Тәрбиелеушілік міндеттері: қызығушылықтарын арттыру, әдепті болуға тәрбиелеу. Музыкалық репертуар:



Дата26.06.2018
өлшемі68,5 Kb.
#44894
Өткізген күні: 21 қыркүйек 2017 ж.

Мереке: Тіл күні.

Білім саласы: Коммуникация, шыгармашылық.

Тақырып: «Туған тілің - тұғырың».

Мақсаты: Тіл байлықтарын арттыру.

Білімдік міндеттері: Тіл мерекесі жайлы білу.

Дамытушылық міндеттері: Ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелеушілік міндеттері: қызығушылықтарын арттыру, әдепті болуға тәрбиелеу.

Музыкалық репертуар: « Ана тілім»

« Лягушка - fpog »

« Казахстан – тұған елім » Е.Шилдебаев

« өзбек биі »

« украин биі »

« корея биі »

Құрал – жабдықтар,көрнекіліктер: үнтаспа, сүреттер, эмблема, костюмдер.

Іс-әрекет кезеңдері

Педагогтың әрекеті

Балалардың әрекеті

Қызығушы-лық - түрткі болу

Е.Шилдебаев әніне жазылған «Қазақстан – тұған елім» әуенімен балалар залға кі- реді.



Музыка ырғағына қарай балалар бір-бірінің артынан жүреді.

Ұйымдасты-

рылған ізде-

нушілік

Жүргізуші: Біздің ана тіліміз – қазақ тілі. Тіл табиғаттың берген сыйы. Әрбір адам өз ана тілімен бақытты, ана тілімен биік.

Жүргізуші:-Балалар,біздің ұлттық тіліміз

-ол қазақ тіліміз. Қазақ тіліне,оның түпкі тамырына үңілсек, ол-өте бай тіл. Осы бай тіл-біздің мақтанышымыз. Тіл-хал- қымыздың қазынасы.

Ана тілі ата-бабаларымыздан бізге мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұ- ра. Сондықтан, әр адам ана тілін көзінің қарашығындай қорғауы, оның орынсыз шубалануына қандай да жағдай да жол бермеу керек. Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Қазақстанның болашағы-қазақ тілінде» деген тұжырымдаманы үнемі айтып ке- леді. Олай болса, біз әрқашан өзіміздің ұлттық тілімізді, ана тілімізді қадірлеп, оны әрі қарай дамытып отыруымыз к/к.
Ән: «Ана тілім»

Тақпақтар:

Рауана

Әлімхан

Аяна

Қайрат

Карина

Ясмина

Аяулым.

Ән: «Ақ тілек»
Жүргізуші:-Балалар, ана тілі-халық боп жасағаннан бері жан дүниеміздің айнасы,

өсіп-өніп түрлене беретін, мәңгі құламай- тын бәйтерек. Ал ана тілін жақсы біл- мейіше сауатты сөйлеп, сауатты жазып, тіл байлығын мол қолданбайынша, шын мәніндегі мәдениетті адам бола алмай- сыңдар.
Сайыс. Екі топқа бөлінеді.

Психолог мамандығы:

«Туған тілін – тірлігімнің айғағы,

Тілім барда айтылар сөз ойдағы,

Өссе тілім, мен де бірге өсемін,

Өшсе тілім, мен де бірге өшемін» - деп Ә.Тәжібаев ағамыз жырлағандай, тіл қай ұлтта, қай елде болса да қастерлі, құ- дыретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге сіңеді. Сонымен балалар ата-баба-

мыздан қалған асыл қазынамызды, тілі-

мізді сақтауымыздың тиімді жолы, ана тілінде сөйлеп, ой - өрісімізді, білімімізді дамытайық, өзге тілдің бәрін біл, өз ті-

ліңді құрметте демекші.

Жеті жүрттың тілін біл,

Жеті түрлі білім біл.

Ойын «Ұйқасын тап» :

1.«Пай – пай –пай,

Жайлып жүр .......... тай

2.Ай – ай –ай,

Ушыпкетті ..........торғай»

3. Күз болғанда атырап,

Сарғаяды ........жапырақ

4. Апайларды мақтап,

Мерекеде айттым ........ тақпақ

Апта күндері « Жеті ұл » :

Сәл демалып, тыным ал.

Тақпақ тыңдап, ұғып ал.

Апта деген ағайдың

Жеті бірдей ұлы бар:

Біріншісі – Дуйсенбі,

Екіншісі – Сейсенбі,

Үшіншісі – Сәрсенбі,

Төртіншісі – Бейсенбі.

Жұма деген – бесінші ұл,

Алтыншісі – ол Сенбі,

Жетіншісі – Жексенбі.

-Балалар, мен сендерге бірнеше логика-

лық есеп айтамын сендер шешімін та- бындар!

1.Артында үш балапан,

Алдында үш балапан,

Ақ тауық пен балапан,

Айтшы санын балалар? /жеті/
2.Тал басында тізіліп,

Он жапырақ тур еді.

Жел соқты да үзіліп,

Ұшып кетті бесеуі.

Тур әлі де ілініп,

Жапырақтың нешеу? /бес/
3.Үш қоянда қулақ қанша? /алты/
4.Алма ағашында

Алты алма өсіп турды.

