Төменде берілген екі мәтінді оқып, тапсырманы орындаңыз мәтіні



Дата17.04.2024
өлшемі34,26 Kb.
#200963
Байланысты:
Ò ìåíäå áåð³ëãåí åê³ ì ò³íä³ î ûï, òàïñûðìàíû îðûíäà ûç ì ò³í³


Төменде берілген екі мәтінді оқып, тапсырманы орындаңыз.



  1. мәтіні: газет мақаласынан үзінді

Сүлеймен Демирел университетінің оқытушысы, PhD доктор Мұхтар Сеңгірбаймен тілші сұхбаты.
Ақпарат кеңістігіндегі бәсекеге шыдас беру үшін газеттер ендігі жерде не істеуі
керек?
Осыдан 5-6 жыл бұрын қазақ газеттері жойылады деген болжамдар жасалған. Бірақ уақыттың өзі көрсетіп отырғандай, жоғала қойған жоқ. Өйткені цифрлы техника, алдымен, адам денсаулығына зиян, адамның ойлануына мүмкіндік бермейді, жалқаулыққа жетелейді.

«Цифрлы ғасырда газет атаулы жойылады» деген түсінік қате, менің ойымша, «газет» деген сөздің өзі мән-мағынасын өзгертіп, ақпарат құралы ретінде оның формасы да, мазмұны да, таралу әдісі де, оқырмандары да түгелімен ауысады және бұл қазір болып та жатыр.




Кез келген БАҚ-тың бүкіл әлемге таралуына мүмкіндік бар. Ақпарат құралдары оқырман назары үшін әлем деңгейінде бәсекеге түседі. Мәселен, Орталық Азия халқының өміріне қызығатын адам оны New York Times-тан емес, «Егемен Қазақстаннан» оқи алатындай болуы үшін не істеу керек?
Қағаз түріндегі газет ақпарат таратудың бір формасы ретінде сақталады, ол планшеттен жалыққан немесе бір ауық көзін демалтқысы келетін, яки асықпай оқып, ой қорытқысы келетін оқырманға қосымша мәлімет береді. ХХІ ғасыр оқырманы жай мәтін оқып қоя салатын адам емес, ол басылымның мазмұнын қалыптастырып, оны бағыттап, байытып отырады.

Газет – сауаттылық пен эстетиканың жаршысы, тәрбие беруші құрал. Кез келген журналистің біліктілігін арттыру газеттен, журналдан бастау алу керек. Тегінде, Қытайда мектеп оқушыларына қаламсаппен жазғызбайтын. Жазуларыңды бұзады деп. Оның орнына сиялы қаламмен жазуға үгіттейтін. Себебі қаламсап пен сиялы қаламның айырмасы бар. Біреуі - дайын өнім, екіншісі - еңбек. Себебі сияға малып мәнерлеп жазу – тәрбие. Осы тұрғыдан келгенде, газеттің бәсі басым екенін айту керек.


(229 сөз)



  1. мәтіні: ғаламтор мақаласынан үзінді

Газет – өмір айнасы
Цифрлы дәуірде тек қағаз түрінде басылып, белгілі бір аумаққа таралатын ақпараттық газет шығарудың мәні жоқ екені түсінікті. Әлем бойынша газет, журнал атаулының таралымы күрт төмендеуде, себебі жаңа буын жаңалықты планшет пен смартфоннан, компьютерден оқуға ойысып барады. Өйткені аптасына, айына шығатын газеттердің беретін ақпаратын күн сайын, сағат сайын жаңалап отыратын жылдам желі жеңіп кетті. Ал сізге белгілі ақпаратты қайталап оқудың қажеті бар ма?! Кезінде газетті ақпарат алмасу үшін, қоғамда не болып жатқанын білу үшін оқитын едік. Енді тек архивін қазып, жазбасын жаңартуға, одан қалса, оттық ретінде пайдаланамыз.

АҚШ-тың «New York Times» газеті 1851 жылдан бері тоқтамай жасап келеді. Оны таласа оқитын оқырманы жетерлік. Тіпті әлемдік БАҚ сол газеттен сілтеме жасау арқылы ақпараттар таратып жатады. Күніге ақпартты толықтырып, мәні мен мағынасы толысқан мақала жазу- тілшінің шеберлігі. Ендеше, біздің тілшілеріміз әлсіз бе?! Әлсіздіктен гөрі ізденімпаздық пен жаңашылдыққа ұмтылу үдерісі жоқ секілді. Олай дейтініміз – аптасына бір келетін газеттің бетінен қайталанған, сылдыр сөзден сүбелі сөз құраған авторлардың мақаласы мен қаптаған құттықтаулар оқимыз. Адам газетті, ең бірінші, «кеше немесе осы аптада не болды екен?» деп ашады. Одан кейін «әлем не дейді, қоғам ше?» деген екінші ой келеді. Бәрінен шаршаған кезде ғана танымдық не қызықты дүние іздейді. Ал бізде алғашқы екеуі бар, оның өзінде сараптау емес, тек «болды, бітті, өтті, енді не болмақ?» деген жанама сұрақтары бар тақырыптар. Ал оқырманын қызықтыратын газеттің жаңашылдық көзқарасы жоқтың қасы.


(220 сөз)


Тапсырма:

Екі мәтіндегі ақпарат пен өз пікірлеріңізді пайдаланып, «Бұқаралық ақпарат құралдарының адам өмірінде маңызы бар ма?» деген тақырыпта эссе жазыңыз. Эсседегі сөз көлемі 170-200 сөз болуы қажет.


9-сынып емтихан тапсырмалары Қазақ тілі

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет