«М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті» КЕ АҚ
Ұстаз институты
Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы
Фольклорлық оқу
практикасы
Практикадан өтуші: Мусаахметова Ш.
Тобы: КЯ 21-7
Жетекші: аға оқытушы Досханұлы М.
Тараз 2023
ЖОСПАР:
Кіріспе
І Фольклор
ІІ Тарихы терең – Таразым
ІІІ Тараздан шыққан тарих тарландары
ІV Шерхан Мұртаза
V Қали Жүніс моншасы
VI Ақыртас
Оқу (фольклорлық) практика
Мақсаты: Халқымыздың сан ғасыр бойына жасаған рухани мәдениеті, асыл қазынасы – халық әдебиетінің жанрлық үлгілерін ел ішінен жазып алу, жинақтау мақсат етіледі.
Оқу практикасында жинақталатын материалдардың түрлері:
Тұрмыс-салт жырлары: төрт түлік мал, еңбек шаруашылығы, аңшылық жырлары, діни әдет-ғұрыпқа байланысты туған жырлар, т.б.;
Үйлену салты мен көңіл-күйіне байланысты туған өлең-жырлар.
Халық лирикасы (ән өлең, қара өлең, тарихи өлеңдер);
Мақал-мәтелдер;
Жұмбақ-жаңылтпаштар мен өтірік өлеңдер;
Шешендік сөздер;
Ертегілер;
Аңыздар, олардың түрлері. Жер-су атауларына қатысты туған аңыздар (топонимдік), миф, әпсана, хикаят.
Көне эпос және батырлық эпос;
Лиро-эпос. Жанрлық сипаты, көркемдік ерекшелігі;
Тарихи жырлар, түрлері, жанрлық ерекшеліктері;
Айтыс, т.б. жанр үлгілері.
Жалпықалалық кеңістіктердің мифологизациясын айқындау; ескерткіштер, қорымдар, ғимараттар, құрылыстар, аудандар туралы әпсаналар (орталық және қала сыртындағы).
Балалар фольклорының жанрлары. Бөбектерге арналған өлеңдер: бесік жыры, сәбилік салт жырлары. Балалардың өзі орындайтын өлең-жырлар: арнау-тілек, өлеңдер, сұрамақ, тақпақтар, мазақтама, қызықтамалар, өтірік өлеңдер. Жыл мезгілдеріне, табиғат құбылыстары туралы өлеңдердегі ескі магиялық түсініктердің көрінісі. Сұрамақ пен мазақтама, қызықтама өлеңдерінің танымдық қызметі. Ойын өлеңдері).
Достарыңызбен бөлісу: |