2-сынып «Әдебиеттік оқу» пәніндегі ауыз әдебиеті үлгілерін оқыту.
Жоспары:
1. Балаларға арналған тақпақ, санамақ, мадақтау, өтірік өлеңдер, төрт-түлік жырлары: төрт түлік туралы өлеңдер, мал, жан-жануарлар айтысы, Наурыз жыры; ертегілер: хайуанаттар жайындағы ертегілер мен қиял-ғажайып оқиғалы ертегілер.
2. Мақал-мәтелдер (әр түрлі тақырыптағы).
3. Жұмбақ-жаңылтпаштар (әр түрлі тақырыптағы).
Ауыз әдебиеті үлгілерінен:
Балаларға арналған тақпақтар:
Төрт-түлік жырлар: (мысалы: « Бөбектің тілегі», « Шопан атаға», «Түйе», « Сиыр», т.б.).
Бөбектің тілегі
Тоқтышағым, тоғыз тап,
Саулық қойым, сегіз тап,
Сегізін де семіз тап.
Құла бием, құлын тап,
Құлын таппа, құнан тап,
Құнан тапсаң, егіз тап.
Бөкен жүнді бөрте ешкім,
Төрт айда бол төрт ешкім,
Төртеуің де бөрте бол.
Өлмей, жітпей, есен боп,
Қой алдында көсем боп,
Төртеуің де серке бол.
Әукем, бұзауды алты тап,
Әукелері салпылдап,
Өгіз болсын атандай.
Бақайлары майысып,
Елемесін қайысып,
Адам мінсе де атамдай.
Өтірік өлеңдер: (үзінділер).
Құмырсқа көлге шомылып,
Құмға аунады жағада.
Жазда қарға көміліп,
Аққала соқты далада.
Достарыңызбен бөлісу: |