Тема: Развитие функциональной грам



бет1/3
Дата22.12.2022
өлшемі0,62 Mb.
#163936
  1   2   3
Байланысты:
tuleushov-g.s himiya-sabaғynda-oқushylardyң-funkczionaldyқ-sauattylyғyn-қalyptastyruғa-arnalғan-tapsyrmalar-dajyndau

Химия сабағында оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруға арналған тапсырмалар дайындау


Тулеушов Г

Білім - тұлғаны әлеуметтендірудің негізгі институттарының бірі. Білім берудің басты мақсаты - өзін-өзі одан әрі дамытуға қабілетті, еркін, жауапкершілікті, адамгершілігі мол тұлғаны қалыптастыру. Химияны оқытудың мақсаты - химиялық білім жүйесін және қоршаған әлем туралы жаратылыстану-ғылыми түсінік жүйесін тұтас қалыптастыру, функционалды құзыретті және шығармашыл тұлғаны дамыту.


«Функционалдық сауаттылық» терминін 1957 жылы ЮНЕСКО «сауаттылық» және «минималды сауаттылық» ұғымдарымен қатар енгізді.
Функционалдық сауаттылық (лат. - бағыт) - адамның өзіне жүктелген немесе өз еркімен қабылдаған функцияларды орындауға дайындық дәрежесі.

Функционалдық сауаттылық дегеніміз - адамның белгілі бір мәдени ортада өмір сүруін жүзеге асыруға қажетті минимум болып саналатын, әлеуметтік қатынастар жүйесінде адамның қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз ететін білім, білік және дағдылардың деңгейі.


Негізгі қадамдар
Оқу бағдарламасының
бөлімдеріне сәйкес
білім беру
маршруттарын
құру
Нұсқаулық
тарды таңдау
нәтижелерді
бақылау
Әдістемелік
нұсқаулар
әзірлеу

Қызмет сауаттылық (өз қызметінің мақсаттары мен міндеттерін қою және өзгерту мүмкіндігі)


Байланыс орнату
Белгісіздік жағдайында іс-әрекеттің қарапайым әрекеттерін жүзеге асыру

Мектептен тыс уақытта: Адам өмірде әр түрлі химиялық заттарды, кір жуу ұнтақтарын, тұрмыстық тазалау құралдарын қолдану кезінде, консервілеуде ерітінділерді дайындауда, тұздауда және т.б. қолданар алдындағы нұсқаулықтар мұқит оқуы қажет.

Тақырыбы: «Ерітінділер» Тапсырма 1. Көп қан жоғалтқан науқастар жансақтау бөліміне түседі. Бұл жағдайларда 0,85% натрий хлоридінің ерітіндісін қолданады (р = 1 г / мл), ол физиологиялық ерітінді деп аталады. 1.Сіз жансақтау бөліміндегі медбике екеніңізді елестетіп көріңіз және шұғыл түрде 800 мл осындай ерітінді дайындауыңыз қажет. Медбикенің орнында болсаңыз қалай дайындайтын едіңіз?? 2. Наурыз айының ортасында бағбандар егіндікке тұқымдар дайындай бастайды. Оларды алдымен жылыту батареясының үстіне қойып кептірген соң 10 мин ас тұзының 5% ерітіндісіне орналастырады. Егіндікке тек су түбіне батқан тұқымдарды таңдап алады. Тұзды ерітіндімен өңдеу толыққанды тұқымдарды таңдауға ғана емес, сонымен қатар олардың бетінен қоздырғыштарды кетіруге көмектеседі. Осы ерітіндінің 80 г дайындаңыз.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет