Төзімділікке жүгірудегі іріктеу және спорттық бағдарлау негіздері
|
Кенжебек Бауыржан Рахымжанұлы
|
Мазмұны
Кіріспе .........................................................................................................5
Күресішінің жаттықтыру барысындағы физиологиялық шыдамдылығын қалыптастыру әдіснамасы..........................................................................82
Арнайы дене күшін арттыру жолдары .....................................................93
Спорттық күрестің физиологиялық негіздері...........................................99
Күресшінің жылдамдық қабілеті және оны арттыру әдістемесі.............105
Күресшілерге арналған арнайы дайындық жаттығулары.....................107
Спортшының иілгіштік қасиетін қалыптастыру мен қажеттілігі............112
Күресшінің физиологиялық зақымдардан алдын алу............................118
Балалар мен жасөспірімдерді жаттықтырудың ерекшеліктері...............139
Қортынды...................................................................................................159
Қолданылған әдебиеттер..........................................................................161
Кіріспе
Бүгінгі күн жағдайынды қоғамның әлеуметтік- экономикалық дамуы табысты болуы үшін денсаулығы мықты жәнеде дене күштері жетілген тұлғаны тәрбиелеу қажеттігі туындап отыр.
Нарықтық экономика кезеңінде тұлға мен қоғам дамуына өсіп келе жатқан жас ұрпақтың денсаулығын нығайту өте қажетті және жоғары дәрежеде дене тәрбиесі жағынан даярлау аса маңызды міндеттердің бірі болып отыр. Демек, проблемены шешу жолдарының бірі спорт ойындарын қолодану арқылы оқушылардың бойында дене қасиеттерін тәрбителеу болып табылады.
Дене тәрбиесі және спорттық болашақ маманы ретінде, әсіресе күрес спортының түрлерінен жаттықтырушылық қызметін жүргізу барысында, олардың шығу тарихын және дамуын жете білуі қажет. Күрестің пайда болуы мен дамуын біздің заманымызға дейінгі дәуірдегі ертедегі кезеңінен басталғаны туралы мағлұмат беріледі. Ертедегі халықтардың әр түрлі жекпе-жек түрлерінен ең үлкен белгілісі күресті пайдаланғаны болды. Бұл кезеңде көптеген халықтардың аңызға айналған батырлары шықты. Барлық сол батырлар жеңілмеген күрес шеберлері болғаны мәлім болды.
Дене тәрбиесінің ішінде әсіресе күрестің дамуы Ертедегі Гректерде ерекше орын алғаны сипатталады. Ертедегі Греция Олимпиада ойындарының отаны болғаны (776ж. б.з.д.), бірінші Олимпиада ойынының бағдарламасына күрес өз бетінше спорт түрінде енгізілгені, сол уақыттағы көптеген көрнекті қайраткерлер олимпиада ойындарының жеңімпаздары болғаны мүсіндік ескерткіштерде, жазуларда, дастандарда айтылады. Қасиетті Рим империасының аймағында әртүрлі спорттың жекпе-жек түрлеріне үлкен мән берілгені белгілі болды. Бірақ та сол уақытта тұрақты сайыстық жекпе-жектер ережесі әлі өңделмеген болатын. Қазіргі грек-рим күресінің шарты Францияда өнделгенін, кәсіпқой балуандар арасында қала чемпионаттары өткізіле бастағаны айтылады.
Ерте заманнан қазақ халқы спорттың түрлерімен көп айналысып елін, жерін қорғауға өздерін дайындай білген. Қажымұхан атамыз грек-рим күресімен патшалық ресей кезінен бастап айналысып дүние жүзін аралап қазақ елін дүние жүзіне танытқан. 1950 жылдың аяқ кезінен бастап бүгінгі күнге дейін Қазақстан палуандары әлемдік жарыстарда жеңіске жетіп еліміздің көк байрағын аспанға желбіретуде.
Даңқты палуандар, ұстаздар шыққан қазақ елінде күрес бұдан да әрі дами түсетіні анық. Дүние жүзінде күреспен айналысатын палуандардың қатарының көбеюімен қатар олардың шеберліктері де өсуде, олимпиада ойындарына қатысамын деушілердің қатары көбеюіне байланысты, олимпиада ойындарының жаңынан құрылған кеңесінің шешімінің ұйғарымы бойынша әр елдің палуандары азиялық, еуропалық әлемдік біріншіліктерде және әлемдік күрес ұйымының кеңесінің бекіткен ұйғарымы бойынша халықаралық үлкен жарыстарда өз салмақ дәрежесінде жоғары орын алған палуандарға олимпиада ойындарына қатысуға жолдама беріледі.
Жолдаманы жеңіп алатын палуандардың қатарын көбейтіп және олардың шеберлік деңгейін жоғары көтеру үшін күреске тәрбиелейтін жаттықтырушылардың білімін ғылыми тұрғыда, іс жүзінде жетілдіріп әлемдік алдыңғы қатарлы әдістемелікпен жұмыс жүргізулері керек, ол үшін олар физиология, биохимия, психология, спорттық метрология, спорттық дәрігерлік және т.б. спортқа байланысты ғалымдарды (оқып терең жоғарғы деңгейде) меңгергені дұрыс.
Оқу құралының негізгі мақсаты ұстаздар жаттығуларды жасатқанда жұмыстарын ғылыми негізге сүйене отырып, жаттығу сатыларын дұрыс ұйымдастырып уақытылы палуанға қажетті әдіс-тәсілін, күшін, шыдамдылығын, шалтығып, ептілігін, иілгіштігін бойына сіңіріп санасына жеткізе және жетілдіре білгенде ғана келешекте дүние жүзіне танымал қазақ елінің абройын көтеретін палуандарды дайындайды.
Достарыңызбен бөлісу: |