Жел соғып біреуі үзіліп түсті.

Қанша алма қалды. /бес/
Орыс тіліннен мамандығы: -Ребята, сей-

час я вам прочитаю отрывки из сказок, а вы отгадайте из какой это сказки...

1. «В гости к бабушке пошла,

Пироги ей понесла.

Серый волк за ней следил,

Обманул и проглотил .»
2. «Что за сказка, кошка, внучка,

Мышь, еще собака Жучка

Деду с бабой помогали,

Корнеплоды собирали. »
3. «Перед волком не дрожал,

От медведя убежал,

А лисице на зубок все же попал »
4. «Толстяк живет на крыше,

Летает он всех выше. »
- Что наступает после зимы?

- Когда с деревьев облетают листья?

- Самое жаркое время года?

- Когда вода в реках становится твердой?

- Когда возвращаются птицы с юга?

- Кто всю зиму спит?

Жүргізуші:-Балалар, ұпай саны бойынша

«Қарлығаш» - 14 ұпай

«Мұрагер» - 17 ұпай

Жүргізуші:-Балалар, біздің еліміз көп ұлтты ел.

-Қандай ұлт өкілдері бізде тұрады?
Ағылшын тіліннен мамандығы:

Өлең жолдары:

Нұрдана

Темірлан
Ән: «Лягушка - fpog »

К Ө Р І Н І С: «ҚАЗАҚСТАН ҚОНАҚЖАЙЫ»

« Өзбек биі »

« Украин биі »

« Корея биі »

Жүргізуші: -Ана тіл мерекесіне арнайы өлең жолдары оқылады.


«Мұрагер» тобы:

Мерей

Санжар

Назерке

Нәби

Аянат

Ислам

Анель


Ән: «Бөбектер»


Ана тілін біліп қой.

Ересіндігің теңдігің.

Ана тілін біліп қой,

Мақтанышың елдігің.
Қазақстан халқының

Қазақ тілі тірегі.

Ана тілде айтылар

Әнұраны жүрегі.

Ана тілі туралы толық мағұлмат алады.


Ән айтады.

Ана тілім-бойымда,

Ағып тұрған бұлағым.

Ана тілім-ойымда

Жанып тұрған шырағым.
Ана тілің білмесен

Қадірлісің кімге сен?

Ана тілі арқылы

Тарихыммен тілдесем.
Ана тілім тоғанса

Қай теңіз бар шайқалмас?

Ана тілің болмаса

Ерлігін де байқалмас

Елдігін де байқалмас.
-Нұрдана, Карина, Анель,

Рауана ән айтады.

Екі топ бір-бірімен жары- сады.
Психолог оқыған өлең жолдарын мұқият тың- дайды.


Балалар тез оқылған сөз- дердің ұйқасын табады және айтып береді.

-Тай.

-Торғай.
-Жапырақ.
-Тақпақ.

Балалар апта күндерін са- тылай атап береді.

Балалар логикалық есеп- терді тыңдап шешімін табады.


-Жеті.

-Бес.
-Алты.

-Бес.


-Красная шапочка.

-Редька.


-Колобок.

-Каролсон.
-Весна

-Осенью.

-Лето.

-Зимой.

-Весной.

-Медведь.


-Орыс, үйғыр, өзбек, цы- ған, қырғыз, тәджік, негр т.б. ұлт өкілдері.
I love my cat

It is warm and fat

It likes to play.
Two big apples

Under a tree

One is for you

And ones for me.
Әнді айтады.
Көрініске екі топ балала- ры қатысады.

1.Константин

2.Рауана

3.Карина

4.Мерей

5.Назерке

6.Нұрдана
Ана тілің – арың бұл

Ұятың боп тұр бетте

Өзге тілдің бәрін біл

Өз тілінді құрметте.
Жанымнан да қымбат

Ана тілім маған

Ана сөзін тыңдап

Үлгі-өнеге алам.
Ана тілім – анам

Қандай аппақ арым

Мұра еткен бабам

Жарқыраған шамым.
Әркім тілін сүйеді

Қадірлейміз мұны біз

Қазақ тілі киелі –

Мемлекеттік тіліміз.
Барлық бала орындайды.

Рефлексивті

- түзету

Жүргізуші:-Тіл халқымыздың қазынасы, сан ғасырлық жүріп өткен жолымыздың

шежіресі. Еліміздің жүрегін соқтырып,

қан-тамырындай нәр берген тіліміздің мәртебесін көтеріп, оны қадір тұтуға,кұн- дылығын арттырып тұғырының берік болуына қызмет етейік.

-Құрметті қанақтар, балалар, осымен біздің тіл мерекесіне арнайы «Тұған ті- лін - тұғырын» атты тақырыптық оқу қызметіміз аяқталды. Сау болыңыздар!!!


Балалар қонақтармен қоштасады.



Күтілетін нәтиже:

Нені біледі: Өлең, тақпақ жолдарын жатқа.

Нені игереді: Өз аналарына, өз ұлтына, өз тіліне құрметпен қарау керектігін.

Нені меңгерді: Өз ұлттық тілімізді, ана тілімізді, қазақ тілімізді әрі қарай дамытып отыруымызды.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет