Оқу жылындағы гуманитарлық пән бірлестігінде ҚР 5 қыркүйек тілдер мерекесі күніне арналған «Мәңгілік ел – мәртебелі тіл» тақырыбында өткізілген онкүндіктің өтілуі туралы



Дата06.02.2022
өлшемі20,32 Kb.
#80816
Байланысты:
хабарлама тілге
ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ семинар

2020-2021 оқу жылындағы гуманитарлық пән бірлестігінде ҚР 5 қыркүйек тілдер мерекесі күніне арналған «Мәңгілік ел – мәртебелі тіл» тақырыбында өткізілген онкүндіктің өтілуі туралы
Х А Б А Р Л А М А
Туған тілім! Тас бұлақтың тұнығы да сенде
Туған тілім! Ана сүтінің жұғымы да сенде!
Туған тілім! Райхан гүлдің жұпары да сенде!
Туған тілім! Мәжнүн ғашықтың іңкәрі де сенде!
Туған тілім! Қыран құстың жанары да сенде!– деп, ақын ағамыз жырлағандай тіл қай елде болса да қастерлі, құдіретті. Ол достықтың кілті, ынтымақтастықтың бастауы, ырыс – берекенің алды, ұлттың әрі жаны, әрі ары. Тіл жай сөз емес, өмірдің талай сынынан өткен, өскелең талаптарға сәйкес өрістей түскен толыққанды ақиқат десек, жаңыла қоймаспыз.
Тілсіз қоғамның қандай түрі болса да өмір сүре алмақшы емес, ол тілдің өзі қоғам бар жерде ғана пайда болып, өмір сүреді. Демек, қоғамнан тыс, бөлек тіл жоқ. Тіл – қоғамның жемісі.
Тіл байлығы - әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Ол – атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра.
"Тіл туралы” заңдағы Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттік тілді меңгеру – Қазақстан Республикасының әрбір адамзатының парызы” – деген. Әрине ұлттың ең бірінші, ең қасиетті сипаты – оның ана тілі. Ұлт анасы тіл болып есептеледі. Сонымен бірге ұлттың өмір сүруінің бірінші шарты. Конституциямыздың жетінші бабының бірінші тармағында Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл - қазақ тілі деп анық жазған, Ата Заңымыздан туындаған "Тіл туралы” Қазақстан Республикасының заңында да осы жағдай берік қамтылған. Біздің азаматтық парызымыз – тіл заңындағы талаптарды жүйелі түрде жүзеге асыру. Ол тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаларынан да көрініс тапты.
Туған тілдің абыройын асқақтату - әрбір адамзаттың абзал борышы. Біздің барша ұлттық келбетіміз бен болмысымызды, салт -санамыз бен дініміз осы ұлттық мәдениет пен тілімізде жатыр. Тәуелсіз елдің елдің елдігі жас ұрпағын парасатты да білімді, іскер де қабілетті, отансүйгіш те ұлтжанды тұлға етіп қалыптастыруда мемлекетік тілдің атқаратын қызметі орасан зор.
Тіл – таусылмайтын байлық. Қанша тіл білсең, өзгеден сонша кез биіксің. Дегенмен, алдымен туған еліңнің мемлекеттік тілін білуге міндеттісің.
Осы орайда «Қарағаш орта мектебі» мемлекеттік коммуналдық мекемесінің гуманитарлық пән бірлестігінің ұйымдастыруымен 7- 18 қыркүйек аралығында Қазақстан Республикасының Тілдер күні мерекесіне арналған «Мәңгілік ел – мәртебелі тіл» тақырыбында онкүндік өтті.
Онкүндікте іс-шаралар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде өткізілді. Аталмыш онкүндік аясында бекітілген жоспар бойынша мектебіміздің тіл мамандары Қазақстан Республикасында тұратын барша халықтың тілін, мәдениетін, салт-дәстүрін қорғауға және дамытуға бағытталған түрлі іс-шаралардың өтуіне белсене ат салысты.
Дүйсенбі күні апталықтың ашылу салтанаты болды.
Шараны пән мұғалімдері Жылқайдарова А. Серик Ж. Г.Оразалиева дайындаған оқушылардың үш тілдегі әдеби монтажы арқылы және Абай Құнанбаевқа түсірілген челлендж,слайдттармен ашты.
