Тренинг: «Алкоголь және қоғам»
Мақсаты:
Жасөспірімдерге алкоголь зиянын, оның себеп-салдары туралы насихаттау.
«Ішімдікке бой алдырмаймын», «Жоқ мен оны қабылдамаймын» деген ұғымындарын қалыптастыру;
Салауатты өмір салтының қағидаларын ұстанатын ұрпақ тәрбиелеу.
Міндеттері:
- ішімдік ішуге адамдарға ненің итермейлейтінін анықтау;
- ішімдіктің адам ағзасына, жан-жағына, қоғамға келтіретін барлық зияны туралы ақпарат беру.
- ішімдіктер туралы «мифтерді» жою;
- жасөспірімдердің бір-бірімен, топта, қоғамда дұрыс қарым-қатынас құру қасиеттерін дамыту.
Кіріспе.
-Саламатсыздарма, құрметті студенттер, қонақтар!Бүгінгі біздің тренингімізге қош келдіңіздер! Біздердің бүгін жиналу себебіміз, ол қоғамды бірнеше ғасырлар бойы мазалап жүрген мәселенің бірі.
Қазір ортаға екі студентті шақырамын, келіңіздер. Енді мына көзілдірікті киіңіздер, ортаға жүрініздер.
Не көрдіңіздер, қандай сезімде болдыңыздар?
Ия , мас адамға ұқсап әрі-бері шайқалып жүрдіңіздер. Күлкіге қалдыңыздар, сонда ойыңызға не келді? 5 минут
Жауаптарына қарай қорытындылау. Рахмет, орындарыңызға барыңыз. Ал енді түгел барлығызды ортаға шақырамын, мына қораптың ішінде әріптеп жазылған сөздер бар, соларды сіздер қазір бір-бірден алып жасырынды сөзді табуыңыз керек. (Студенттер қораптан әріптерді алып жасырынды сөздерді құрастырады.) 5 минут
Қандай сөздер шықты екен? Дұрыс ішімдік, алкоголь, alcohol.Енді осы тапқан сөздер бойынша топтасып отырырыңыз. (Топтар орындарына отырады.)
Слайдпен тақырып шығару. «Алкоголь және қоғам»
Мінеки, өздеріңіз біздің қоғамымызды ғасырлар бойы мазалап жүрген мәселенің біреуін таптыңыздар. Ия, бұл мәселе қайда және қалай қарастырылмасын, әліде қоғамның мазасын кетіріп журген тақырып. Жастар өз-өзіне деген сенімі аз болғандықтан, өзгелердің көңілін аударту үшін және қоғамнан оқшауланбау үшін ішімдік ішеді. Дәрігерлердің айтуы бойынша, ішімдікке құмар болудан жүрек пен рак аурулары пайда болады. Сонымен қатар егер жол апатынан қаза болуға да алкоголь ішімдігінің кесірін қосатын болсақ, маскүнемдік адамның ең қас жауы болып есептеледі. Өйткені жастар өлімінің көбі арақ ішіп, мас күйде көлік жүргізу кесірінен орын алады,-дейді.Біздерде осы мәселенің қаншалықты ауыр, зиян екенің қарастырып , шешу жолдарын да іздеп көрейік, өз үлесімізді қоғам пікірлеріне қосайық. Себебі,осы қоғамның болашағы мына сіздерсіңіздер, қазіргі жастар!
Танысу:
Табылған сөздер бойынша топ болып бөлінген студенттер орындарға отырады.
Танысу тапсырмасы:
- топ атын атау, өздерін топ ішінде таныстыру ( жеке есімдерін атау) . әр топ таныстыру формасын өзі таңдайды, мысалы көрікті Камшат, білікті Болат.... «Өмір тобынан болат», немесе жай есімдерін атап ,топ атын айту.
Дайындық уақыты 5 минут, таныстыру 3 минут.
«Біздің ойымызша...» жаттығуы
-Топтарға ватман, суреттер, түрлі –түсті қағаздар, түрлі-түсті бояулар, ішімдік туралы мәліметтер таратылады.
Топтар осы берілген заттарды пайдаланып, төмендегі тақырыптарға өз ойларын айқындау керек. Әр топ басшысы тақырыпты келіп өзі таңдап суырып алады.
(Дайындалу уақыты 10 минут, қорғау уақыты 3-5 минут)
-«Ішімдіктің зияны адамменен қоғамға»
- «Ішімдікке апар жолдар»
--«Ішімдіктен арылу жолдары»
«Аяқталмаған сөйлем» жаттығуы.
Тренер төмендегі аяқталмаған сөйлемдерді оқиды, ал топтар өз орындарында отырып парақшаларға жауабын жазады:
- маскүнемді көргенде менің сезімдерім - ....
- маскүнем ол - ...
- адамның ішімдікке салыну себептері ....
-Маскүнемдердің қылықтарын көргенде мен мынаны түсінемін ....
- Егер мен ішімдіктен бас тарта алмасам, онда ....
- Ішімдіктің алғашқы қадамдары - …
Топтар берген жауаптарын дауыстап оқиды, қайталанбайтын жауаптарды талқылауға болады. 5-6 минут
Рефлексия:
Әуен қойып – би жаттығуын жасату. (бейнетаспаға түсірілген музыкалық жаттығуға).
-Рахмет, орныдарыңызға отырыңыз.
- Сөз кезегі аудандық салауатты өмір салтының орталығының
меңгерушісі Салтанат Саратқызына беріледі.
-Бейнетаспа көрсетілімі: «Алкогольге қарсымыз!» 5 минут
-Рахмет.
Адамды бiр ғана микроб өлтiруi мүмкiн. Сол сияқты ішiмдiктiң бір тамшысы жүректегi иманды жояды дегендей, енді бүгінгі тренингімізді қорытындылайық.
Слайд: «Өмір тозағының індеті» 3 мин
Осы слайдты карап отырып, столдарыңызда тұрған түрлі –түсті жапсырма парақшаларына бүгінгі тренингтен не ұққаныңызды, қандай әсер алғанызды, ішімдікке деген өз пікірлеріңіз туралы немесе сұрақтарыңыз болса жазып, дауыстап оқып мына тақтада тұрған тілек ағашына жапсырып ілулеруңізге болады. 2 минут
Бүгінгі тренингті мен, Тайжан бидің, ақыр заманның белгілері қандай деп сұрақ қойған кезіндегі берген жауабымен аяқтағым келіп түр:
Ашытқан судан асы болады,
Адал-арамды білмейді.
Азған адам осы болады,
Адамда шолақ өмір болады.
Құлшылық деген кәсіп болады,
Ұрлық деген нәсіп болады.
Етпен майды ас демейді,
Шарапсыз ас жемейді.
Ақырзаман осы болады! – деп жауап беріпті.
Осымен бүгінгі кездесуіміз аяқталды, қатысқандарыңызға рахмет.
Достарыңызбен бөлісу: |