Орындаған: Құдайберген Ж.Қ Тарих пәні мұғалімі, БИЛ 2
Білім беру сапасын арттыру бойынша заманауи халықаралық зерттеулер Функционалдық сауаттылық - білім берудің жеке тұлғаны қалыптастырудағы әлеуметтік бағдарлануы. Қазіргі тез өзгермелі әлемге функционалдық сауаттылық – оқушының әлеуметтік, мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге белсенді қатысуына, сондай-ақ өмір бойы білім алуына ықпал ететін базалық фактор.
TIMSS, PIRLS халықаралық зерттеулер аясында бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастыру.
TIMSS зерттеуіне оқушыға, мұғалімге , мектеп әкімшілігіне арналған сауалнамалар кіреді. Сауалнаманы толтыру үшін әр адамға 30 минутқа жуық уақыт қажет.
PISA үш жылдық мерзіммен өткізілетін білім беру ұйымдарында 15 жастағы білім алушылардың математикадан сауаттылығын бағалауға арналған халықаралық зерттеу. Оқушылардың білім жетістіктерін зерттеу негізгі үш бағыт бойынша жүзеге асырылады: математикалық сауаттылық, жаратылыстану сауаттылығы, оқу сауаттылығы.
PIRLS зерттеуі – бастауыш сынып оқушыларының мәтінді оқу және түсіну сапасын зерттеуге арналған. Халықаралық жоба бесжылдық мерзіммен өткізіледі (2001, 2006, 2011, 2016) Зерттеу нысаны бастауыш сынып бітірушілерінің оқу жетістіктерін анықтайды.