Түрі: ойын мен әңгіме көрнекіліктер: медиапроектор, компьютер, экран, Барысы



Дата15.12.2016
өлшемі25,96 Kb.
#3953
Сынып сағаты 1 сынып

Тақырыбы:Салауатты өмір сүру деген не?

Мақсаты: оқушыларға «салауатты өмір салты»ұғымы туралы түсінік беру;оларды СӨС сақтауға баулып,спортқа деген қызығушылығын ояту тамақтану гигиенасы мен күн тәртібін сақтауға баулу.

Түрі: ойын мен әңгіме.

көрнекіліктер: медиапроектор, компьютер, экран,

Барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі

  2. Тақырыппен таныстыру

-бүгінгі сынып сағатымызда салауатты өмір салтының не екендігімен танысамыз.Ол үшін қазір ғажайып алаң ойынын ойнаймыз.Ал сендер СӨС не екені туралы ойлана отырып,ой түйетін болыңдар

  1. Слайд 1 ойын «Ғажайып алаң»

-бұл ойында қатысушылар сыйлықтар мен ақшалар алады,ал біз біліммен қаруланамыз.Ол біз үшін өте қажет.(ойларын ортаға салу)

Слайд 2 сынып 4 топқа бөлінеді.Жеребие алған топ ойынды бастайды. Тапсырмаларды таңдап жауап береді,ал жауап бере алмаса келесі топқа өтеді.Сөзді әріптеп,тұтас сөзбен шешуге болады. Ұпай саны тақтаға жазылады.



Ойын тапсырмалары

  • Категория «күн тәртібі» (слайд 6):

Бізге келіп , ертегі әлеміне әкетеді

Бірақ күн шыққанда , өзі қашып кетеді. (ұйқы)

-күн тәртібінде ұйқыдан басқа не бар?



  • Категория «тазалық 1» (слайд 3):

Сүйекті арқа,

Қатты қыл,

Пастамен дос,

Қызметін тос. (тіс щеткасы)

- тазалық заттарын ата



  • Категория «тазалық 2» (слайд 4):

Кішкентаймын,жұмсақпын,

Жуған қолды жұмсарттым.

Көбікпен доспын,

Су жоқта боспын. (сабын)

  • Категория «тазалық 3» (слайд 5):

Бұдырлымын.жолақпын

Шашақтымын,жұмсақпын(сүлгі)

Категория «Спорт 1» (слайд 7):
Гимнастикалық жаттығу орындау(музыкамен билеу)

Адам денсаулығына зиян әдеттер нелер?темекі,насыбай…(сұрақ-жауап)



  • Категория «Спорт 2» (слайд 10):

Екі атқа кезек-кезек міндім (шаңғы)

- денсаулығыңды жақсарту үшін қандай спорт түрлерімен шұғылданасың?



  • Категория «тамақтану 1» (слайд 8):

Бұл зат адамға өте қажет.Ол болмаса адам аурушаң келеді .(дәрумен)

  • Категория «тамақтану 2» (слайд 9):

Бақтың сәні не?(жеміс)

Дәруменге бай қандай тағамдарды білесіңдер?



-қандай тағамдар денсаулыққа зиян?(кока-кола)

  1. «Салауатты өмір салты»тақырыбының мағынасын ашу.(пікірлерін сұрау)

5.Қорытынды.Рефлексия.

-СӨС сақтау үшін еңбек пен демалысты дұрыс қалыптастыру.спортпен айналысу,дұрыс тамақтану,шынығу,зиянды әдеттен аулақ болу.

6.СӨС тақырыбына сурет салу.
Каталог: files -> loader
loader -> Бастауыш білім беру деңгейінің ОҚу пәндері бойынша үлгілік тақырыптық жоспарлары
loader -> №23 орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі
loader -> Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданы Сандықтас қонысы көрнекті ақын. Өлеңдері ел ішінде көп тараған. Дулат шығармалары негізінен дидактикалық негізде жазылған
loader -> Сабақтың тақырыбы: Абай шаңырағы Сабақтың мақсаты
loader -> Рассказ. Б. Комеков, С. Утениязов. «Шокан Уалиханов». Рассказ. Ж. Касымбаев. «Абылай хан»
loader -> Сабақтың мақсаты: Оқушыларды ақын өмірбаянымен
loader -> Ануарбек Дуйсенбиев «Зима в лесу»
loader -> Қарағанды тарландары


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет