Түсінік хат Олимпиаданы өткізу мақсаттары



Дата20.01.2020
өлшемі81 Kb.
#56211
Байланысты:
5 сынып обновленка

Түсінік хат

Олимпиаданы өткізу мақсаттары:

- оқушылардың жаратылыстануға деген қызығушылығын арттыру;


- жаратылыстану пәні қызықтыратын оқушыларды анықтау;
- оқушылардың мектеп курсында жаратылыстанудан алған білімдерін, икемділіктері мен дағдыларын бағалау;

- оқушылардың шығармашылық мүмкіндіктерін дамыту;


- ары қарай өз мектептерін облыстық немесе республикалық деңгейде таныта алатын оқушыларды анықтау.

Бұл олимпиада тапсырмалары 5 сынып оқушылары арасында өткізуге арналған.



Бірінші теориялық және екінші практикалық турды өткізу үшін бір академиялық сағаттан кем берілмеуі тиіс (40 минут).


Теориялық тур

1 тапсырма. Келесі терминдерге анықтама бер:

  • Макроәлем;

  • Шартты белгілер;

  • Глобус;

  • Азимут;

  • Нәсіл.

  1. алл

  1. тапсырма. Сәйкестеңдіріңіз:

Атмосфера жердің тіршілік қабаты

Гидросфера жердің ауа қабаты

Биосфера жердің тас қатты қабаты

Литосфера жердің су қабаты


4 балл

3 тапсырма. Жердің ішкі құрылысының атауларын жаз

6 балл
Практикалық тур


1 тапсырма. Қарамен жазылған сөздердің (объектілердің) шартты белгілерін түсір.

Таң атқанда балалар көлге қарай, жуынуға барды. Көлдің жағалары батпақтанған, дөмпешіктерінде құрбақалар отыр. Таңғы астан кейін, олар солтүстік бағытпен аралас орманға қарай жүрді, соқпақпен жүріп, тас жолға шықты. Тас жолмен өзеннің сол жағалауына жетіп, ағаш көпір арқылы оң жағалауына өтті. Өзеннің оң жағалауында орманшы үйі тұр. Орманшы үйінде демалып, кешке теміржол станциясына қарай бағытталды.



9 балл

2 тапсырма. Белгілі бір нәсілді келесі жоспар бойынша сипатта.

  1. Терісінің түсі

  2. Бет пішіні

  3. Мұрнының пішіні

  4. Шашының түсі

  5. Көзінің қиығы

  6. Таралған аймағы (аймақтары)

6 балл

Барлығы: 35 балл

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет