Тоғышар арамшөптер



Дата24.07.2017
өлшемі9,96 Kb.
#21978

Тоғышар арамшөптер

Тоғызшар арамшөптер өздігінен қоректену қабілетін жоғалтқан, сондықтан өзіне керекті заттарды иесі болып табылатын мәдени өсімдіктерден алады. Мәдени дақылдарға сорғыштармен жанасады. Олардың тамырлары, хлорофилі жоқ, жапырақтары да түбегейлі өзгеріске ұшыраған.

  • Тоғызшар арамшөптер өздігінен қоректену қабілетін жоғалтқан, сондықтан өзіне керекті заттарды иесі болып табылатын мәдени өсімдіктерден алады. Мәдени дақылдарға сорғыштармен жанасады. Олардың тамырлары, хлорофилі жоқ, жапырақтары да түбегейлі өзгеріске ұшыраған.
  • Қожайын өсімдіктің
  • жабысқан мүшесіне
  • байланысты (2)
  • Тамырлық
  • тоғышарлар
  • Сабақтық
  • тоғышарлар

Тамырлы арамшөптер

  • Сұңғыла жатады. Сұңғыла тамырға жанасып өседі. Оның ішінде жиірек күнбағыстық сұңғыла. Сұңғыланың 100 түрі кездеседі, ал біздің елде 40 түрі тараған. Олар көбінесе мәдени дақылдар мен арамшөптермен тоғышар ретінде өседі. Сұңғыла – жасыл түсі жоқ, тамыр мен сабақсыз бір жылдық өсімдік.

Бұтақты сұңғыла.

  • Сұңғылалар тұқымдасына жатады. Ресейдің оңтүстік жағы мен Кавказда тараған.Күнбағыс, кендір, құлмақ, сәбіз, қауын және арамшөп өсімдіктері –қалақай, жусан, түйежоңышқа, арышта паразитті тіршілік етеді.Зақымданған өсімдіктер нашар дамып, өнімділігі төмендейді, кейде тіршілігін жояды.

Биологиялық сипаттамасы.

  • Сабағы бұтақталған, биіктігі 40см жетеді. Маусым, қыркүйек айларында гүлдеп, тамыз бен қазан айларында жеміс береді. Жемісі екі жақты қорапша, ұзындығы 6...7мм. Тұқымдары ұсақ, эллипс және дөңгелек.1000 тұқымның массасы 0,02г. Бір өсімідіктің жеміс беруі 100 мың тұқымға дейін. Тіршілікке қабілеттігі 5...7 жыл сақталады.

Бұтақты сұңғыла.

Күресу шаралары.

  • - Күнбағыс, қызанақ, темекі, бақша дақылдарын егу;
  • - Ауыспалы егісті қолдану, яғни 8...10 жылдан ерте екпеу;
  • - Суландыруды қолдану;
  • - Агротехникалық тәсілдер қолдану:
  • - терең жырту
  • - фосфор-калий тыңайтқыштарын енгізу

Күнбағыс сұңғыласы.

  • Сұңғылалар тұқымдасына жатады. Еліміздің оңтүстік аудандарында тараған. Күнбағыс, темекі,кендір және көптеген арамшөптерде паразитті тіршілік етеді.

Биологиялық ерекшеліктері.

  • Сабағының ұзындығы 30...40 см, бұтақтанбаған. Сабақтың ұшында түтікті гүлдер орналақан.Бір сабақ ұшында 100 мың тұқымға дейін қалыптасады.Сұңғыланың ерекшелігі- тұқым өнгіштігінің физиологиясында. Күнбағысты сепкеннен кейін өскіндер 40...65 күннен кейін өсіп шығады.

Күнбағыс сұңғыласы.

Күнбағыс сұңғыласының көрінісі.

Сабақты тоғышар.

  • Өсімдік өкілдеріне шырмауық тұқымдасының арамшырмауығы жатады.Олардың ішінде кең тарағаны бедеде, эспарцетте, жоңышқада, кейде зығырда тоғышар ретінде өмір сүретін беде, арамсояу шөбі.

Беде арамсояуы.

  • Арамсоу тұқымдасына жатады. Беде,жоңышқа, сиыржоңышқа, картоп, бұршақ өсімдіктерінде, жайылымдарда паразитті тіршілік етеді. Сонымен бірге көптеген арамшөптерде дами алады. Зияндылығы өте жоғары. Мысалы, сиыржоңышқа өнімділігін 70% төмендетеді.Пішеннің сапасын төмендетіп, малдардың аруына әкелуі мүмкін.

Биологиялық сипаттама.

  • Арамсояу бір өсімдікте 2 мыңнан 6 мыңға дейін тұқым қалыптастыра алады.Тұқымның мөлшері – 0,8...1,0 мм. 18С температурада өңгіштігі жоғарлайды. Тұқымдары өңгіштігін топырақта 12 жыл сақтайды, ал мал асқазанынан өткен тұқымдар өнгіштігін жоғалтады. Сабақтары -14С суыққа да үсімейді.

Беде арамсояу.

Дала арамсояуы.

  • Сабағы жіңішке қызыл түсті, өрмелеп өсетін, жапырағы мен тамыры болмайтын өсімдік. Сабағында шоқ түрінде кішкентай гүлдер орналасады. Тұқым оңтайлы жағдай болған кезінде тез өніп, сорғыштармен өскіннің жоғарғы бөлігі арқылы қожайын өсімдік сабағын алдын-ала 3 рет оралып оған жанасады. Жемісі шар тәрізді, қорапша. Бір өсімдік жылына 30 мыңға жуық тұқым қалыптастырады. Олар тіршілік қабілеттігін 5 жылға дейін сақтайды. Бұл каронтин қойылатын өсімдік болып табылады.

Зығыр арамсояуы.

  • Арамсояу тұқымдасына жатады. Зығыр өсіретін аудандардыңоңтүстік және орталық аудандарда кең тараған. Ауру өсідік массасының азаюымен, сабағының ұзындығының қысқаруымен және жіңішкеруімен, талшық құрамының азаюымен білінеді. Зақымданған өсімдік шеттен тыс бұтақтанады. Бір өсімдік 15...20 мың тұқым қалыптастырады. Тұқым тіршілік сақтау қабілеті 2...3 жыл.

Зығыр арамсояу

Егістік арамсояу.

  • Арамсояу тұқымдасына жатады. Кең тараған. Тұқымдары ірі, ұзындығы 2 см дейін, сары немесе қоңыр түсті. 5 см тереңдіктегі тұқымдар қолайлы температура жағдайында 20...25 күннен кейін өніп шығады. Бір өсімдікте 15...20 мың тұқым қалыптасады. Тіршілік қабілеттігін 6...7 жыл сақтайды.

Егістік арамсояу.


Каталог: uploads -> doc -> 0f19
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0f19 -> Буылтық құрттар типі 7 сынып Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы Жармыш орта мектебінің биология пәні мұғалімі
0f19 -> Технология пәнінен «Оригами-қағаз бүктеу өнері»
0f19 -> Сабақтың мақсаты: Логарифмдік және көрсеткіштік теңдеулер бойынша алған білімдерін жүйелеу және пысықтау
0f19 -> Сабақ. Сабақтың тақырыбы: "Менің отбасым"


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет