Тұтыну қасиеттері мен сапа көрсеткіштерінің номенклатурасын таңдау тәртібі
Өнім сапасының көрсеткіштерінің номенклатурасын таңдау кезінде өнімнің сапасының құрамына кіретін және оның техникалық деңгейі мен сапасын бағалау мүмкіншілігін қамтамасыз ететін қасиеттердің сандық сипаттамаларының тізімі белгіленеді.
Өнім сапасының көрсеткіштерінің номенклатурасын таңдаудың маңызы принципиалды, себебі жіберілген қателіктер өнім сапасының шың деңгейі туралы бұрмалаған нәтижесін береді. Өнім сапасының көрсеткіштерінің номенклатурасын таңдауын дәлелдеу өнімнің белгілену және пайдалану шарттарын, тұтынушылардың талаптарын талдау, өнімнің сапасын басқару мақсаттарын, сипатталатын қасиеттерінің құрамы мен құрылымын, өнімнің сапасына қойылатын талаптарын есепке алуымен жүргізіледі.
Өнім сапасының көрсеткіштерінің номенклатурасын таңдау тәртібі келесі: өнімнің түрін (тобын) анықтау; ӨСКН пайдалану мақсатын анықтау; өнімнің сапа көрсеткіштерінің топтарының бастапқы номенклатурасын анықтау; әрбір топ бойынша бастапқы номенклатурасын анықтау; ӨСКН таңдау әдісін анықтау.
Өнімнің түрі (тобы) өнімнің белгілену және пайдалану шарттары бойынша өнімнің классификаторлары (жіктеуіштері) бойынша анықталады.
ӨСКН пайдалану мақсаттары өнімнің сапасын басқару міндеттеріне сәйкес белгіленеді.
Өнім сапасының көрсеткіштерінің тобының бастапқы номенклатурасы өнімнің жіктеулік топталуына тәуелді көрсеткіштердің қолданулуын есепке алуымен таңдалады.
Өнімнің әрбір тобы бойынша көрсеткіштердің бастапқы номенклатурасы өнім сапасының көрсеткіштерінің жүйесіне нормативтік құжаттар негізінде таңдалады.
ӨСКН таңдау әдісі өнімнің техникалық деңгейін және сапасын бағалау әдістемелерімен белгіленеді.
2 Өнеркәсіптік өнімдердің сапа көрсеткіштерінің номенклатурасын таңдау әдістемесі МЕСТ 22851 регламенттелген
Сапа көрсеткіштерінің номенклатурасын таңдау өнімнің сапа көрсеткіштерінің деңгейін тепе-теңдік бағалау мүмкіншілігін қамтамасыз ететін және оның сапасын құрайтын өнімнің қасиеттерінің сандық сипаттамаларының атауларының тізімін белгілейді. Өнеркәсіптік өнімнің сапа көрсеткіштерінің номенклатурасын дәлелдеу кезінде келесіні есепке алады:
өнімді пайдалану жағдайлары мен белгіленуі;
тұтынушылардың талаптарын талдау;
өнімнің сапасын басқару міндеттерін;
сипаттайтын қасиеттерінің құрамы мен құрылымын;
өнімнің сапа көрсеткіштеріне қойылатын негізгі талаптарды.
Сапа көрсеткіштерінің номенклатурасын таңдаудың кезеңдері төмендегідей:
өнімнің тобын анықтау;
өнімнің сапа көрсеткіштерінің пайдалану мақсатын анықтау;
өнімнің сапа көрсеткіштерінің номенклатурасын таңдау әдісін анықтау;
сапа көрсеткіштерінің топтарының тізімін анықтау;
таңдалған топтардың әрбіреуі бойынша сапаның нақты көрсеткіштерінің тізімін анықтау.
Сапа көрсеткіштерінің номенклатурасы типтік, айналмалы және нақты болады.
Типті номенклатура сапа көрсеткіштеріне қатысты номенклатура болып есептеледі. Мысалы, кез-келген өнеркәсіпке арналған. Техникалық бұйымдар немесе жалпы қолданысқа арналған өндірістік бұйымға қатысты барлық топтардың толық аралығы. Мысалы, машина және ақпараттардың сапа көрсеткіштерінің типтік номенклатурасы.
Айналмалы номенклатура бір атауға, не бірдей немесе жақын функцияға иеленетін және параметр құрамы жағынан ұқсас нақты бұйым топтарын бағалау кезінде қолданылатын номенклатура.
Нақты номенклатура өнімнің нақты түрі мен типінің сапа көрсеткіштерінің номенклатурасы. Бұның көмегімен барлық өнім сипаттамаларын қолданып өнімге толық баға беруге болады.
Сапаның жіктеуші көрсеткіштері нысанның жіктеуішінің таңдалған жүйесіндегі жіктеуші топталуына жатуын сипаттайды және типтің белгіленуін, өлшемін, нысанның қолдану саласы мен пайдалану шарттарын анықтайды.
Жіктеуші көрсеткіштерге келесі көрсеткіштер жатады:
1 Өнімнің параметрлік немесе типтік өлшемдік тегін белгілеу үшін қызмет ететін көрсеткіштер (мысалы, вольтметрдің өлшеуінің дәлдігі мен шегі);
2 Өнімнің қолдану саласы мен шарттарын анықтайтын өнімнің орындау көрсеткіштері (мысалы, газ ортасында пайдалану үшін);
3 Өнімнің оның функционалдық мүмкіншіліктерін анықтайтын қосымша құрылғылары немесе қасиеттерінің бар болу көрсеткіштері (мысалы, суға тұраќты).
Бағалау көрсеткіштер нысанның сапасын өндіру және пайдалану процесінде түзейтін қасиеттерін сандық сипаттайды. Олар нысанның сапасын нормалау, оның технологиялық деңгейін бағалау, нысанның сапасын тексеру, бақылау, сынау және сертификаттау үшін пайдаланады.
Достарыңызбен бөлісу: |