Түрлі пәндерді тереңдетіп оқытатын дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған
мектеп-интернаты
9 «А» сыныбының 2019-2020 оқу жылындағы тәрбие жұмысы туралы жарты жылдық
е с е б і
Сынып жетекшісі: Сарсенбаева А.С
Ақтау, 2020
Мектеп тәрбие жұмысының мақсаты: Жастардың бойында азаматтық пен қазақстандық патриотизмді қалыптастыру, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, халық дәстүрін дәріптеуге , әлемдік және отандық мәдениет жетістіктерін оқып үйренуге, салауатты өмір сүру дағдыларына, рухани- адамгершілік құндылықтар арқылы іс- әрекетін қалыптастыруға тәрбиелеу.
Міндеттері:
Ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға бағытталған сапалы білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау;
Жеке адамның шығармашылық, рухани және күш- қуат мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, даралықты дамыту үшін жағдай жасау арқылы ой- өрісін байыту;
Азаматтық пен патриотизмге, Отаны- Қазақстан Республикасына сүйңспеншілікке, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, халық дәстүрлерін қастерлеуге, Конституцияға, қайшы және қоғамға жат кез келген көріністерге төзбеуге тәрбиелеу;
Белсенді азаматтық ұстанымы бар жеке адамды тәрбиелеу, ел өміріне қатысу қажеттілігін, жеке адамның өз құқықтары мен міндеттеріне саналы көзқарасын қалыптастыру;
Отандық және әлемдік мәдениеттің жетістіктеріне баулу; қазақ халқы мен республиканың басқа да халықтарының тарихын; әдет- ғұрпы мен дәстүрлерін зерделеу, мемлекеттік тілді, орыс, шетел тілдерін меңгеру.