Тобы: мдб-т-19 Практика түрі: Жұмысшы мамандығын алу бойынша өндірістік практика Өтілетін күні



Дата25.01.2022
өлшемі21,98 Kb.
#114637
Байланысты:
пед 07
DapterAdisi

Мамандығы: 0101000-«Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту»

Тобы: МДБ-Т-19

Практика түрі: Жұмысшы мамандығын алу бойынша өндірістік практика

Өтілетін күні: 07.06.2021

Әдіскер: У.Ксмаханова

Орындаған: Арманқызы Аяулым.
СӘЛЕМЕТСІЗ БЕ !
Негізгі талқыланатын сұрақтар:
Мектепке дейінгі ұйымда қауіпсіздікті қамтамасыз ету жұмысын ұйымдастыру.
ҮЙ ТАПСЫРМАСЫ:


  1. Мектепке дейінгі ұйымда қауіпсіздікті қамтамасыз ету жұмысын ұйымдастыруда мектепке дейінгі  ұйымдар (МДҰ) басшыларына қойылатын талаптарды атаңыз.


Білім беру ұйымдары, оның ішінде мектепке дейінгі  ұйымдар (МДҰ) басшыларына қойылатын талаптардың жоғарылығы осымен айқындалады, осыған қажетті  барлық іс-шараларды кәсіпорнында  жүргізу арқылы олар өздеріне сеніп тапсырылған мекемедегі балалар мен қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге міндетті.

Жағдайды бақылап отырады, ББ-мен, АҚ және ТЖ бөлімдерімен байланыста болады.


  1. Өрт кезінде балаларды эвакуациялау кезіндегі тәрбиеші көмекшісінің балалармен жүргізетін іс әрекеті.


Балаларды көшіруге көмектеседі.

  1. Айналасындағы жағдай мен өз күшін бағалауға тырысу. Балаларды тыныштандыру. Абыржуды (паника) болдырмау. Балаларды қайтадан санау.

  2. Балаларды сапқа тұрғызу. Тәрбиешінің көмекшісі сулы орамалдар үлестіреді (онымен ауыз бен мұрынды жабады). Тәрбиешінің көмекшісі балалардың жартылай отырған күйде, олардың периладан емес, қабырғадан ұстағанын бақылай отырып топ бекітіліп қойылған шығатын жерге әкеледі.

  3. Балаларды  өрт командасының ғимаратқа кіретін жолына кедергі болмайтындай қашықтықтағы қауіпсіз жерге  апару керек.

  4. Балаларды «Қатысушылар табелімен» салыстыра отырып, қайтадан санап, мәліметтерді жауапты адам - әдіскерге беру қажет.

Егер қосымша шығар жолды от басса

1. Айналасындағы жағдай мен өз күшін бағалауға тырысу. Балаларды тыныштандыру. Абыржуды (паника) болдырмау. Балаларды қайтадан санау.

2. Балаларды сапқа тұрғызу. Тәрбиешінің көмекшісі сулы орамалдар үлестіреді (онымен ауыз бен мұрынды жабады). Тәрбиешінің көмекшісі балалардың жартылай отырған күйде, олардың периладан емес, қабырғадан ұстағанын бақылай отырып қосымша шығатын ең жақын орынға апарады. Тәрбиеші артта жүреді.  

3. Балаларды  өрт командасының ғимаратқа кіретін жолына кедергі болмайтындай қашықтықтағы қауіпсіз жерге  апару керек.

4. Балаларды «Қатысушылар табелімен» салыстыра отырып, қайтадан санап, мәліметтерді жауапты адам - әдіскерге беру қажет.

Егер 2-қабаттағы топтан шығатын жерді от басса

1.Айналасындағы жағдай мен өз күшін бағалауға тырысу. Балаларды тыныштандыру. Абыржуды (паника) болдырмау. Балаларды қайтадан санау.

2. Тәрбиеші терезені ашып, балалардың назарын өзіне аудартады.

3. Көмек күтеді. Қандай болған жағдайда да өздігінен балаларды төсек жаймасымен, жіппен және су ағатын құбырмен төмен түсірмейді.

Егер 1-қабаттағы топтан шығатын жерді от басса

  1. Айналасындағы жағдай мен өз күшін бағалауға тырысу. Балаларды тыныштандыру. Абыржуды (паника) болдырмау. Балаларды қайтадан санау.

  2. Баларды оттан қауіпсіз жердегі еденге (терезенің қасына) жатқызады.

  3. Тәрбиешінің көмекшісі есіктегі саңылауларды төсек жапқышпен  жауып, есікке, ол жанып кетпеуі үшін ішкі жағынан жақсылап су құяды.

  4. Тәрбиеші штырьді бұзып, терезені ашады және торды сындырады. Балалардың назарын өзіне аудартады. Тәрбиешінің көмекшісі ғимараттан бірінші шығып, балалрды қабылдап алады.

  5. Тәрбиеші алдымен қолындағы «Қатысу табелі» арқылы барлығының сыртқа шығарылғанын тексеріп барып,  ғимараттан ең соңынан шығады.

  6. Балаларды  өрт командасының ғимаратқа кіретін жолына кедергі болмайтындай қашықтықтағы қауіпсіз жерге  апару керек.

  7. Балаларды «Қатысушылар табелімен» салыстыра отырып, қайтадан санап, мәліметтерді жауапты адам - әдіскерге беру қажет.

Топта электр құралдары салдарынан өрт болса

1. Электр құралдарын токтан ажырату.

2. Құралды ауа кіргізбеу үшін кез келген тығыз матамен үстінен жабу керек. Эгер бұл көмектеспесе, су құю қажет.

3. Егер сіз жағдайды игере алмасаңыз, «Өрт кезінде балалрды эвакуациялау» нұсқаулығын қараңыз.

4. Өз артыңнан есікті тығыздап жабу және өрт туралы хабарлауды ұмытпау өте маңызды.

Егер адам жанып жатса

  1. Егер адам үстіндегі киім жанып жатса, жүгірмеу керек – онда от күшейіп кетеді. Өрт маңында жүргендердің киімі жанса, жүгіртпеу. құтылуға көмектесу.

  2. Егер жанында қар да, шалшық та жоқ болса, онда жерге жата қалып, от басылғанша аунап-домалаған дұрыс. Зардап шегушіге не істеу керек екендігін айтып, көмектесу қажет.

  3. Соңғы мүмкіндік - өз үстіңе (зардап шегушіге) кез келген тығыз мата (пальто, көрпе және басқа) жауып тасталады әрі басы ашық қалады.

  4. Дәрігер қарағанға дейін дененің күйген жерлерінен киімді шешіп тастауға тырыспаңыз.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет