Білу
|
Үй тапсырмасын сұрау. Сұрақтар арқылы үй тапсырмасын жинақтау.
- Батырлар жыры әдебиеттің қай түріне жатады?
- Қандай батырлар жырын оқыдыңдар?
- Қамбар батырдың батырлығын,адамгершілігін жырдан табыңыздар.
|
-Ауыз әдебиетінің түрлері туралы айтады.
-Батырлар жыры ауыз әдебиетінің қомақты да асыл мұрасы. Оларда елін сыртқы жаулардан қорғау,елі-
нің,халқының тәуелсіздігін сақтау мұраты басым.
|
Қолда
ну
|
Сабақтың тақырыбы тақтаға жазылады. «Қамбар батыр»жыры-халық әдебиетінің ең ескі түрінің бірі-батырлар жыры болады.«Қамбар батыр» жырының негізгі идеясы-ел бірлігін биік ұстау,елді, жерді қорғау.Жырда кездесетін Назым,Алшыорда,Қамбар бейнелері арқылы ерлік, бірлік,сұлулық жырланса,Қораз,Дараз,Қарымсақ бейнелері арқылы өмірде ақымақтық, ашкөздік өркөкректік сияқты жағымсыз қасиеттердің де кездесетінін көреміз.
Батырлық эпостарда кездесетін патриоттық,батырлық,елін,жерін қасық қаны қалғанша қорғау қасиеттері осы жырға да тән.
Батырлық жырларда батырдың сенімді серігі.тұлпары болатыны белгілі. Қамбар батырдың тұлпары- Қарақасқа ат.
«Қамбар батыр» жыры тілі жағынан құнды жырлардың бірі саналады. Бұл жырда әсірелеу аз.Бұл жыр поэтикалық тіл жағынан өзіне тән ерекшелігі-символ. Символдың ең күрделі, әдемі үлгілері жырда кездеседі.Мысалы: Келмембет:
Саусағ алтын сұңқарға Алтайы қызыл түлкіңе
Ілдірейін деп келдім, Қосайын деп ойлап ем
Көлдегі үйрек,қазыңды. Құмай жүйрік тазымды,- дейді.
Келмембет Қараманды-сұңқар,құмай тазы бейнесінде,Назымды-үйрек,қаз,қызыл түлкі бейнесінде көрсетеді.Бір қарағанда,әңгіме сұңқар,қаз,қарақұс,құмай тазы,аққу,төбет ит туралы. Бірақ бұл-символ,айтайын дегенін,ой-пікірін бейнелеп көрсету.
«Қамбар батыр» жыры-ноғайлы хандығына қараған қазақ руларының жауларына қарсы тұруын бейнелейтінін,елдің бірлігі, ердің ел үшін қызмет етуін аңсау тілегінен туған көркемдігі жоғары әдеби мұра.
|
Батырлар жыры туралы оқушылар пікірін тыңдау.
|