Қаңқаның аурулары: остиопороз, сколиоз, сүйек туберкулезі
Орындаған: Маруа Ляззат
Тобы: ХБ-001
Тексерген:
Семей 2022
Жоспар:
Қаңқаның аурулары
Остиопороз
Сколиоз
Сүйек туберкулезі
Остиопороз
Остеопороз – сүйектердің жұқарып, нәтижесінде олардың бұзылу мүмкіндігі жоғарылайтын кең тараған ауру. Мұндай сынықтар ауру сезімі, бүкірлік, қозғалудың қиындауы сияқты әр түрлі проблемалар туындатады.
ОСТЕОПОРОЗ НЕДЕН ДАМИДЫ?
Адам ағзасында сүйектің ескі жасушаларының бұзылуы мен олардың жаңа жасушалармен алмасу үрдісі жүріп отырады. Бұл үрдіс қайта модельдеу (ремоделирование) деп аталады. Өсе келе адамның денесі сүйек массасын жоғалтқаннан гөрі көбірек жинақтайды. Балалық шақта сүйектер өседі және қатая бастайды. Ең жоғары сүйек массасы әдетте 30 жасқа дейін жиналады.
Белгілі бір жаста сүйектің қайта модельдеу (ремоделирование) үрдісі өзгереді. Сүйектің жаңа жасушаларының қалыптасуы бәсеңдейді. Бұл баяулау сүйек массасының азаюына әкеледі.
Сүйек массасының азаюы қауіпті деңгейге жетсе, онда сізде остеопороздың бар екендігін білдіреді.
ОСТЕОПОРОЗ СИМПТОМДАРЫ
Әдетте остеопороз кезінде ешқандай белгілер болмайды. Алайда бірнеше жылдан соң белдегі ауру сезімі, бойдың өсуінің тоқтауы және бүкірлік сияқты белгілер байқалады. Кейбір адамдар үшін аурудың ең алғашқы белгісі омыртқа немесе сан сүйегінің сынуы болып табылады.
Егер остеопороз қауіпті болса, онда отыру, тұру, жөтелу немесе тіпті құшақтау сынықтардың дамуына әкелуі мүмкін.
Кейбір адамдарда сыну кезіндегі ауру сезімі сүйектің жазылуына қарай азаяды. Ал кейбіреулерде ауру сезімі ұзаққа созылуы мүмкін.
Остеопорозбен ауру мүмкіндігін жоғарылататын факторларға жатады:
Отбасылық анамнез. Остеопороз тұқым қуалайды. Егер анаңызда сан сүйегінің немесе омыртқаның сынуы болса, онда сізде бұл аурумен ауру қаупі өте жоғары болады.
Жыныс: әйелдер ерлерге қарағанда остеопорозбен 4 есе жиі ауырады.
Жас: остеопороз кез келген адамда болуы мүмкін. Алайда жас ұлғайған сайын остеопороздың даму мүмкіндігі жоғарылайды. 50 жастан асқан әйелдер жиі ауырады. Неғұрлым жас үлкен болған сайын сынықтардың дамуы да арта түседі.
Сүйек құрылымы мен дене салмағы: жүдеу әйелдерде остеопорозбен ауру мүмкіндігі жоғары. 50 жастан асқан әйелдерде салмақ жоғалту сан сүйегінің сыну мүмкіндігін жоғарылатады, ал салмақ қосу, керісінше, азайтады. Сүйектері кіші жүдеу ер адамдарда салмағы жоғары, ірі денелі ер адамдармен салыстырғанда остеопорозбен ауыру қаупі жоғарырақ.
Анамнезде сынықтардың болуы: егер бір сынығыңыз болса, онда тағы да сынықтардың болу мүмкіндігі жоғары.
Темекі: зерттеулер темекі шегетін адамдарда (өткенде немесе қазіргі уақытта) сүйек массасы төмен және сынықтардың даму қаупі жоғары екенін көрсетті. Темекі шегетін әйелдерде сүйек денсаулығын қамтамасыз ететін эстроген гормоны төмен болады.
