Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіров 1946 жылы 27 шілдеде Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, 1-ші Май ауылында дүниеге келді.
Ол кез соғыс жаңа бітіп, батырлықты, ерлікті уағыздаған уақыт болатын. Әкесі Оңғарбаймен шешесі Қамия көзге көрініп, көз жұмған 9 ұлдан кейінгі перзентіне «енді осы жаманымыз аман болсыншы» деген ниетпен азан шақырып, Тоқтар есімін беріпті. Ата-анасы ерте дүние салды. Кішкентайынан ата-анасынан айырылғаннан ба, Тоқтар бұйығы, оқшау өсті. Ол апасы Бикенмен жездесі Нығметтің тәрбиесінде болды.
1962-65жж. Теміртау құйма механикалық зауытында токарь болды.1976ж. Мәскеу авиация институтын бітірген 1979ж.. Мәскеудегі А.И.Микоян атындағы Тәжірибелік-конструкторлық бюроның ұшқыш-сынақшы.Қазақтың тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров қазір зейнеткер, сәйгүлік баптап, саят құрып жүрген жайы бар. Бірақ парламент депутаттығына сайлауға түсуі мүмкін екенін де жасырған жоқ. Осы және басқа да жайттар турасында зейнеттегі ғарышкер Азаттыққа берген сұхбатында әңгімелеген еді.
Тоқтар Әубәкіров — Қазақстанның тұңғыш ғарышкері
1991 ж 2 қазанда Байқоңыр ғарыш алаңынан “Союз ТМ - 12” ғарыш кемесімен ұшып, “ Мир” орбиталдық комплексінеде өзге ғарышкерлермен бірге сегіз тәулік бойы ғылыми ө зерттеу жұмыстарын жүргізіді. 1992 ж. сәуірінен — Қазақстан Республикасы қорғаныс мемлекеттік комитетінің төрағасының бірінші орынбасары, Қазақстан Республикасы Президентінің ғарыш игеру жөнінде көмекшісі.
Парламентке сайланудын алдында Қазақстан Республикасы Ұлттық аэроғарыш агенттігінің бас директоры, Алматы қаласы.
Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 12 шақырылым депутаты, ҚР Жоғарғы Кеңесінің 13 шақырым депутаты, Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің 3-ші шақырылым депутаты болып сайланған.
1991 Ю.А. Гагарин атындағы Ғарышкер дайындау орталығында әзірлгін бастады, сынаушы ғарышкер-ұшқышы, сынаушы. «Союз ТМ» ғарыш кемесінде және «Мир» орбиталды кешенінде сынаушы ғарышкер-ұшқышы жылдамдатылған машықтануын ұшу бағдарламасы бойынша өтті.
1991 ж. қазанның 2-інде Тоқтар Әубәкіров зерттеуші ғарышкер есебінде, Александр Волков және аустрия ғарышкері Франц Фибөк, «Союз ТМ-13» ғарыш кемесімен ғарышқа ұшуға кірісті. Апта бойы «Мир» орбиталды кешенінде жұмыс істеді. 1991 ж. қазанның 10-ында Тоқтар Әубәкіров, Анатолий Арцебарский, аустрия ғарышкері Франц Фибөк «Союз ТМ-13» ғарыш кемесімен Жерге қайтып қонды. Ғарышта өтеген мерзімі — 7 күн 22 сағат 13 минут.