Тәуелсіздігіміздің тұғырына көтерілген жылдар ішінде елдің бірлігі артқандай. Елімізде ұлтымыздың ұлы тілімен қатар әлемдік тілдердің де құндылығы жоғары. Қазақ балаларының өзге тілді меңгергеніне қуанып, өзге ұлт өкілдерінің қазақ тілінде сөйлеп, білім алып жатқанын көргенде, бір жасап қаламыз. Ұстаздар қауымының басты міндеті-шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, болашақ ұрпаққа ұлағатты тәрбие беру. Осы мақсатта қазақ тілі пәнінің мұғалімі М. Азимбаева 9-11 сынып аралығында «Ананың тілі-жүректің үні» атты шығармалар сайысын ұйымдастырса, Г. Оразалиева «Елдің болашағы –тілде» тақырыбында эсселер байқауын өткізді.
Оқушылардың мәнерлеп, жатқа оқу шеберліктерін шыңдай түсу мақсатында Серик Жаннаның ұйымдастыруымен «Тіл тірлігіміз, соғып тұрған жүрегіміз» атты 5-7 сынып оқушыларының орыс тілінен және қазақ тілдерінде онлайн мәнерлеп оқу сайысы өткізілді. Жеңімпаздар мақтау қағазымен марапатталды.
Сонымен қатар онкүндікте Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай Таңсықбаева Г. мен Қ.Тұрсынбаеваның басқаруымен «Мәңгілік ел идеясы – тәуелсіздік тұғыры» тақырыбында конференция өтті. Конференцияда 10- сынып оқушылары Тәуелсіздік жылдарындағы еліміздің жетістіктерін жан –жақты жеткізе білді. Өткен жылдар жемістері мен Тілге деген құрметтерін білдірді. «Ұшқыр ой мен шешен тіл» тақырыбында Н.Бейсетаеваның ұйымдастыруымен интеллектуалды сайыс А.Болаттың «Туған тілім – тірлігімнің айғағы» атты сайыс өткізді.
Бұл біздің онлайн өткізілген Тіл мерекесіне арналған мерекелік кештер мен сыныптар тыс жұмыстарды оқушылардың бүгінгі егемен елдің ұрпағы өткен өмір тарихымен байланыстыра отырып, бүгінгі таңда қол жеткізген тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай , Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мрейтойына байланыстыра өткізілді. Қазақ тілі пәні мұғалімдері ұйымдастырған тәуелсіздік туралы конференцияда 9-11 сынып оқушылары Қазақ тілінің беделінің асқақтауы еліміздің егемендік туын тіккенімен байланысты екенін өз баяндамаларында жақсы жеткізді. Біздер осы жас ұрпақтың ойларының терең екендігін өздерінің ата-баба аңсаған егемен ел болып отқаны өткен жылдар еншісінде екенін, өз тарихтарын білетінін көрсетіп, сүйсіндірді. Әрине, тіл жоқ жерде ұлт болмайды, тілімізді дәріптеп, бабалар аманатын естен шығармау керектігін қазақ тілі онкүндігінде мектеп жас ұландары өз бойларына сіңіре білді десек артық айтпаймыз.
Қорытынды күндері директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Суюмбаева Ф. Елбасының данышпан саясатының арқасында елімізде қоныстанған барлық ұлттардың тілдерін, мәдениетін, сондай-ақ мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру бағытында қол жеткізген айтарлықтай жетістіктерге тоқталып, маңызды апталықта белсенділік танытқан топтарды, жеңімпаз топтарды, жеке тұлғаларды атап марапаттады, тіл мамандарына өз ризашылығын білдірді. Оқушылар өздерінің музыкаға деген қабілеттерін аңғартып, ән мен жырдан шашу шашып, оқушылар қазақтың ұлттық биін шабыттана орындап бейнебаяндарын жолдады.
Түйіндей келе, бұл шаралар осы мерекемен ғана шектеліп қалмай, әрі қарай өз жалғасын табады деп ойлаймыз.
Ұлы жазушы Мұхтар Әуезов «Ұлттың тілі – сол ұлттың жаны, жан-дүниесі. Ол жүректі соқтыртып тұрған қан тамыры сияқты. Егер де қан тамыры жабылып қалса, жүрек те соғуын тоқтатпай ма?» - деп тура айтқан. Олай болса, тілімізді қадірлей білейік!
Бірлестік жетекшісі: Серик Жанна

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет