Түркістан облысы,Арыс қаласы «Монтайтас жалпы орта білім беретін мектебі»кмм орындаған



Дата13.09.2022
өлшемі16,14 Kb.
#149393
Байланысты:
Эссе Ахмет Байтұрсынұлы
вирустар, 11сынып ЖМБ №1 БЖБ 2 тоқсан

Түркістан облысы,Арыс қаласы
«Монтайтас жалпы орта білім беретін мектебі»КММ
Орындаған:қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Сапарбаева Гүлзира Борамбаевна

Әлемдік кеңістіктегі Ахмет және ұлт бейнесі
Ахмет Байтұрсынұлы.Қазақ үшін қасиетті есім.Ол өз ұлтының бағы жану үшін өмірдің барлық саласына араласты.Бұған оның атақ-даңқы дәлел.Қазақ халқы біртуар перзентін қоғам және мемлекет қайраткері,ақын,әдебиет зерттеуші ғалым,түркітанушы,публицист,педагог,аудармашы,ұлттық жазудың реформаторы,ағартушы...ретінде жақсы біледі.«Ұстаздық-ұлы құрмет,болашақтың алтын көпірі,тірегі мен жүрегі.Ұрпақтың ұлы болуы,заман талабымен білім арнасына қосылып,өмір белесін бағындыру-тікелей ұлағатты ұстазбен ұштасып сабақтасатыны хақ.Қай заман болмасын өзінің еліне адал қызмет етіп,ағартушылық іс-әрекеттерді атқара отыра ұлтының тарихы мен ежелден бергі қазақ мәдениетінің арнасын бүгінге мұрағат етіп қалдырған ұлы ұстаздарымыз баршылық.Солардың ішінде ерекше атауға тұрарлық ғасыр жүгін арқалаған,заманының дүбірлі аламанында жас ұрпақты білім мен тәрбиенің кәусар бұлағынан сусындатқан – Ахмет Байтұрсынұлы.
«Жақсының аты өшпес демекші,Ахмет атамыз қазақ тілі мен әдебиеттану тану ғылымында орасан зор еңбек ету арқылы өскелең ұрпақ үшін өзінің есімін мәңгілікке өшпестей қылып қалдырып кеткен.Қазақ әліпбиінің реформаторы,һәм ақын,қазақ әдеби мұрасының жинастырушысы мен құрастырушысы болған Ахмет Байтұрсынұлының биыл 150 жылдық мерейтойы аталып өтілуде.Болашақ елінің ұстаздарына өнеге болған ұлт ұстазы өзінің тағдырының қиыншылықтары мен ғұмырының ащылығына қарамастан еңбек ету жолын ешқашан тоқтатпаған.
Ахмет Байтұрсынұлы – ұлт мақтанышы.Оның әр еңбегі бүгінгі ұрпақтың болашағы үшін жазылған.Асыл азаматтың алтын қаламынан тамған ақ өлердей сөздері ұлт жадында.Ахмет атамыздың аудармалары- түпнұсқадан ерекшеленіп,өзгеше өң мен бояу арқылы жаңа бір өнер туындысы деңгейіне дейін көтерілген көркем туындылар.Оның Крыловтан аударған мысалдары барлығымызға етене таныс.Крылов мысалдарында жануарлардың іс-әрекетін көрсете отыра,түп-тұқиянында адамдардың іс-әрекетін жасырып қояды.Онда орыс ұлтының өзіндік бояуы,ұлттық танымы мен өзіндік мәдениеті айқын байқалып тұрады.Ахмет Байтұрсынұлының аудармаларын аударма деуге ауыз бармайды.Құдды ұлттық мүддені ой елегінен өткізе білетін,елінің келешегін ойлаған қазақ ақынының кезекті бір өлеңі ме деп ойларсыз.Ахмет атамыздың мысал жазуына себеп болған бірден-бір мәселе,ол сол уақыттардағы қазақ халқының қараңғы түнекте ұйқыда жатуы,яғни надандық дәуірі өршіген сәтте,халықтың ілім-білімге ден қоймай,ел ісі,жер ісі дегенде кері тартуы.Өзі надан болып қана қоймай,ілім қуған қазақ зиялыларының аяғынан қазақтың шалғанына қатты ренішін білдіреді.Бар ғұмырын халық жолына арнаған Ахмет Байтұрсынұлы халықтың тілі мен өзіндік мәдениеті қалыптасқанда ғана елдің ертеңі жарқын боларына үлкен сенім білдірді. Ұлт болмысын сақтап қалу үшін әрбір салаға өлшеусіз үлес қосты.Ахмет атамыз жайлы жазбау,кейінгі ұрпаққа үлкен сын. Оның ерлігі, азаматтығы, адалдығы, отансүйгіштігі талай азаматтың бойына шабыт беріп, жанына қуат сыйлады. Ахмет ақырғы сәуле көзден жылт еткенше қазақ деп, Алаш деп өтумен болды. Бұл сөзімізді Сәкен Сейфуллиннің «Өзге оқыған қайраткерлер атақ қуып жүргенде, ұйқыдағы қара халықтың жоғын жоқтап, мұң —мұқтажына көңіл бөлген Патшалық Ресей заманында бір ғана тұлға болды, ол — Ахмет Байтұрсынұлы болатын»,— деген сөзі ағасына деген шынайы пейілмен айтылған інілік көзқарас болатын. Сол кезеңдегі бар ауыртпашылықты арқасына артып, бойына қазақилықты сіңірген Ахмет атамыз – бүгінгі ұрпақтың кемеңгері. Оның әр істеген ісі, әр сөзі келешек ұрпақтың санасында мәңгілік оттай жанып тұрмақ. Әр қазақ Ахмет Байтұрсынұлы аманаттаған сөзін арқалап, жетер жеріне дейін жеткізері анық.
ХХ ғасыр табалдырығын қазақ халқы жерінен айырылып, шаруашылығы күйзеліп, білім нәріне қанбай, санасын ұйқы басып, елдігінен айырылып, мемлекеттік қалпын жоғалтып, дауыл алдындағы тымырсықтай түнеріп аттады. Сол тұстағы қазақ қоғамында өткенді аңдап, алдын болжаған озық ойлы азаматтарды, жалпы «халқым, ұлтым» деген адамды ойландырған басты ой арнасы үш мәселеден бастау алады. Жер-ата-қоныс ғасырлар бойы сыртқы даудан қорғауда сан ұрпақтың қаны тамған, бүкіл тіршіліктің тірегі, одан айырылу ел ретіндегі тарихтың сахнасынан кетумен тең еді. Оқу – ұлттық сананың ояну негізі болса, одан ана тілі нәр алмау халық ретіндегі сан ғасырлық салт-сананың жиынтық болмысынан айырылу, сөйтіп, ұлттық алтын тамырдан қол үзіп, оянудың жолын қараңғы түнекке апарып тіреу еді. Ал патшалық отаршылдық саясаттың қыспағынан бірліктен айырылған, өзін-өзі билеуден қалған ел ұлы дамудың өркениетті жолына ығысып, құлдықтың құрдымына қарай жол тартқан болатын. Міне, осынау жойылудың осынау құрбандықтың үш үлкен мәселесі қазақ азаматтарын бірігуге, күш біріктіруге, сөйтіп, саяси күрес жолына шығуға жұмылдырды.Дана өз заманасынан озық туады, тозық елді озық етемін деп халқының алдына шығып, өрге сүйрейді, жолында тұрған кесапаттарды өңменінен түйрейді. Ол отаршылдықтың озбыр саясатына қарсы халықты ояту үшін халықты оқыту керек екенін түсінді. Осы жолда газет шығарып, мақала жазып, ұйқыдағы ұлтын оятып, замана аңғарын түсіндірді, өлең жазып, мақсат-мүддесін танытты.
Ойды қорыта келе Ахмет Байтұрсынұлы – Білімнің пірі.Білім саласына жазып қалдырған туындылары әлі де жүздеген жылдарға мұра болып қалып,білім саласына өз үлесін қоса бермек.Білім кілті ұлағат иелерінің кең пейілді жарқын бейнесі мен білімдарлығы арқылы шәкірт санасына қалары сөзсіз.Сондықтан да ұлт ұстазы Ахмет атамыздай тұлғаларды өнеге ретінде қарап әрі қарай олардың жолдарын жалғастыратын бірден-бір адам ол біз аяулы ұстаздар.Ұлттың ғылым-білімге көзін ашқан данасы,рухани тұлға тұтып ұлықтар ұлт ұстазы – Ахмет бар қазақ жұрты қандай бақытты!

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет