Н. С. Тәбріз, Б. А. Оспанова, Н. М. Серікбаева
ФТИЗИАТРИЯ ПӘНІ БОЙЫНША ИНТЕРНДЕРДІҢ ҚОРТЫНДЫ БІЛІМ ДЕҢГЕЙІН БАҚЫЛАУ ӘДІСТЕРІНІҢ ТИІМДІЛІГІ
Қарағанды мемлекеттік медицина университеті фтизиатрия кафедрасы
__________________________________________________________
Мақалада «Фтизиатрия» пәні бойынша білім алып жүрген интерндердің қортынды білім деңгейін бағалау әдістерінің тиімділігі зерттеліп, барысында, қортынды бақылауды клиникалық дағды және тестілік бағалау арқылы жүргізу интерндердің тәжірбиелік сабаққа теориялық және клиникалық тұрғыда белсенді қатысуына ықпал жасап, олардың білімін обьективті бағалауға мүмкіндік беретіні анықталған.
Кілт сөздер: фтизиатрия, интерндер, медициналық білім, тестілер
_________________________________________________________
Қазіргі заманда Қазақстанда білім беру жүйесіндегі приоритетті міндеттердің бірі – халық шаруашылығыныңың әр түрлі саласында, оның ішінде медицинада жоғары білікті, бәсекелесуге қабілетті мамандарды дайындау болып табылады [5].
Жоғары білім жүйесін қайта құрудың негізгі мақсаты – әрдайым кәсіби және тұлғалық өсуге ұмтылатын, интеллектуалды және шығармашылық ресурстарды жан-жақты қолдана алатын мамандарды дайындауды қамтамассыз ету болып табылады. Бітірушіні дайындау сапасы қазіргі кезде тек қиын міндеттерді шешуде және талдай жасауда емес, сонымен қатар өз іс-әрекеттерінің стратегиясын анықтап, оны құра білу және оны орындау технологиясын жетілдіру болып табылады [4].
Фтизиатриядан сабақ беру проблемасы қазіргі заманғы өзгеріп отыратын туберкулезге қарсы жұмыстың түрлері мен әдістеріне байланысты, бұл педагогикалық үдерісті фтизиопульмонологияның көп бағыттары бойынша трансформацияға ұшыраған көзқарастарды ескеруді талап етеді, себебі оқытудың мазмұны тәжірибелік денсаулықсақтаудың сұранысына және қазіргі заманғы медицина ғылымының жетістіктеріне сәйкес болуы керек. Тәжірибелік сабақтарда және дәрістерде республикадағы туберкулезбен күресуді ұйымдастыру сұрақтарына және жүйесіне үлкен көңіл бөлінеді, студенттерге туберкулезбен күресу ұлттық бағдарламасы ДДҰ стратегиясына сәйкес жүргізілетінін нақтылап жеткізу қажет [6].
Оқу нәтижесін бақылау – сабақ берудегі оқу үдерісінің маңызды, қиын және жауапты бір бөлігі болып саналады, сондықтан оны дұрыс ұйымдастыру студент білімінің сапасын арттыруға көмектеседі. Бақылау оқытушы мен студент арасындағы кері байланыс болып, оқытушы студенттің пән бойынша алған білімінің тиімділігінен хабар алып отырады. Студент білімін бақылаудың түрлері көп және әртүрлі, сол себепті әрбір оқытушы өзіндік бақылау тапсырмасын жасайды. Қазіргі кезеңде жоғары білім беру саласында айқын өзгерістер болуда. Білімді бақылау үдерісіндегі көзқарастарды өзгертетін жаңа бағыттар пайда болуда. Адамзаттың бірте-бірте информациялық қоғамаға қарай жылжуы білім беру саласында сол берілген уақытты тиімді пайдалануды талап етеді. Бақылауды тиімді жүргізудің бірі түрі инновациялық технологияларды қолдану [3].
Біз осы жұмыста «Фтизиатрия» пәні бойынша білім алып жүрген интерндердің білім деңгейін қортынды бақылау әдістерінің тиімділігін білу мақсатын қойдық.
Алдыңғы жылдары «Фтизиатрия» пәні бойынша емтихан ауызша өткізілетін, бұл әдіс оқытушының көп уақытын алатын және субьктивті факторлар орын алатын, сонан соң ауызша емтиханның орнына тестілік бақылау енгізілді.
Тестілік бақылау – студент білімін бағалаудың инновациялық түрі. Тестілеу, студент білімінің, дағдыларының деңгейін бағалауға мүмкіндік беретін білім беру үдерісін бақылау әдісі түрінде қолданылатын оқу жүйесінің педагогикалық құралы болып табылады. Тестілік бақылау оқытушы уақытын көп алмай, студент білімін обьективті бағалауға мүмкіндік береді. Тестілік бақылау жүргізу арқылы пәннің барлық бөлімдерін қамтуға болады. Студенттердің білімін бағалау оқытушының тәжірбиесіне және жекелей ерекшеліктеріне, яғни, ауызша емтиханда орын алатын субьективті факторларға байланысты болмайды. Нәтижесінде студентттің алған білімін кеңінен бағалауға мүмкіндік туады. Бұл әдістің кемшілігі жоғары сапалы тестілерді дайындау қажеттілігі болып табылады [1, 2].
Сабақ беру барысында біз бұл әдістің жоғарыда атап өткен артықшылықтарымен қатар, тестілік бақылау интерндердің тәжірибеден теориялық білімге көбірек көңіл бөлетінін көрсетті. Осы жағдай ескеріліп, университетте интерндерлің тәжірибелік білімін арттыру мақсатында қортынды емтиханның екінші бөліміне клиникалық дағдылар енгізілді.
Жоғарыда атап өткеніміздей соңғы оқу жылдарында «Фтизиатрия» пәні бойынша 6 курстың ішкі аурулар және педиатрия, 7 курстың жалпы дәрігерлік тәжірибе интерндері қортынды бақылауды екі кезеңнен – клиникалық дағдылар және тестілік бақылау түрінде тапсыруда. Клиникалық дағды емтиханын жүргізу үшін клиникалық есептер, рентгенотомограммалар дайындалды, сонымен қатар бұл емтихан интерндердің науқаспен тікелей жұмыс жасауын бағалайды. Клиникалық дағдылар емтиханын бағалау критерилері жасалды. Қортынды бақылауға клиникалық дағдыларды енгізу интерндердің тәжірибелік сабаққа, яғни, науқастармен және олардың ауру тарихтарымен жұмыс істеу қажеттілігін арттырды.
Клиникалық дағды емтиханы әрбір циклдың соңында жүргізілді, алғашқы емтихандар жүргізу барысында кафедра оқытушылары интерндердің туберкулездің микробиологиялық, клиника-лабораториялық диагностикасы, сол сияқты туберкулезді менингиттің диагностикасы тақырыптарынан жақсы білім көрсетсе, керісінше, туберкулездің кешенді емі және рентген суреттерін сипаттау бөлімдерінен қиын жауап беретінін байқады. Бұл нәтижелер интерндердің бастапқы білімдерінің кқөрсеткіштері болатын. Осыдан кейін тәжірибелік сабақтар кезінде осы тақырыптарды талдауға аса көңіл бөлу қажеттілігі айтылып, келесі топтар бұл бөлімдер бойынша интерндер жақсы білім көрсете бастады.
Қортынды бағалаудың екінші бөлімі тестілік бақылаудан құралған. Кафедрада әртүрлі мамандықтағы интерндері үшін биылғы оқу жылында мемлекеттік және орыс тілінде мың тестілер базасы жасалды, осы тестілердің 15%-дан астамын көптеген жауабы бар тестілер құрады. Биылғы оқу жылында интерндердің аралық және қортынды бақылауы үшін бір жауабы дұрыс бес сұрақтан тұратын әртүрлі ауырлық деңгейінде тестілік сұрақтар қолданылды. Бұл тест сұрақтары фтизиатрияның әрбір бөлімдерін – туберкулездің эпидемиологиясын, этиологиясын, патогенезін, патоморфологиясын, диагностикасын, профилактикасын, клиникалық түрлерін, жанасқан ауруларын, асқынуларын және емдеу әдістерін қамтыған. Сұрақтардың мазмұны нақты болып, жауабы қысқа болды. Бүкіл жауаптар тапсырманың негізгі бөлімімен грамматикалық тұрғыда келісілген. Тестілер кафедралық ішілік және сыртқы талдаудан өткізілді.
2015-2016 оқу жылының алғы жартысында жүргізілген емтихан барысының нәтижелері 1 - суретте келтірілген, суретте көрсетілгеннен 6 ішкі аурулар интерндерінің клиникалық дағды емтмханынан алған орташа бағасы (85,4% ) жоғары болғанымен ол
тестілік бақылаудан алған орташа бағасынан төмен болды (91,8%). 7 жалпы дәрігерлік тәжірибе интерндерінің клиникалық дағды
Сурет 1 – Фтизиатрия пәні бойынша кортынды
бақылаудың нәтижелері
емтиханынан алған орташа бағасы (83,8%) тестілік бақылаудан алған орташа бағамен дерлік бірдей болды (82,4%). Қортынды бақылаудың екі кезеңінің нәтижелері бұл емтихан түрлерінің арасында үлкен айырмашылық болмағанын көрсетті. 6 ішкі аурулар интерндерінің тестілік бақылауының клиникалық дағдыға және 7 жалпы дәрігерлік тәжірибе интерндерінің нәтижелеріне қарағанда жоғары болуы олардың бастапқы білім деңгейінің жоғары болғандығына байланысты болды.
Сонымен, «Фтизиатрия» пәні бойынша білім алып жүрген интерндердің білім деңгейін бағалау әдістерінің тиімділігін зерттеу барысында, қортынды бақылауды клиникалық дағды және тестілік бағалау арқылы жүргізу интерндердің тәжірбиелік сабаққа теориялық және клиникалық тұрғыда белсенді қатысуына ықпал жасап, білім деңгейін тез бағалап, болатын қиындықтарды болжап, одан шығатын жолды тез шешуге көмектестініне және олардың білімін обьективті бағалауға мүмкіндік беретініне көз жеткіздік.
ӘДЕБИЕТ
Аванесов В. С. Форма тестовых заданий. – М.: Центр тестирования, 2005. – 155 с.
Аванесов В. С Критерии качества педагогических измерений //Педагогические измерения. – 2012. – №1. – С. 27.
Ломан Н. Ф. Формы и методы текущего контроля при изучении социально-гуманитарных дисциплин /Н. Ф. Ломан, Д. Е. Джакупова //Медицина и экология. – 2015. – №2. – С. 93-97.
Малинина И. А. Применение активных методов обучения как одно из средств повышения эффективности учебного процесса //Молодой ученый. – 2011. – №11, Т.2. – С. 166-168.
Первый опыт организации и проведения внешней оценки учебных достижений по дисциплине патологическая физиология /С. Б. Жаутикова, Ф. С. Абикенова, Л. К. Быстревская, Ф. Умер //Медицина и экология. – 2015. – №2. – С. 86-88.
Ракишева А. С. Современные технологии преподавания фтизиатрии в вузе //Фтизиопульмонология. – 2012. – №1 (20). – С. 104-106.
Достарыңызбен бөлісу: |