Студенттердің білімін тексеруге арналған клиникалық есептер
ЕСЕП 1.
Науқас К., 50 жаста, гастроэнтерология бөлімшесіне қыжылдау, лоқсу, құсу, тәбеттің төмендеуі, терінің қышуы шағымдарымен түсті. Бұдан бұрын ас қорыту жүйесінің патологиясы болмаған. Бұдан 20 жыл бұрын «Созылмалы пиелонефрит, латентті ағымы» диагнозы қойылған, одан кейін науқас емделмеген. Қарағанда: науқас жүдеген, тері жамылғылары құрғақ, тырнақпен қасыған іздер байқалады. Ішті пальпациялағанда эпигастрий аймағында әлсіз ауырсыну, бауыр, көк бауыр ұлғаймаған. АҚ 160/100 мм.сын.бағ., ЖСЖ - 100 бір минутына. Диурез 700 мл/тәул. Несептің жалпы анализінде: түсі ақшыл сары, реакциясы қышқыл, салыстырмалы тығыздығы 1008, ақуыз 0,165 г/л, лейкоциттер 5-6 к/а, эритроциттер 2-3 к/а, цилиндрлер 3-4 к/а.
Қанның жалпы анализінде: эр. 2,8х1012/л, Hb 90 г/л, Т.К. 0,8, лейк. 8,9х109/л, лейкоформулада өзгерістер жоқ, ЭТЖ 20 мм/сағ. Қанның биохимиялық анали-зінде: мочевина 18,2 ммоль/л, креатинин 0,44 мкмоль/л, жалпы белок 55 г/л.
1. Науқаста қандай синдромдар анықталады? Жауабыңызды негіздеңіз.
2. Қарағанда анықталған өзгерістердің даму механизмін түсіндіріңіз.
3. Лабораториялық зерттеулер нәтижесінде қандай өзгерістер анықталды және олардың себебі.
4. Бұл науқаста бүйрек қызметінің жетіспеушілігі бар ма? Болса, қандай сатысы деп ойлайсыз? Жауабыңызды негіздеңіз.
ЕСЕП 2.
Науқас А., 22 жаста, күшті әлсіздікке, ентігуге, бас ауруға, лоқсуға, шөлдеуге шағымданады. Анамнезінен: жиі тымауратып ауырады. Қарағанда: терісі құрғақ, бозғылт, АҚ 145/100 мм.сын. бағ., пульс 75 рет 1 минутына, жүректiң сол жақ шала тұйық шекарасы солға 1 см-ге ығысқан. Жүрек тондары бәсең, қолқа үстінде ІІ тонның акценті. Қағу симптомы екi жағында да оң мәнді.
Қан анализiнде: эр. 4,5х1012/л, Hb 42 г/л, Т.К. 0,9, лейк. 10х109/л, ЭТЖ 38 мм/сағ. Қанның қалдық азоты 75,3 ммоль/л. Тәуліктік диурез– 2800 мл. Несептің жалпы анализінде: тығыздығы 1011, реакциясы қышқыл, ақуыз 0,099 г/л, лейк. 2-3 к/а, сілтіленген эрит. 8-10 к/а, гиалинді цилиндрлер 6-8 к/а.
1. Науқаста қандай синдромдар анықталады? Жауабыңызды негіздеңіз.
2. Қарағанда анықталған өзгерістерің даму механизмін түсіндіріңіз
3. Лабораториялық зерттеулер нәтижесінде қандай өзгерістер анықталды және олардың себебі.
4. Бұл науқаста бүйрек қызметінің жетіспеушілігі бар ма? Болса, қандай сатысы деп ойлайсыз? Жауабыңызды негіздеңіз.
ЕСЕП 3.
Науқас Д., 70 жаста, ауруханаға ауыр жағдайда жеткізілді, 4 тәулік бойы анурия байқалған. Санасы бұлыңғыр, анамнез сұрастыруға мүмкіндік жоқ.
1. Науқаста қандай синдром анықталады?
2. Науқастың осындай жағдайын қалай түсіндіруге болады?
3. Анурияның себептерін түсіндіру үшін қандай қосымша зерттеулер жүргізу керек?
ЕСЕП 4.
Науқас Ж., 37 жаста, отбасылық дәрігерді науқастың туыстары үйіне шақырып, келесі шағымдарды айтты: науқастың соңғы 4 аптаның ішінде басы ауырған, терісі қышып, жүрегі айнып құсып, іші өткен. Анамнезінен: бүйрегінің көптен бері ауыратыны анықталды. Қарап тексергенде: науқас енжар, сұрақтарға кешігіп жауап береді, терісі құрғақ, петехиальді бөртпелер, теріде тырнақпен қасыған іздер байқалады. Ауызынан аммиак иісі шығып тұр, тыныс алуы шулы, сирек, терең.
