Тоқсандық жиынтық бағалау (20 б) 11 а
1.Актив кедергісі өте аз катушка жиілігі 50 Гц айнымалы ток тізбегіне қосылған.Кернеу 125 В және ток күші 2,5 А болса катушканың индуктивтігі қанша? (3 б)
2.Тербелмелі контур конденсаторының пластиналарындағы заряд q=10-2cos4.4*102t теңдеуі бойынша өзгереді.Катушкадағы магнит өрісінің максимал энергиясы 0,02 Дж болса , конденсатор сыйымдылығы қанша? (3 б)
3.Тербелмелі контур конденсаторының максимал кернеуі 40 В –қа артқанда ток күшінің максимал мәні 3 есе артты.Конденсатордағы бастапқы кернеуді тап. (4 б)
4.Айнымалы ток жиілігі 50 Гц.Тербеліс басталғаннан периодтың қай бөлігі өткенде айнымалы токтың амплитудалық мәні әсерлік мәніне тең болады?
(4 б)
5.Трансформатордың бірінші орамасында 2400 орам бар.11 В жүктемедегі кернеуде сыртқы тізбекке 22 Вт қуат беру үшін екінші орамада қанша орам болуға тиіс? Екінші орамның кедергісі 0,2 Ом.Желідегі кернеу 380 В. (3 б)
6.Егер контур катушкасының индуктивтілігін 25 % арттырсақ, ал конденсатор сыйымдылығын 5 есе арттырсақ онда контурдың периоды қалай өзгереді? (3 б)
Достарыңызбен бөлісу: |