Трахеит – кеңірдектің қабынуы. Бронхи т – бронхтардың қабынуы. Жіктемесі



бет1/7
Дата09.02.2023
өлшемі1,37 Mb.
#168122
  1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
9f042f39-2059-4da1-91ba-2f4879c0b316 2


Т р а х е и т – кеңірдектің қабынуы.
Б р о н х и т – бронхтардың қабынуы.


Жіктемесі :
Этиологиясы бойынша :

    • Инфекциялық бронхиттер (вирустық, микоплазмалық, бактериалдық, вирусты-бактериалдық;

    • Инфекциялық емес бронхиттер (физикалық және химиялық факторлардың әсерінен дамитын бронхиттер);

    • Аралас бронхиттер.

Патогенезі бойынша:

    • алғашқы біріншілік бронхит (қабыну процесі бронхтан басталады);

    • екіншілік бронхит (басқа патологиялық процестерді асқындырады- тұмау, қызылша, көкжөтел, tbc, өкпенің және жүректің созылмалы аурулары);

Орналасуы бойынша:

    • проксимальді (ірі бронхтардың қабынуы)

    • дистальді немесе обструкциялы

    • жедел бронхиолит (ұсақ бронхтардың қабынуы)



Қабынудың түрі бойынша:

    • катаральды

    • ісіңкі

    • іріңді – некрозды



Ағымының варианттары:

    • жедел (ұзақтығы 2-3апта)

    • созылыңқы (1 айға дейін, одан да ұзақ созылатын)

    • созылмалы (6 айдан асқанда)

Ж е д е л (жіті) б р о н х и т – бронхтың кілегей қабатының жедел түріндегі қабынуы.
Этиологиясы: салқын тию, ауа райы, еңбек жағдайлары, тұмау, қызылша, көкжөтел, дифтерия, созылмалы гайморит, ринит, тонзиллит, темекі шегу, маскүнемдік, улы заттармен дем алу (қышқыл және сілтілердің булары), ыстық және салқын ауаның әсері, басынан өткен ауыр аурулар, операциялар, гиповитаминоз, рационалды емес тамақтану.
Қоздырғыштары: пневмококк, стафилококк, стрептококк, Фридлендер пневмобацилласы, тұмау вирусы, парагрипп вирусы, хламидий, микоплазма, гемофилды таяқшасы, т.б.
Патогенезі: Зақымдану агенті кеңірдекке және бронхқа ауамен бірге, гематогенді мен лимфогенді жолдарымен енеді. Жедел бронхитта бронхтың кілегей қабаттары ісінеді (гиперемия, ісік). Бронх ішіне кілегей бөлінеді, экссудат әуелі серозды, кейін кілегейлі іріңді болады – ол екіншілік бактериалды инфекцияның енуінің нәтижесі.
Клиникасы: ауру тамақтың жыбырлауымен, мұрының бітелуімен, даусының қарлығуымен, кеуденің ауруымен басталады, жөтел, әлсіздік, кеуде, арқа бұлшық еттерінің ауырсынуы, терлеу болады. Алғашқы 2-3 күндегі жөтел құрғақ, кейін дөрекі, «ұру» тәрізді, ұстамалы болады. Сосын кілегейлі немесе кілегейлі-іріңді қақырық тастайды, кейде қатты жөтелгенде алқызыл - қан аралас қақырық бөлінеді. Жөтел бірте – бірте азайып, жұмсарады. Дене қызуы – 37 – 38°С;
Қараған кезде, пальпацияда және перкуссияда өзгеріс байқалмайды;
Аускультацияда – қатқыл тыныс, құрғақ ысқырықты сырыл, кейін ылғалды дыбыссыз сырыл естіледі;
R - өкпе сүреті түбір аймағында күшейеді.
Жалпы қан анализі онша өзгермейді немесе нейтрофилдік лейкоцитоз ( -цитоз) – 12*109 /л және ЭТЖ-ның сәл жоғарылауы (15 – 20 мм/сағ дейін) байқалады;




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет