Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында оқыту формасын, әдістерін, технологияларын таңдауда көп нұсқалық қағидасы бекітілген, бұл білім мекемелірінің мұғалімдеріне,педагогтарына өзіне оңтайлы нұсқаны қолдануға,педагогикалық процесті кез-келген үлгімен, тіпті авторлық үлгімен құруға мүмкіндік береді. Осыған сәйкес және оқытудың тиімділігін арттыру мақсатында жаңа білім парадигмасына сүйене отырып, Генрих Саулович Альтшуллер жасаған ӨТШТ (ТРИЗ)технологиясы. ӨТШТ-ның ұраны «Барлығын айтуға болады?» 1946 жылы Г.С Альтшуллер шығармашылық әдіснама бойынша жұмысын бастады. ӨТШТ атауы кейінірек 70жылы пайда болады. ӨТШТ технологиясын Г.С.Альтшулер ойлап тапқан. Шығармашылық тапсырмаларды орындау теориясы адамның шығармашылық мүмкіндіктерін дамытудың жаңа әдістемесі үшін негіз болып табылады. Шығармашылық мүмкіндіктердің көріне бастауының себебі - балалық кездегі елестету деңгейінің жоғарлығымен, балалардың ойлауын танымдық бағытының дамуымен түсіндіріледі.
Мектепке дейінгі балалық шаққа бейімделген ӨТШТ технологиясы баланы шығармашылық тапсырмаларды орындауды үйретеді және оның бойында шығармашылық қажеттілікті дамыта отырып, оның қызығушылығына сүйене отырып, шығармашылыққа жүйелі түрде жетелеуге мүмкіндік береді.
ӨТШТ және оның принциптері тек техникалық қана емес, сонымен қатар басқа да шығармашылық тапсырмаларды шешуге қолайлы.
Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған әдіс-тәсілдер төмендегідей:
· Жүйелік жақындау
Компоненттік, құрылымдық, функционалды және генетикалық жақындаудың элементтер негізінде қоршаған ортаның жүйелік көріністерінің бастауларын қалыптастыру. Бір-бірімен тығыз байланыста болатын бөлімдерден құралған жүйені біртұтас ретінде түсінік беру, объектінің осы шақтағы, өткен шақтағы және келер шақтағы жағдайын бөліп ала отырып, уақыт және кеңістік туралы ұғым беру.
· Каталог әдісі
Балаларды кез-келген таңдалған сөздің белгілерді екінші бір кез-келген басқа кітаптан алған сөзге ауыстыруға үйрету.
· Қарама-қайшылықты шешу әдісі – ұсынылған заттар мен құбылыстарды әр қырынан қарау;
· Сиқырлы объектілер әдісі – балаға таныс объектінің сипаттарын екініші бір объектіге таңып айту, қолдану;
· Салыстыру әдісі – заттар мен объектілердің ұқсастық, ерекшеліктерін анықтау.
Осы әдістерді жүзеге асыру үшін келесі ойындарды қолдануға болады.1-10 дейінгі өткен және өтетін сандарды бекітуде «Не жетпейді?» «Ертегі түстері», «Бейне құрастыр» ойындары кең қолданылады. Балаларға математикалық бойжазарлар, соның ішінде цифрлар туралы да қызықты болады. Мысалы: Мұрны таяқ. Қандай сан?(1) Қай цифры жүйрік? (3) Қай сан көтергіш кранға ұқсайды?(7) Оқу жылында балалар заттар қасиетін: түсін, пішінін, өлшемін ажыратуды үйренеді. Ол үшін ұқсас және өзгеше қасиеттерін анықтауға жаттығулардың мәні зор: «Фигуралар несімен ұқсас және қандай айырмашылықтары бар?» «Не өзгергенін анықта?» «Фигураларды аяқта» «Артық затты тап» «Нүктелер жаттығуы»
Бала тілін дамытуда ӨТШТ технологиясын қолдану арқылы балалардың түсінігін кеңейтіп, сөздік қорын молайтып, ұғымын байыту мен қатар ойлау белсенділігін арттыру, тілдерін ширатып, өз бетімен жұмыс жүргізуін дамыту мен
сөз таптарын меңгертуі мен өз ойын еркін жеткізеді. Сондай-ақ, балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытуда ӨТШТ технологиясын технологиясын қолдану арқылы байланыстыра сөйлеуге, сөздік қорын молайтуды дамыту.
Мектепке дейінгі шақ адамзат өміріндегі ең шешуші кезең болып келеді. Өйткені осы кезеңде баланың бойындағы табиғи бар дарындылықты жан – жақты дами бастайды. Сондықтан да осы шақтағы баламен анағұрлым жан- жақты дамытушылық әрекеттер жүйелі жүргізілсе, соншалықты жұмыс нәтижелі болады. Міне осыған сәйкес жеке тұлғаны дамытуда «Тапқырлық тапсырмаларды шешу теориясы» технологиясын қолданудың маңыздылығы зор.
ӨТШТ авторы Г.С.Альтшуллер. Ол адам техникалық проблемаларды шешу әдісін жасап шығарған. ӨТШТ-ны ұзақ қолданса, өнертапқыш баланың ойлау қабілетін жетілдіреді. Кейбір психологтар шығармашылықты былай деп бағалайды: ол яғни,алғырлық, білімпаздық, жүйелілік, тұп нұсқалық. Ал тапқырлық тапсырмаларды шешу теориясының мақсаты – ойлау стилін жетілдіру, ереже қылу.
Яғни адамның өмірге деген көзқарасынан шығармашылық туындайды, ол өмірдегі өзгерістерді, дамуды қабылдауына байланысты болады. Баланың шығармашылық потенциалының тұлға ретінде даму мәселелері білім мақсатының біріне жатады.
Балалардың шығармашылық қабілеттерінің дамуы түрлі бағыттағы қызметті болжайды. Бұл жұмыс баламен педагогтың бірлескен шығармашылық саласын және құрдастарымен араласуды қамтамасыз етеді.
Сонымен қатар ӨТШТ – ақылдылардың, құрастырушылардың, ізденушілердің символы, яғни балалардың қаншалықты абстрактылы ойлауын, қиялдауымен бақылағыштығын, зейіндерін ертерек дамытудың жолы. Ал, бүгінгі күні мен осы Тапқырлық тапсырмаларды шешу теориясы арқылы мектепке дейінгі балалардың тілдік құзіреттіліктерін дамыту арттыру жолын қарастыруды жөн көріп отырмын. Бұл теорияның тілдік қабілеттілерді дамытудағы өте бір маңызды орынды алатыны айқынды.