Дәрілер: кейбір дәрі-дәрмектер аурудың даму қаупін жоғарылатуы мүмкін. Бұған ұзақ уақыт стероидтарды, тироидты препараттар, антацидтер және тағы басқа дәрілерді қолдану жатады.
ОСТЕОПОРОЗ ЕМІ
Остеопороздың көптеген емдеу әдістері сүйек массасының азаюын тоқтатады және сынықтардың даму мүмкіндігін төмендетеді. Тамақтану рационын және өмір салтын өзгертуден бастаңыз. Мысалы, темекі шегуден бас тарту, өз рационыңызға көбірек кальций мен Д дәруменін қосу және спортпен шұғылдану. Алайда кейбір адамдарға сүйек массасының азаюын тоқтату үшін дәрілер қажет болуы мүмкін.
ҚАЛАЙ ОСТЕОПОРОЗДЫҢ АЛДЫН АЛУҒА БОЛАДЫ?
Физикалық жаттығулар. Сүйек пен бұлшықеттерді нығайтады. Жүру, асықпай баяу жүгіру, теннис ойнау, билеу сияқты жүктемесі бар жаттығулар остеопороздың алдын алу үшін өте пайдалы. Аптасына 3-4 реттен кем емес жасау қажет.
Сонымен қатар күш қолданатын жаттығулар және тепе-теңдікті сақтауға арналған жаттығулар бұлшықетті нығайтады және құлап қалудың алдын алуға көмектеседі. Бұл сүйекті сындырып алу мүмкіндігін азайтады.
Өз рационыңызға кальций қосыңыз. Сарапшылар әйелдерге менопаузаға дейін тәулігіне 1000 миллиграмм, ал менопаузадан кейін тәулігіне 1200 миллиграмм ұсынады.
Құрамында кальций мөлшері көп азық-түлікке жатады:
Сүт және сүт өнімдері;
Сүйегі бар консервіленген балық, мысалы ақсерке және сардина;
Жасыл жапырақты көкөністер, мысалы орамжапырақ және брокколи;
Кальций қосылған өнімдер, мысалы апельсин шырыны.
Күнделікті кальцийге бай өнімдердің төрт порциясын қолдану арқылы кальцийдің ұсынылған мөлшерін қабылдай аласыз.
Өз рационыңызды толықтырыңыз. Өзіңіз ішетін тамақ арқылы кальцийді қабылдаған жөн. Егер кальций жеткілікті мөлшерде болмаса, өз дәрігеріңізден кальций қосылған қоспаларды қабылдау туралы сұраңыз. Кейбір зерттеулер бұл дәрілердің кейбір адамдарда жүрек ұстамасының даму мүмкіндігін жоғарылататынын көрсеткен. Бірақ нақты білу үшін қосымша зерттеулер жүргізу керек. Сіз және дәрігеріңіз барлық қауіп-қатерді ескеріп, өзіңізге не пайдалы екенін шешу қажет.
Көбірек D дәрумені. Сіздің ағзаңызға Д дәрумені кальцийдің сіңірілуі үшін қажет. Д дәруменін таза ауада, күн сәулесінен ала аласыз. Алайда көп мөлшерде қабылдамаңыз. Өйткені терінің қатерлі ісігі дамуы мүмкін. Сонымен қатар Д дәруменін жұмыртқа, ақсерке сияқты майлы балық, Д дәруменімен байытылған сүт және астық дақылдары, қоспалардан ала аласыз.
Сколиоз - (көне грекше: σκολιός, лат.
scoliōsis — қисық, қисайған) —
омыртқаның бір бүйірге қарай
қисаюы.
Омыртқаның өз білігінен оңға немесе солға қарай қисаюына байланысты сколиозды деңгейлерге бөледі:
1-деңгейдегі сколиоз- омыртқаның аз деңгейде, өз білігінен 10
градусқа ғана қисаюы. барлық адамдар симметриялы
болмағандықтан, дененің оң жағы мен сол
жағында байқалмайтын айырмашылықтары бар,
әрқайсымызда омыртқаның өз білігінен азда болса ауытқуы
болады.Көбінесе адамдар бір ийықтың екіншісінен биік немесе
бас мүшесінің бүйірге қарай бұрылып тұратындай
ерекшеліктерді байқайды.
2-деңгейдегі сколиоз- омыртқаның өз білігінен 11-25 градусқа
қисаюы, бұл шындап ойланатын мәселе.Егер сколиоз 2-деңгейге
жетсе,оны жедел түрде түзету керек-бұны арнайы
жаттығулармен емдемесе, ол үдейлеп кетуі мүмкін.Бұл
диагнозды негізі жасөспірімге, оның бүкірейіп жүруіне орай,
онда мүлдемге сколиоз жоқ болса да, қояды!Бірақ бүкірлік
(кифоз) және сколиоз-екеуі екі бөлек! Бүкірлікті 2-деңгейлі
сколиозға қарағанда емдеу әлдеқайда жеңіл.
3-деңгейдегі сколиоз- омыртқаның өз білігінен оңға не солға
26-40 градусқа қисаюы.
4-деңгейдегі сколиоз- омыртқаның өз білігінен оңға не солға
40 градустан артық қисаюы
Сколиоздың түрлері
Туа пайда болған
- омыртқалардың дұрыс дамымауынан
- омыртқалардың формасының бұрыстығы
- қосымша омырқалар
Жүре пайда болған
- ревматикалық ( әдетте кенеттен болатын және миозит немесе
спондилоартрит дамыған кезінде бұлшықеттік контрактураның
түзілуінен)
- рахиттік ( тірек-қимыл аппаратының әртүрлі деформацияларының
нәтижесінде дамиды)
- паралитикалық (жүйке жүйесінің бұзылыстарынан дамиды)
- үйреншікті ( адамның үйреншікті дұрыс отырмауы немесе дұрыс
жүрмеуі)
Сколиоздың белгілері:
көзге көрінетін омыртқа бағанасының деформациясы
кеуде клеткасының конфигурациясының бұзылысы – сколиоз жақтағы қабырғааралықтардың шығып тұруы
Бел аймағында –бұлшықет жүктемесінің патологиясына байланысты бұлшықеттік валик
Кеуде клеткасы және құрсақ қуысы көлемінің өзгерісіне байланысты жүрек, өкпе, асқазан, ішек жұмыстарының бұзылыстары
мойындық сколиоз кезінде қанайналымның жеткіліксіздігінен бас миының бұзылысы жалпақтабандылық, бір аяқтың қысқаруы, жүрудің бұзылысы
Депрессия, истерия, эмоциональды бұзылыстар
Алдың-алу шаралары
Дұрыс арқаны ұстаудың ережелері:
1. Үстел, парта, теледидар немесе компьютер алдында түзу отыр,
бүкірейме!
2. Орындықтың шетіне отырма-бұлай отыру қолайсыз әрі бұдан арқаң
ауырады.
3. Арқаң ауыра бастаса, дене тұрысыңды өзгерт;
4. Үстел басында ойнағанда, жазғанда, оқығанда арқаңды тік ұста;
5. Сергіту сәтінде міндетті түрде:
аяғыңның ұшында тұрып, қолыңды жоғары көтеріп, созыл;
жүзіп жүрген сияқты қолдарыңды алға және артқа соз;
«диірмен» жаттығуын жаса;
10 рет отырып тұр;
қабырға және орындықтан 10 рет қолыңды бүгіп, жаз;
баяу басыңды оңға және солға жоғары және төмен бұр;
10 рет көзіңді қыс.
6. Бір орында отырмай үзілісте жүгір немесе жүр!
7. Егер үйде отырсаң-әр бір сағат сайын сергіту жаттығуын жаса!
8. Міндетті түрде спортпен шұғылдан-ол өте пайдалы әрі көңілді!
Сүйек-буын туберкулезі дегеніміз- бұл сүйек
және буынның барлық бөлімдерінің
спецификалық қабынуын айтамыз.
Патогенезі және патологиялық анатомиясы
ТМБ алғашқы рет жұққанда инфекция лимфогематогенді жолымен
таралады.Сонымен қатар жазылған туберкулез ошақтарының асқынуы
кезінде гематогенді жолмен инфекцияның кеш жайылуы нәтижесінде сүйек
және буын туберкулезі дамиды.
Суйек-буын туберкулезіның дамуы 4 сатыға ажыратылады
I саты артрит, спондилит алдындағы сатысы деп аталады, бұнде
туберкулез ошағы қалыптасады, сүйек тіні өзгермейді
II-III сатылары артрит,спондилит фазалырының басталған және
мейлінше өршіген кезі ; туберкулез үрдісі синовиальды қабыққа ,
буынның сүйекті беткейіне , көрші жатқан омыртқаларға жайылады.
IV сатысында-артрит соңындағы (артриттен кейінгі)спондилит,
соңындағы (спондилиттен кейінгі)-туберкулез өршуінің бәсеңдеп,
тұрақталуы(стабилизация), скелеттің пішінінде елеулі
өзгерістер(деформациялары) анықталады.
•Жарақаттар
•Тірек қимыл жүйесіне түсетін
жүктемелер
•Суықтау
• Қайталамалы инфекциялық аурулар
Еңбек пен тұрмыстық қолайсыз жағдайлар
Сүйек туберкулезі дамуына бейімдеуші факторлар
Локализациясы
• Сүйек-буын туберкулезі көбінесе омыртқада
орналасады,сирек жағдайда сан-жамбас буынында
және тізе буынында,өте сирек шынтақ және
иық,табан сүйек,саусақ және басқа сүйектерде
орналасды.
Клиника
Интоксикация
Салмағының төмендеуі
ұйқының бұзылысы,
тәбеттің төмендеуі,
дене температурасының
жоғарылауы
• арқа бұлшықеттерінің
немесе буындарда ауру
сезімі
• шаршағыштық,
• бұлшықеттерінің
тартылуы
Омыртқа туберкулезі(спондилит)
Спондилит сүйек буын
туберкулезінің 40% —
құрайды. Омыртқа
туберкулезімен көбінесе
жас балалар ауырады. 2, 4
— кеуде омыртқалары жиі
зақымдалады. Қабыну
кезеңдері спондилит алды,
спондилиттік және
спондилиттен кейінгі деп
бөлінеді
Жамбас сүйегінің туберкулезі (Коксит)
• Коксит сүйек-буын туберкулезінің 20%- қамтиды.
• 3-7 жасар балаларда жиі кездеседі.
• Туберкулезді интоксикация салдарынан бала әлсіреп,
тез шаршайды, жамбас буынындағы ауырсыну тізеге
де тарайды. Науқас ауырған аяқты жартылай бүгіп,
салмақ түсірмеуге тырысады.
• Рентгенографияда ортан жіліктің басында
остеопороз, деструкция, буын саңылауның тарылуы
көрінеді.
Тізе туберкулезі( Гонит)
• Туберкулезді гонит сүйек-буын
туберкулезінің 15-20%- кездеседі.
• Клиникасы туберкулезді кокситке
ұқсас келеді. Айырмашылығы тізе
буынының ісігі айқын көрінеді
және буын пішіні ұршық тәріздес
болып келеді, бетіндегі тері
жабындысы ісікпен
кернелгендіктен бозарады. Бұл
белгіні ақ ісік деп атайды (tumor
alba).
Шынтақ буынының туберкулезі (оленит)
• Сүйек буын туберкулезі арасында 2,3—2,6% жағдайда кездеседі.
• Оленит 20 жасқа дейінгі адамдарда кездеседі.
• Шынтақ буынының туберкулезінің пайда болуы қолдағы
әлсіздік, бүгілудің шектелуі, буындардың ісінуі,
бұлшықеттердің атрофиялануымен байланысты.
• Туберкулездің бұл түрінде диструкция ошағы иық сүйегі мен шынтақ сүйегінде кездеседі.Созылмалы ағымында казеозды некроз ошақтары сүйек атрофиясы және остеопарозбен көрінеді.
Назарларыңызға рақмет!!!