1. Қарағанда анықталған өзгерістерің даму механизмін түсіндіріңіз
2. Бұл науқаста бүйрек қызметінің жетіспеушілігі бар ма? Болса, қандай сатысы деп ойлайсыз? Жауабыңызды негіздеңіз.
3. Қандай зерттеулер жүргізу қажет?
4. Бұл науқасқа тез арада қандай ем қолдану керек?
ЕСЕП 5.
26 жасар еркекте бас ауру, ұйқының бұзылуы, көз көруінің нашарлауы, жалпы әлсіздік, жүрек айну, құсу, аяқ бұлшық еттерінің құрысуы мазалайды. 12 жыл бойы ауырады. Терісі бозғылт, сарғыш, құрғақ АҚ 210/120 мм сын. бағ. Шумақшалық фильтрация 17 мл/мин.
Қан анализінде: Hb 80 г/л, мочевина 30,8 ммоль/л, креатинин 0,860 ммоль/л. Несеп анализінде: ақуыз 2,8 г/тәулігіне; Зимницкий сынамасы бойынша салыстырмалы тығыздығы 1008 – 1010 аралығында, күндізгі диурез 150 мл, түнгі диурез 200 мл. Көз түбін қарағанда: ретинопатия.
1. Науқаста қандай синдромдар анықталады? Жауабыңызды негіздеңіз.
2. Қарағанда анықталған өзгерістерің даму механизмін түсіндіріңіз
3. Лабораториялық зерттеулер нәтижесінде қандай өзгерістер анықталды және олардың себебі.
4. Бұл науқаста бүйрек қызметінің жетіспеушілігі бар ма? Болса, қандай сатысы деп ойлайсыз? Жауабыңызды негіздеңіз.
ЕСЕП 6.
23 жастағы наукас әйел беттің, бел аймағының, аяқтарының ісінуі, шөлдеу, ауызының құрғауы, бел аймағында салмақ сезінуі, несеп мөлшерінің азаюына, жалпы әлсіздікке шағымданады.
Анамнезінен: үш жыл бұрын баспамен ауырған соң несебінде белок пайда болған. Несебін қайта қайта тексергенде белок мөлшері өсе түскен. Беті ісінген соң, ауруханада емделген. Соңғы жылы ісіну аяқтарында, сонан соң беліне тарап, дәрмектерге берілмеген.
Объективті: жалпы жағдайы орта ауырлықта. Тері жамылғысы бозғылт, бетінде, бел аймағында, аяқтарында айқын ісіну бар. Өкпесінде везикулалық тыныс, ТАЖ минутына 18 рет. Жүрек тондары анық, ырғақты. Пульс минутына 68 рет. АҚҚ 120/70 мм.сын.бағ. Іші жұмсақ, ауырсыну жоқ. Қағу белгісі екі жағында әлсіз оң мәнді.
Қанның жалпы анализінде: эритроциттер 3,5×1012, Hb 101 г/л, түс көрсеткіш 0,8, лейкоциттер 5,7×109, ЭТЖ 40 мм/сағ. Лейкоформулада өзгерістер жоқ.
Зәрдің жалпы анализі: мөлшері 110 мл, тығыздығы 1033, реакциясы сілтілі, белогы 6 г/л, жалпақ эпителий көру аймағында 3-4, лейкоциттер көру аймағында 4-5, эритроциттер 0-1 көру аймағында, цилиндрлер: т‰йіршікті 8-9 к/a, гиалинді жаппай к/a.
Қанның биохимиялыќ анализі: холестерин 8,9 ммоль/л, жалпы белок 39 г/л, альбумині 30%, А/Г коэффицент 0,6
1. Науқаста анықталған патологиялық белгілердің даму механизмін түсіндіріңіз.
2. Науқастың лабораториялық тексеру нәтижелерін талдаңыз.
3. Зәр өзгерісінің механизмін түсіндіріңіз.
4. Науқаста қандай синдром анықталды?
ЕСЕП 7.
Науқастың зәрінің жалпы анализінде: мөлшері 50 мл, бұлыңғыр, сабан сары түсті, тығыздығы 1040, реакциясы қышқыл, белогы 4,6 г/л, лейкоциттер 2-3 көру аймағында, эритроциттер көру аймағында жоқ, жалпақ эпителий көру аймағында 2-3, цилиндрлер: т‰йіршікті 4-5 к/a, гиалинді 10-12 к/a.
1. Зәр өзгерісінің механизмін түсіндіріңіз.
2. Көрсетілген өзгерістер қай синдромға тән?
ЕСЕП 8.
Науқасқа тексеру жүргізгенде:
Қанның жалпы анализінде: эритроциттер 2,5×1012 , Hb 77 г/л, түс көрсеткіш 0,9, лейкоциттер 4,0×109, ЭТЖ 20 мм/сағ.
Зәрдің жалпы анализі: мөлшері 70 мл, бұлыңғыр, ет жуындысына ұқсас түсті, тығыздығы 1030, реакциясы 6,0, белогы 1,6 г/л, жалпақ эпителий көру аймағында 5-6, лейкоциттер көру аймағында 6-7, эритроциттер көру аймағында жаппай, цилиндрлер: т‰йіршікті 11-12 к/a, гиалинді 8-9 к/a.
1. Көрсетілген өзгерістер қай синдромға тән?
2. Зәр өзгерісінің механизмін түсіндіріңіз.
3. Науқасты физикалық тексеруде не анықтауға болар еді?
ЕСЕП 9.
15 жастағы наукас бетінің, қабағының ісінуіне, басының ауыруы мен айналуына, бел аймағында сыздап ауырсынуға, несеп мөлшерінің азаюына, көрудің нашарлауына, жалпы әлсіздікке шағымданады.
Анамнезінен: бір апта бұрын баспамен ауырған. Жоғарыда аталған шағымдар екі күннен бері мазалайды.
Объективті: жалпы жағдайы орта ауырлықта. Тері жамылғысы бозғылт, бетінде, қабақтарында ісіну бар. Өкпесінде везикулалық тыныс, ТАЖ минутына 24 рет. Жүрек тондары әлсіреген, ырғақты. Пульс минутына 60 рет. АҚҚ 130/110 мм.сын.бағ. Іші жұмсақ, ауырсыну жоқ. Қағу белгісі екі жағында оң мәнді.
Қанның жалпы анализінде: эритроциттер 4,5×1012, Hb 121 г/л, түс көрсеткіш 1,0 лейкоциттер 9,3×109, ЭТЖ 25 мм/сағ.
Зәрдің жалпы анализі: мөлшері 90 мл, тығыздығы 1036, реакциясы 5,6, белогы 2 г/л, жалпақ эпителий көру аймағында 5-6, лейкоциттер көру аймағында 10-12, эритроциттер жаппай көру аймағында, цилиндрлер: т‰йіршікті 7-8 к/a, гиалинді 10-12 к/a.
Науқастың зәрін Зимницкий әдісімен тексергенде: күндізгі диурез 450 мл, түнгі диурез 700 мл, тәуліктік диурез 1150 мл, тығыздығы 1029-1036 аралығында.
1. Науқаста анықталған патологиялық белгілердің даму механизмін түсіндіріңіз.
2. Науқастың лабораториялық тексеру нәтижелерін талдаңыз.
3. Зәр өзгерісінің механизмін түсіндіріңіз.
4. Науқаста қандай синдром анықталды?
ЕСЕП 10.
47 жастағы жұмысшы әйел стационарға келесi шағымдармен түстi: бел аймағының оң жағының басым сыздап ауырсынуы, субфебрильдi қызба, шөлдеу, аузының құрғауы, кiшi дәретке жиi баруы, басының мезгiл-мезгiл ауруы.
Анамнезiнен: бала кезiнде жедел пиелонефритпен ауырған, зәр бөлу кезінде қатты шаншып ауырсыну пайда болған, анализiнде белок пен лейкоциттер болған. Шөптердiң тұнбаларымен емделген. Соңғы 5 жылда оқтын-оқтын сыздап белi ауырып, зәр бөлу кезінде ашып ауырсынулар болған, дәретке тәулiгiне 10 шақты рет баруы мазаласа да, өз бетінше бұлаулар жасап, ампициллин iшiп жүрген. Соңғы өршуi 3 апта бұрын басталған.
Қарағанда: жалпы жағдайы қанағаттанарлық, терi жамылғылары бозғылт. Өкпесiнде везикулалық тыныс. Жүректiң сол жақ шала тұйық шекарасы сол бұғана орта сызығында. Жүрек тондары бәсең, қолқа үстінде ІІ тонның акценті, ЖСЖ-78 рет минутына, АҚ 170/105 мм сын. бағ. Пульсi 78 рет бір минутта, кернеуi жоғары. Ішi жұмсақ, ауырсынусыз. Қағу симптомы екi жағында да оң мәнді.
Қан анализiнде: эр. 4,5х1012/л, Hb-135 г/л, Т.К. 0,9, лейк. 8,9х109/л, эоз. 1%, т/я 6%, с/я 60%, лимф. 25%, мон. 8%, ЭТЖ 35 мм/сағ.
Несеп анализiнде: түсі бұлынғыр, тығыздығы 1008, реакциясы қышқыл, ақуыз 0,066 г/л, лейк. 20-30 к/а, сілтіленген эрит. 1-0 к/а, оксалаттар +++.
Зимницкий сынамасы: тығыздығы 1006-1014 аралығында, күндiзгi диурезі 720 мл, түнгi диурезі 1040 мл, тәулiктiк диурезі 1760 мл.
1. Негізгі және қосымша шағымдарды бөліңіз.
2. Синдромдарды анықтаңыз.
3. Негізгі синдромды дәлелдеу үшін қандай зерттеу әдістері қолданады?
ЕСЕП 11.
Науқас П., 45 жаста, бел аймағында оң жағынан басымырақ сыздап ауырсынуға, беттің ісінуіне, дене қызуының 37,3˚С дейін көтерілуіне, кіші дәреттің жиілеуіне шағымданады. Анамнезінен: оң жағынан бүйрек тұсынан басталып, несеп жолы бойымен төмен қарай қуық маңына тарайтын, жедел ұстамалы ауырсынуға және несеп бөлінуінің тоқтауына байланысты жедел жәрдем көмегімен ауруханаға жеткізілген. Спазмолитиктерді енгізгеннен кейін, көлемі 500 мл шамасында қоңыр түсті несеп бөлінді, одан кейін ауырсыну сезімі бәсеңдеді. Қарағанда: қағу симптомы екі жағынан да оң мәнді, оң жағынан ауырсыну күштірек, бүйрек пальпацияланбайды. АҚ 160/100 мм сын. бағ. Тәуліктік диурез 1200 мл,
Зәрдің жалпы анализінде: несептің түсі ақшыл сары, реакциясы сілтілі, салыстырмалы тығыздығы 1016, ақуыз 0,1 г/л, лейкоциттер 150 к/а.
1. Негізгі және қосымша шағымдарды бөліңіз.
2. Синдромдарды анықтаңыз.
3. Негізгі синдромды дәлелдеу үшін қандай зерттеу әдістері қолданады?
ЕСЕП 12.
Науқас К., 22 жаста, беттің, аяқтардың ісінуіне, дене қызуының 37,5˚С дейін көтерілуіне, әлсіздікке, бас ауруына шағымданады. Анамнезінен: осы уақытқа дейін бүйрек патологиясы болмаған, бірақ жиі баспамен ауырған, соңғы рет бір ай бұрын болған. Қарағанда: жалпы жағдайы орташа ауырлықта, АҚ 170/100 мм.сын. бағ., қағу симптомы екі жағынан да оң мәнді, бүйрек пальпацияланбайды. Дизуриялық бұзылыстар жоқ, тәуліктік диурез 1000 мл. Несептің жалпы анализі: түсі ақшыл қызғылт, реакциясы қышқыл, салыстырмалы тығыздығы 1010, ақуыз 0,5 г/л, лейкоциттер 2-3 к/а, эритроциттер 50 – 80 к/а, цилиндрлер 3-4 к/а.
1. Негізгі және қосымша шағымдарды бөліңіз.
2. Синдромдарды анықтаңыз.
3. Негізгі синдромды дәлелдеу үшін қандай зерттеу әдістері қолданады?
ЕСЕП 13.
Науқас 20 жаста беттің ісінуіне, бас ауруына, несеп түсінің ет жуындысына ұқсас өзгеруіне шағымданады. 10 күн бұрын ангинамен ауырған. Қарағанда: терісі бозғылт, беті ісінген, кабақтары іскен, көздері сығырайған. АҚ 150/100 мм.сын.бағ.
Нечипоренко сынамасында:эритроцит 4000, лейкоцит 3000, цилиндр 270
1. Негізгі және қосымша шағымдарды бөліңіз.
2. Синдромдарды анықтаңыз.
3. Негізгі синдромды дәлелдеу үшін қандай зерттеу әдістері қолданады?
ЕСЕП 14.
35 жасар науқастың несебінің жалпы анализiнде келесі өзгерістер анықталды: тығыздығы 1028, ақуыз 0,066 г/л, эрит. 1-2 к/а, лейк. 50 дейін к/а, бактериялар +++, шырыш +++.
Нечипоренко сынамасында:эритроцит 1000, лейкоцит 5000, цилиндр 250
1. Негізгі және қосымша шағымдарды бөліңіз.
2. Синдромдарды анықтаңыз.
3. Негізгі синдромды дәлелдеу үшін қандай зерттеу әдістері қолданады?
Достарыңызбен бөлісу: |