1.Электртерістігі бірдей екі атом ковалентті байланыс орнатса, онда бұндай байланыс коваленттік полюссіз байланыс деп аталады. Ковалентті полюссіз байланыс орнаған молекулада, екі атом ядросының ортақ электрон бұлтшаға дейінгі арақашықтық бірдей болады.
2.Электртерістігі әртүрлі екі атомның сыртқы валенттік электрондары ортақ жұпты құрса, ортақ электрон жұбы, бұнда, электртерістігі басым атомның ядросына тартылады. Бұндай байланыс коваленттік полюсті байланыс деп аталады.
3. Егер химиялық байланыс екі немесе үш жұп электрондар арқылы түзілетін болса, онда еселі байланыстар түзіледі. Органикалық қосылыс құрамындағы байланыстың еселігі өскен сайын оның беріктігі де артады.
4. Химиялық байланыс бір электрондық жұбы арқылы пайда болса, онда дара (жай) байланыс түзіледі. Мұндай байланыс σ (сигма) - байланыс деп аталады. Бұл жағдайда орбитальдарының қаптасуы нәтижесінде пайда болған электрон тығыздығы атом ядроларын қосатын түзудің бойында жатады және σ-байланыстың бірнеше жағдайы болады. pi }-байланыс түзілгенде, электрон орбитальдары қаптасқан кезде пайда болатын электрон тығыздығы σ-байланыстың электрон тығыздығынан азырақ болады. Сондықтан
π}-байланыс σ-байланыстан әлсіз болады және оның электрон тығыздығы көміртек атомдарының біреуіне қарай оңай ығысады.