Тобы: впк-16-4к М.Әуезов атындағы ОҚму-дың



Дата19.02.2020
өлшемі24,66 Kb.
#58399
Байланысты:
Тобы впк-16-4к М. уезов атында ы О му-ды (1)

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
«Кешкі және қашықтықтан оқыту» институтты

«Жалпы психология» кафедрасы

ПСИХОЛОГО-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ІС-ТӘЖІРИБЕ БОЙЫНША ЕСЕП

Орындаған: Рохмонбердиев Н
Тобы: ВПК-16-4к
М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың

«Кешкі және қашықтықтан

оқыту» институтты

Бастапқы әскери дайындық

мамандығының ІІ курс студенті

Рохмонбердиев Нурзодтың

іс-тәжірибе бойынша

Есебі

Мен Рохмонбердиев Нурзод іс – тәжірибенің алғашқы күнінде студенттерді іс-тәжірибеге жіберілгендігі жайлы университет ректорының бұйрығымен , іс-тәжірибе мазмұнымен және тапсырмаларымен таныстым. Іс – тәжірибенің алғашқы күнінде жетекшіммен және ағылшын пәні мұғалімімен , маған бекітілген 6 «ақ» сыныбымен таныстым. Менің сынып жетекшім әрі пән мұғалімім Оралова Лаура болды.

Іс – тәжірибенің келесі күнінде іс-тәжірибе өту мекемесімен таныстым.

Бізді мектептің құрылу тарихымен және ұжыммен таныстырды. Сынып жетекшілермен , пән мұғалімдерімен , мектеп басшылығымен әңгімелестік.

Ұйымның қызметін айқындайтын құжаттармен таныстым.Мектептің оқу-тәрбие жұмыстары жүйесін зерделеп, сыныптың және қатысушылардың жас ерекшеліктерін зерттедім. Мектептің жұмыс жоспарына талдау жүргіздім.

Сынып журналын, медициналық картасын , оқушылардың жеке іс-қағаздарын зерттедім. Оқушылардың шығармашылық жұмыстарын бақыладым.

Сынып жетекшісінің жұмыс жоспарымен таныстым. Тұтас педагогикалық үрдіс тұрғысынан алғанда сынып жетекшісінің оқу жұмыс барысындағы , және сыныптан тыс уақыттағы психологиялық тәжірибесімен, әр оқушымен жеке жұмыс жасауын , ата-аналарымен тығыз байланыста болуын бақыладым.Өзіме тәжірибе жинадым.

Пән бойынша оқу кабинеттерінің оқушылардың танымдық қызығушылықтарын қаншалықты әсер ететіндігін зерттедім.Пән мұғалімдерінің сабақ өту барысын, тәсілін, әдісін, оқушылармен жеке жұмыс және топтық жұмыс жасай отырып сабақ өтуін зерделедім.

Сыныптың оқу пәндері бойынша сабақ кестесімен таныстым. Пән мұғалімдерінің сыныптан тыс, оқу бағдарламаларымен, күнтізбелік тақырыптық , сабақ жоспары (орта мерзімді, қысқа мерзімді ) жұмыс жоспарымен таныстым.

Пән мұғалімінің сабағына ену, психологиялық және педагогикалық талдау жасадым. Өз сыныбындағы сыныптан тыс іс-шараларға, түрлі пәндердің сабақтарына сабаққа қатысу барысында оқушыларды бақыладым. Сабаққа педагогикалық және психологиялық талдау жасадым.

Сыныптан тыс тәрбие сағаттарын , сабақтарды ұйымдастыруда сынып жетекшісіне көмектестім. Сабақты ұйымдастыруда пән мұғаліміне көмек бердім. Пән мұғалімінің сабаққа дидактикалық материалдарды дайындауда көмектестім.

Психологиялық зерттеу жұмыстарын жүргіздім және оның нәтижелерін педагогикалық үрдісті тиімді жүзеге асыру үшін қолдандым, Оқушыға психологиялық -педагогикалық мінездеме, сыныпқа педагогикалық және психологиялық мінездеме жасадым;

Сабаққа оқытудың техникалық құралдарын , дидактикалық материалдар, көрнекі құралдар даярладым.Пән мұғалімінің сабағына қатысып сабақ өту барысын бақыладым, сабақ өту әдістерән , тәсілдерінен өзіме тәжірибе жинақтадым.

Сынып жетекшісінің ағымдағы тәрбие сағатына қатыстым. Сынып жетекшісінің оқушылармен жұмысын жақсы тәртібіне қарай мадақтап, ал теріс қылықтары үшін жазалау әдістерін қолданғанын бақыладым. Тәрбие жұмыс жоспарын даярладым. Сыныпта өткізілген тәрбие жұмысымен танысу және өткізілген іс-шараларға деген қызығушылығын зерделедім. Жеке тапсырма және ғылыми жұмыстарды орындадым. Іс-тәжірибеден өту барысында есеп жасадым, іс-тәжірибені қорытындыладым. Іс-тәжірибенің есебін қорғадым.




