Ток күші 5А тогы бар тұйық рамаға әсер етуші күш моменті 2Н*м. Раманың ауданы с Магнит өрісінің индукциясын тап



Дата09.12.2022
өлшемі18,7 Kb.
#161965
Байланысты:
есептер


А деңгей:
1. Ток күші 3 А болған ұзындығы 10 см өткізгіш магнит индукция векторы
0, 2 Тл магнит өрісіне орналастырылған. Магнит индукция күш сызықтары перпендекуляр бағытталған. Өткізгішке әсер ету күшін тап.
2. Ток күші 5А тогы бар тұйық рамаға әсер етуші күш моменті 2Н*м. Раманың ауданы 4 см2. Магнит өрісінің индукциясын тап.
3. Біртекті магнит өрісінде 2 мкКл электр заряды 10 м/с жылдамдықпен қозғалады. Зарядқа индукциясы 0, 1Тл магнит өрісі тарапынан күш әсер ету күшін анықта.

В деңгей:
1. Заряды 10 мкКл және массасы 1 мг электр зарядының тозаңы біртекті магнит өрісінде шеңбер бойымен қозғалады. Өрістің индукциясы 1 Тл, ал тозаңның жылдамдығының шамасы 5 м/с болса, шеңбердің радиусын анықта.
2. Актив бөлігінің ұзындығы 4 см өткізгіштегі ток күші 20А - ге тең. Ол индукциясы 10 мТл біртекті магнит өрісінде орналастырылған. Егер өткізгіш сызықтарына перпендикуляр 10 см - ге орын ауыстырс, осындағы істелген жұмысты табыңдар.
3. Индукция сызықтарына перпендикуляр бағытта магнит өрісіне 10 Мм/с жылдамдықпен электрон ұшып кіреді. Егер электрон өрісте радиусы 1 см шеңбер сызатын болса, онда өріс индукциясын табыңдар.

С деңгей:
1. Зарядталған бөлшек 0, 6Мм/с жылдамдықпен индукциясы 0, 31 Тл біртекті магнит өрісінде радиусы 4 см шеңбер бойымен қозғалады. Бөлшектің кинетикалық энергиясы 1, 2*10 - 15 Дж - ге тең. Заряд шамасын анықта.
2. Индукциясы 0, 1 Тл біртекті магнит өрісінде электрон 2м жол жүргеннен кейінгі кинетикалық энергиясы қаншаға өзгереді? Электрон магнит өрісінде күш сызықтарына перпендикуляр бағытта 10км/с жылдамдықпен қозғалады.
3. Зарядталған бөлшек потенциалдар айырмасы 15 В индукциясы 0, 5 Тл магнит өрісінде индукция күш сызықтарына перпендикуляр бағытта қозғалады. Егер электрон радиусы 10 см шеңбер бойымен қозғалатын болса онда бөлшектің зарядының оның массасына қатынасын тап.

№ 1. Арақашықтығы 6 м бірдей екі нүктелік электр зарядтары бос кеңістікте 0,1 Н күшпен әрекеттеседі. Осы зарядтың шамасын тап. (2*10 -5 Кл)


№ 2. Аспандағы көршілес екі бұлт әр аттас зарядтармен зарядталған. Заряд шамасы 20 Кл, олардың арақашықтығы 10 км. Осы бұлттар бір-біріне қандай күшпен тартылады ? (3,6-104 Н)
№ 3. Сыйымдылықтар бірдей екі конденсатор параллель жалғанған. Осы конденсаторды 2 В кернеуге жалғағанда , әрбір конденсатор астарларындағы заряд 10 -4 Кл болса, сыйымдылығы қандай болғаны? (2*10-4 Ф)
2-деңгей есептері
№ 4. Конденсатор ауданы 200 см 2 екі пластинакадан тұрады. Осы пластинкалар арасында қалыңдығы 0,1 см болатын слюда бар. Диэлектрлік өтімділігі 6 деп алып, конденсатордың сыйымдылығын табу керек. (1060 пФ)
№ 5. Радиусы 10 см шар берілген. Сол шардың бетінен 5 м қашықтықтағы электр өрісінің потенциалы 10 В. Шардың потенциалын табу керек (510 В)
3- деңгей есептері
№ 6. Сыйымдылықтары 30 мкФ және 40 мкФ болатын екі конденсаторды параллель және тізбектей жалғағанда конденсатор батареяларының сыйымдылығы қандай болады ? (70 мкФ, 17 мкФ)
№ 7. Судың диэлектрлік өтімділігі 81-ге тең. Су ішінде 10 -8 Кл заряд орналасқан. Осы зарядтан 2,1 м жердегі электр өрісінің кернеулігін тап (0,25 В/м)
№ 8. Жер бетіндегі кернеулік 130 В/м. Жердің толық заряды неге тең? Жер радиусы 6,4-106 м. (6*105 Кл)


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет