Топ:
Ересек топ
Тақырып:
Жүгіру
Мақсаты:
Балаларды бір-бірден коллонада жүгіруге үйрету
Міндеттері:
-жүгіруден жүруге ауыса білуге жаттықтыру;
-көтерілген тірекпен жүру кезінде тепе-теңдікті және дұрыс позаны сақтау.
Барысы:
I бөлім. Бір-бірден колоннада жүгірумен кезектесіп жүру (10 м -
жаяу жүру, 20 м – жүгіру);шашыраңқы жүгіру; тәрбиешінің сигналымен коллонада өз
орнын тауып жүгіру.Үш коллонаны қайта құру.
Жүру және жүгіру кезектескен кезде педагог бубенді соғу арқылы белгі береді
(қол шапалақтау арқылы), немесе қозғалыстың әртүрлі қарқынын анықтау
арқылы.Сигнал бойынша коллона бойымен жүгіріп өз орның табу.Үш коллона құру.
II бөлім. Жалпы дамыту жаттығулары
Б.Қ- негізгі тұрыс (өкшелер бірге), қол төменде. 1-2—қолды сыртқа қарай жоғары
көтеріп, өкшемен көтерілу; 3—4 —бастапқы қалыпқа оралу (6-8 рет).
Б.Қ - аяқтар иық көлемінде, қол белде. 1 -денені оңға ,қолды жоғары көтеріп оңға
бұрылу; 2 — бастапқы қалып;
3-4 - басқа бағытта (6-8 рет).
Б.Қ- негізгі тұрыс,қол белде; 1-2 - еңкею, тізе екі жаққа бүгу, қолдар алға; 3-4 -
бастапқы ұстаным (5-8 рет).
Б.Қ- аяқтар иық көлемінде, қол белде. 1 -қолды екі жаққа; 2 - алға және төмен иілу,
саусақпен аяктың ұшына тигізу; 3 —түзелу, қолдар екі жаққа қарай; 4 - бастапқы
тұрыс (6-7 рет).
Б.Қ- негізгі тұрыс,қол белде. Екі аяқпен секіру жаяу жүрумен (немесе қысқа үзіліспен)
кезектестіру
(қатарынан 20 секіру). 3-4 рет қайталау.
Қозғалыстың негізгі түрлері
I. Гимнастикалық орындықта түзу жүру, бір аяқтың өкшесін екінші аяқтың ұшына
дейін басына қап қою; қолдар еркін тепе-теңдікті сақтай отырып, тұрақты тепе-
теңдікті сақтауға көмектеседі.
Мұнда және одан әрі Б.Қ - бастапқы жартысы.
Достарыңызбен бөлісу: |