Трансформаторлардың жылу модельдері көптеген әдебиеттерде қарастырылады. Ғылыми жоба бойынша жүргізілген зерттеулердің нәтижелерін қорытындылай келе, трансформатор құрылысын шекті элементтер әдісі апқылы компьютерлік модельдей отырып, трансформатор құрылысында ақау болмайтындай , алдын ала берілген өлшемдер бойынша модель құруға болатыны анықтады. “Трансформаторлардың жұмыс жасау принципін компьютерлік модельдеу” тақырыбында зерттеу жүргізген Асан Бақдаулет және Таңат Рамазан. Модель трансформатор кернеуі мен деформациялық күйінде және температуралық өлшемдеріне сәйкес жасалады. ELCUT бағдарламалау ортасында құрылған бағдарламалық кешенді пайдалану нәтижесінде, тарнсформатор элементтерінің шектік температуралық көрсеткішке төтеп беру мүмкіндігі, деформациялық күйі мен кернеуі есептелінді.