния пайда болуымен сипатталады. - Астматикалық статус – бронхының демікпе ұстамасының 6 сағатқа дейін басылмайтын жəне симпатомиметикалық дəрілерге көнбейтін жағдай дамуымен, бронхылардың дренаждық функциясының бұзылуымен, сонымен қатар гипоксемия, гиперкапния пайда болуымен сипатталады.
Классификация - Патогенезі бойынша:баяу дамып келе жатқан астматикалық күй,анафилаксиялық асматикалық күй.
- Кезеңдері бойынша:салыстырмалы компенсерлеген кезең,декомпенсерленген кезең
-
- 1. Анафилаксиялық түрі: (ДЖ дереу, дамитын түрі) Иммунологиялық емес немесе псевдоаллергиялық реакциялармен аллергиялық реакция медиаторларының көп мөлшерде бөлінуімен сипатталады. Бұл түрінде гипоксия үдемелі түрде дамиды, сондықтан барлық клиникалық көріністері қарқынды жəне тасқынды түрде бір-бірін тез алмастырып отырады. Жедел жəне ауыр тұншығу ұстамасы комалық жағдайға туындатады.
- 2. Метаболизмдік түрі: (ДЖ баяу дамитын түрі) – β-адренергиялық рецепторларының функциональды блокадасы маңызды орын алады. Демікпелік жағдайдың бұл түрі аяқ астынан, кейде бірнеше тəуліктен немесе аптадан соң пайда болады. Науқастар белгілі бір көлемде жүріп-тұра алады (бөлмеде қимылдау, əжетханаға бару), бірақ өте қиналады, ентігумен қатар жалпы жағдайы нашарлайды.
- ДЖ ағымының ауырлығына байланысты бөлінуі: I кезеңі – салыстырмалы компенсация кезеңі. Симпатомиметиктерге жəне басқа да бронходилятаторлық емге көнбейтін, бронхылық демікпенің ұзақ уақыт басылмайтын ұстамасы. Келесі клиникалық симптомдар мен синдромдар байқалады:
- - тыныс алу мен тыныс шығарудың айқын қиындауымен, қашықтан естілетін сырылдар мен минутына 30 жəне одан көп тыныс жиілігімен жүретін тахипноэ;
- - науқастың екі иық тұсы көтеріңкі фиксацияланған, демін алу үшін көкіректің қосымша бұлшықеттерін іске қосуға мəжбүрлі қалыпта болады;
- - тері жəне сілемейлі қабаттарда жайылған цианоз;
- - перкуссия жасағанда қораб дыбысы естіледі;
- - аускультация жасағанда өкпенің төменгі бөлігінде əлсіз везикулярлық тыныс, жоғарғы бөлігінде қатқыл, жайылған құрғақ сырылдар естіледі;
- - əлсіз тахикардия;
- - артериялық қысым қалыпты немесе жоғары;
- - ЭКГ-де оң жақ қарынша мен жүрекшеге жүктеме түсу белгілері;
- - ұзаққа созылған гипервентиляция қақырықтың тұтқырлығын артырады, ол бронхылардың саңылауын толығымен бітеп гиперкапния мен гипоксемияны көбейтеді.
- II кезең – декомпенсация немесе «үнсіз» өкпе кезеңі:
- - қашықтан естілетін сырылдардың өкпе аускультациясында естілмеуі («үнсіз өкпе»);
- - жалпы жағдайы тез нашарлайды, сөйлеуі қиындайды, өте ауыр жағдай дамиды;
- - науқас керует жиегін қолымен тіреп отырады;
- - есі ауыспайды, бірақ кейде апатиялы қозу болады;
- - аса терлегіштік нəтижесінде тері жабындылары ылғалды, диффузиялы цианоз;
- - көкірегі эмфизематозды керілген, экскурсиясы анықталмайды, өкпеде қорап дыбысы естіледі;
- - тынысы əлсіз, сырылдар өкпенің тек жоғарғы бөлігінде естіледі, бронхылардың толық бітелуінен кей жерінде тыныс шуылдары мүлдем естілмейді («үнсіз өкпе»);
- - парадоксальды пульс – тыныс алу кезінде пульс толуының азаюы (pulsus paradozus), жүрек жиырылуының минутына 120- дан артуы байқалады;
- - ЭКГ-де жүректің оң жақ бөлігінің жүктемелену белгілері, аритмия болуы мүмкін;
- - артериялық қысым жоғары;
- - бауырдың фиброзды капсуласының кеңеюінен оң жақ қабырға тұсында ауырсыну сезімі күшейеді;
- - артериялық қанның газдық құрамы өзгереді - айқын гипоксия (Ро2 50-60 мм.рт.ст.) жəне гиперкапния (Рсо2 50-70 мм.рт.ст.) респираторлы немесе аралас типті ацидоз дамиды.
Достарыңызбен бөлісу: |