Сыныпқа психологиялық –педагогикалық мінездеме

Мен іс-тәжірибеден өту үшін бекітілген 6 «ақ» сыныбында 30 оқушы бар. Оның 13-і ұл балалар болса, 17-і қыз балалар. Әлеуметтік құрамы орташа. Материалдық жағынан жеткілікті қамтылған. Сынып оқушылары ұйымшыл, бір-бірімен жақсы араласады.Оқушылардың үлгерімі жақсы деңгейде деп айта аламын. Сыныпта берілген оқу материалдарын оңай меңгеретін , зейіні жақсы дамыған оқушылар көп. Сынып жетекшісі Әділ Ақерке апай өзінің сыныбындағы оқушылырға өз деңгейлерінде талап қояды. Сынып жетекшісінің қоятын талаптары ең алдымен тәртіп, әр оқушы өзіне берілген жұмысты уакытында орындауы тиіс. Сонымен қатар, оқу процесінде үлгерімі жақсы оқушы үлгерімі нашарлау оқушыға көмек береді. Әр апта ашық есік күніне ата-аналар жиналып, оқушылардың оқу-тәртіп үлгерімін қадағалап отырады. Ата-аналар жиналысында ең алдымен оқушылардың оқу үлгерімі мен тәрбиесі қаралады, сонымен қатар білім беру бағдарламасындағы жаңа өзгерістермен ата-аналарды хабардар етіп отырады. Сынып іші топ-топқа бөліну, бір-бірімен араласпай жүру деген сияқты жаман қылықтардан аулақ. Оқушылар ұйымшыл, бір-бірімен өте жақсы араласады. Сабақ үстінде бір-біріне үнемі көмектесіп отырады. Сонымен қатар ата-аналардан балаларын үйде міндетті түрде қадағалау керектігін қатаң түрде ескертіп өтеді. Және де оқушылардың сыныптан тыс тәрбиелік жұмыстар мен тәрбиелік шараларға қатысуы және де қызығушылықтары жоғары. Оқушылардың кей біреулері салауатты өмір салтын ұстанып спортпен шұғылданса , енді бірі ән , бірі би, біреулері қолөнер шахмат үйірмелеріне үзбей , белсенді түрде қатысады. Сынып оқушылары сынып жетекшілерімен бірге экскурсияларға шығады. Кейде сынып болып жиналып, зейнеттегі қарт ата-әжелерге де көмек қолын созып , көмектесіп тұрады.



Қорытынды

Қорыта келгенде, мен 22.01.2018-03.02.2018ж. уақыт аралығында психолого-педагогикалық іс-тәжірибеде болдым. Бұл іс-тәжірибе №23 мектеп-гимназиясына күнделікті барып жүрдім. Ұйымды айқындайтын құжаттармен таныстым. Сынып жетекшісінің апта сайын өтетін тәрбиелік жұмыс жоспарымен, маған берілген сынып ұжымымен таныстым. Апта сайын оқушылармен өтілетін тәрбие сағаттарына қатысып жүрдім. Оқушылардың бір-біріне ұйымшылдығын, бірлесіп жұмыс жасайтынын, ұйымдасушылық қабілеттерін байқадым. Сонымен қатар, бастапқы әскери дайындық сабақтарына қатысып, ағайдың сабақ өту әдістерін және оқушылардың қызығушылығын арттыру тәсілдерін үйрендім. Сабақ түсінікті болу үшін көптеген көрнекіліктер қолданып, жаттығу залдарына барып оқушыларды шынықтырды. Ағай өз ісіне жауапкершілікпен қарайды.

Сыныпта оқитын оқушыларды жан-жақты зерттеп, оларға мінездеме жасадым. Оқушылар қызығушылығы жоғары, белсенді, сабақ үлгерімдері жақсы, бір-бірімен жақсы қарым-қатынаста болады. Бірлесе ұйымдасып, түрлі шараларға қатысады.

Мектеп ұжымы өз істеріне белсенді, қазіргі заманның талабына сай, жаңа бағытта қоғамға ілесе жұмыс атқарып жатыр. Оқушылардың саналы да, сапалы білім алуларына, білімді де, білгір азамат пен азаматша етіп тәрбиелеуге бар еңбектерін аямай, ат салысады.



Сабақты психологиялық-педагогикалық талдау

Сабақтың мазмұны оқушыларға лайықты етіліп, нақты жинақталған. Алдыңғы сабақта қол жеткізген соңғы нәтижені және тақырыпты оқытудың психологиялық міндеттері ескерілген.Оқушыларды дамытуға мүмкіндік беретін жекелеген психо- педагогикалық құралдар мен әдістемелік әдістер нақты жинақталған.

Сабақтың мазмұны мен құрылымы дамыта оқыту қағидасына сәйкес келеді. Оқущылардың ойлау әрекеттері мен ес процессіне лайықты және дайын білімді сол күйінде игеру (оқытушы сөзінен, оқу құралынан, әдістемелік нұсқаулықтан) және өз бетінше іздену процесі жоспарланған. Мұғалім өзін-өзі бақылауын есепке алып, сабақтың ұйымдастыруын жүзеге асырады. Қатысушылардың қиялы мен ойлау әрекетін ұйымдастыруда, жаңа бейнелер, ұғымдар мен жаңа көзқарасының дамуын қалыптастыруда психологиялық заңдылықтарға негізделген. Оқушылардың белсенділігі мен өз бетінше ойлау әрекетін қамтамасыз ететін жұмыстың формасы мен әдістері жоспарланған. Ойлау қабілеттерін (жазбаша, салыстырмалы, жіктеуші және түсіндіруші, бағалаушы, мәселелік) және талқылау, қорытындылау қабілеттерін дамытуға жетекшілік жасалынған. Оқушыларға түрлі шығармашылық жұмыстарды пайдалану жұмыстың мақсатын түсіндіру, оны орындау шарттарын анықтау, материялдарды таңдау және жүйелеуге үйрету, сонымен қатар нәтижелерді өңдеу жұмыстары да жасалынған. Дағдыларды қалыптастыруға түрлі жаттығу арқылы қол жеткізеді. Оқушылардың білім алуға деген ынтасы, олардың өзін-өзі ұйымдастыруы мен ақыл-ой деңгейінің даму көрсеткіші жоғары.Сабақты ұйымдастыруда қатысушылардың жас және жеке ерекшеліктері ескеріген, сабақты дейгейлеп ұйымдастырылған.

Сынып ұжымына психологиялық –педагогикалық мінездеме

Мен іс-тәжірибеден өту үшін бекітілген 10 «А» сыныбында 20 оқушы бар. Оның 12-і ұл балалар болса, 8-і қыз балалар. Оқушылары ұйымшыл, бір-бірімен жақсы араласады.Оқушылардың үлгерімі жақсы деңгейде деп айта аламын. Үйірмелерге қатысу жағынан қыздарға қарағанда ұлдар басым. Олар баскетбол, футбол, воллейбол спорт үйірмелеріне қатысады.Сыныпта берілген оқу материалдарын оңай меңгеретін , зейіні жақсы дамыған оқушылар көп. Сынып жетекшісінің қоятын талаптары ең алдымен тәртіп, әр оқушы өзіне берілген жұмысты уакытында орындауы тиіс. Әр апта ашық есік күніне ата-аналар жиналып, оқушылардың оқу-тәртіп үлгерімін қадағалап отырады. Бірінші сыныптан бастап бірге оқып дос болып келе жатқан оқушылар да бар.



Сыныптағы ұлдар мен қыздар арасындағы қарым-қатынас жақсы. Көбінесе ұлдар қыздарды сыйлап, олардың ырықтарына көніп отырады.Ресми емес көшбасшы немесе ұжымнан тыс қалған оқушылар бұл сыныпта жоқ, барлығы бір ауыздан әрекет етеді.Ата-аналар жиналысында ең алдымен оқушылардың оқу үлгерімі мен тәрбиесі қаралады, сонымен қатар білім беру бағдарламасындағы жаңа өзгерістермен ата-аналарды хабардар етіп отырады. Сынып іші топ-топқа бөліну, бір-бірімен араласпай жүру деген сияқты жаман қылықтардан аулақ. Оқушылар ұйымшыл, бір-бірімен өте жақсы араласады.

Сабақ үстінде бір-біріне үнемі көмектесіп отырады. Сынып жетекшісі мен пән мұғалімдерінің талаптарын лезде әрі ұқыпты орындауға тырысады. Бос уақыттарында түрлі үйімелерге қатысады. Кез – келген жұмыстарды сүйіспеншілікпен орындайды, өзіне жүктелген жұмысты әрқашан өз уақытында орындайды. Сыныптан тыс жұмыстарды сынып жетекшісінің көмегімен көбінесе сынып әкімі мен тәрбие секторы ұйымдастырады. Барлығын жоспарлап алғаннан соң әрбір оқушыға тапсырмаларын бөліп беріп, орындалуын қадағалап отырады. Тапсырманы әр оқушының бейімділігін, жеке-дара ерекшелігін ескере отырып бөледі.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет