Тобы: фақ 811(Б) Қабылдаған: Дүйсенова Ж. Қ



Дата07.02.2022
өлшемі19,41 Kb.
#93710
Байланысты:
Документ (1)
Рецепт Ф-я, Рецепт Ф-я, Билеты 1 БАС қаз

Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік Университеті

Практикалық тапсырма

Орындаған: Толықбаева А. Ә
Тобы:ФАҚ 811(Б)
Қабылдаған: Дүйсенова Ж. Қ

Түркістан 2020


Деңгейлік тапсырмалар


І-ші деңгей:
1. Қалыптастырушы бағалау дегеніміз не?
2. Қалыптастырушы бағалаудың үш құраушы бөлігін атаңыз.
ІІ-ші деңгей:
1. Қалыптастырушы бағалаудың әдістерін жіктеңіз.
ІІІ-ші деңгей:

  1. Қалыптастырушы бағалаудың маңызыны талдаңыз.




    1. Қалыптастырушы бағалау дегеніміз не?

Бағалаудың бұл түрінің қалыптастырушы болып аталатындығы - бағаның нақты бір оқушыға, оның білім мазмұнын меңгерудегі кемшіліктерін анықтауға және өзіндік орнын барынша тиімді толықтыруға бағытталғаны. Мұғалім бұл бағалау әрекеті арқылы пәнді меңгерудің мақсатын нақты анықтай алады. Оқушының өткен тақырыптарды біртұтас, үйлесімді сурет түрінде елестетуіне, нәтижені бақылаудың сәйкес тәсілдерін өзі анықтай білуіне, жоғары деңгейге жетуге ынталануына ықпал ете алады. Қалыптастырушы бағалаудың мақсаты - оқу материалын меңгергендігі жөнінде объективті ақпарат алу, білім алушының кемшіліктерін дер кезінде анықтау, мұғалім - оқушы арасында кері байланысты орнату. Қалыптастырушы бағалау немесе оқу үшін
бағалау күнделікті әр сабақта жүргізіліп тұрады. Қалыптастырушы (Оқу
үшін бағалау) – бұл білім алушылар өздерінің оқудың қандай сатысында
тұрғанын, қандай бағытта даму керек және қажетті деңгейге қалай жету
керек екендігін анықтау үшін оқушылар және олардың мұғалімдері
қолданатын мәліметтерді іздеу және түсіндіру үдерісі. Бұл ретте
мұғалімдер жалғыз бағалаушы тұлға болмайтындығына назар
аударылады. Оқушылар өздерінің сыныптастарын және өздерін
бағалауға тартылуы мүмкін және мұғалімдер бағалауды белсенді
жүргізген кезде, оқушылар белсенді қатысуы керек. Аталған бағалау
мұғалімдерге сыныптағы оқушылардың үлгерімін бақылап отыруға
мүмкіндік береді.
Қалыптастырушы бағалау қолдану арқылы мұғалім мен білім алушы
арасындағы кері байланыс жүзеге асады. Осының нәтижесінде білім
алушы өзін бақылап, өзінің әрекет-тәсілдерін таңдайды, нәтижелерін өзі
бағалайды, оны мұғалім жалғастырады. Осылайша бала мақсат қоя білу,
күтілетін нәтижені жоспарлау, оны бағалау тәжірибесін жинақтау арқылы
өзінің түйінді құзіреттіліктерін қалыптастырады. Кері байланыстың қай
түрі болмасын, нені жақсы орындағанын белгілеп отыруы, қателіктер
болған жағдайда мұғалім оқушының жұмысын жақсартуға байланысты
нақты ұсыныстар беруі керек.
Қалыптастырушы бағалаудың бір түрі – өзін-өзі бағалау және өзара
бағалау.
Өзара бағалау білім алушыларға бір-біріне кері байланыс беруге
көмектеседі, яғни бір-бірінен білім алуға және бір-біріне қолдау
көрсетуге, бір-бірімен талқылауға, әңгімелесуге, түсіндіруге және бірін
бірі сынауға мүмкіндік береді. Сапалы өзара бағалау өз жұмысын
бағалау сапасын жақсартуға ықпал етеді, нәтижесінде ол оқушылардың
бойында өзінің алға дамуы үшін жауапкершілігін арттыруға бағытталады.
Баға оқушының кемшіліктерін табу үшін емес,әрі қарай дамуына ықпал
ету үшін қойылады. Баға қою бағалаудан туады және де бала келесі
балаға баға қоймайды, тек бағалайды.


2)Бағалаудың да қызметі үш топқа бөлінеді: хабарлаушылық
(информирующие), басқарушылық (управляющие), тәрбиелеушілік
(воспитывающие).
Бірінші топ өз алдына белгілеп қоюшылық (фиксирующая),
бағдарлаушы (ориентирующая), бақылаушы (контролующая) болып
келеді. Бұл топтың қызметі білім, білік және дағдыны бағалауды, әрбір
бағаның көрсеткіштері мен өлшемдеріне мұғалім мен оқушылардың арқа
сүйеуі жағдайында іске асады.
Екінші топ: ұйымдастырушылық (организующая), реттеушілік
(регулирующая), түзетушілік (корректирующая) болып келеді. Осы топты
жүзеге асырудың қажетті шарты бағадағы көрініс тек қана оқытудағы қол
жеткізілген нәтиженің мөлшері ғана емес, сонымен бірге сапасын
белгілейтін көрсеткіш.
Үшінші топ: қалыптастырушылық (формирующая), дамытушылық
(развивающая), ынталандырушылық (стимулирующая) болып келеді.
Бұл топтың қызметінің нәтижелі болуының кепілі, бағаның оқытудың
нәтижесін нақты көрсете білуде

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет