Туберкулезге қарсы дәрілер



Дата03.02.2023
өлшемі14,99 Kb.
#167349
Байланысты:
7 ПЗ Туберкулезге қарсы дәрілер


Туберкулезге қарсы дәрілер
Туберкулезге қарсы дәрілер концентрациясына байланысты бактерицидті немесе бактериостатикалық әсер көрсетеді. Туберкулез химиотерапиясының ұзақтығын (12-16 ай және одан да көп) ескере отырып, қоздырғышқа тұрақтылық мәселесіне үлкен мән беріледі. Негізінен кейбіреулеріне (рифампицин, стрептомицин) ол тез, басқаларға салыстырмалы баяу (натрий парааминносалицилаты) пайда болады.
Туберкулезге қарсы дәрілердің жіктелуі:
Негізгі препараттары (І-топ): изониазид, рифампицин, пиразинамид, этамбутол, стрептомицин - әсері жоғары, жеңіл қабылданады, бірақ туберкулез микобактериясына тұрақтылық тез пайда болады.
Қосымша препараттары (ІІ-топ): этионамид, протионамид, канамицин, циклосерин, натрий пара-аминосалицилаты (ПАСҚ, аминацин), тиоацетазон - белсенділігі төмен, улылығы жоғары, микобактериялардың негізгі препараттарға тұрақты болғанда немесе оларды қабылдай алмаған жағдайда қолданылады. Тұрақтылықтың даму жылдамдығын төмендету үшін 2-3 препаратты қиыстырады. Емдеу басында бірден бірқатар туберкулезге қарсы дәрілерді қолданудың мағынасында берілген науқастың белгілі препараттарға сезімталдығының белгісіз болуы және бірнеше аптадан кейін анықталу мүмкіндігі жатыр. Сонымен қатар емдеуді неғүрлым ерте бастаса, соғүрлым жақсы ем жүреді, сондықтан химиотерапияны бактериологиялық зерттеулердің нәтижелерін күтпей бастайды. Туберкулезді емдеу клиникалық жағдайда процестің кезеңіне, түріне, орнығуы мен өршуіне байланысты арнайы кесте бойынша жүргізіледі.
Изониазид (изоникотин қышқылының гидразиді (ГИНҚ, тубазид) - тек туберкулез микобактериясына әсер ететін синтетикалық препарат, туберкулезге қарсы дәрілердің ішінде әсері жоғары болып табылады. Әсер ету механизмі: ауыр металл иондарымен хелатты кешен тұзіп, микобактерияның тынысын тежейді. Жасуша жанында және жасуша ішінде орналасқан микобактерияларға бактериостатикалық немесе бактерицидті әсер көрсетеді. АІЖ-да жақсы сіңіріліп, ағзаның барлық ұлпаларына өтеді, сонымен қатар гематоэнцефальды кедергіден өтіп, қандағы терапевті концентрациясы 6 сағаттан 24 сағатқа дейін сақталады. Изониазид туберкулездің барлық түрінде сонымен бірге алдын алу үшін қолданылады.
Жанама әсері: нейротоксикалық (шеткерлік невриттер - алдын алу үшін В6 тағайындайды), бас ауыру, бас айналу, жүрек тұсының ауыруы, лоқсу, құсу, терінің аллергиялық реакциялары, эйфория, ұйқысыздық, кейде психоз, дәрілік гепатит, ерлерде гинекомастия, ал әйелдерде меноррагия байқалады.Қолдануға қарсы көрсеткіші: эпилепсия және тырысу ұстамасына бейімділік, бұрын полиомиелитпен ауырған жағдай, бауыр мен бүйрек қызметінің бұзылуы, айқын атеросклероз, ал флебитте к/г еңгізуге болмайды.
Іsoniazidum - изониазид (Б): 0,1; 0,2 және 0,3 таб.- тамақтан кейін; 10% 5 мл еріт. амп. шығарылып, б/е, к/т, ингаляциялық, каверноз ішіне еңгізіледі.
Изониазидтің аналогтары: фтивазид, салюзид, метазид, этионамид, протионамид - белсенділігі мен улылығы төмен.
Рифампицин - белсенділігі жағынан изониазидке ұқсас, қандағы терапевті концентрациясы 8-12 сағат, жасуша жанындағы, жасуша ішіндегі, жасушадағы және казеозды ошақтағы (каверн ішіндегі) орналасқан микобактерияларға басқа препараттар әсері болмағанда тиімді.
Стрептомицин - тек жасуша жанындағы микобактерияларға әсер етеді. Стрептомицин аналогтары (канамицин, амикацин, флоримицин, капреомицин) - кейде стрептомицинге тұрақтылық жағдайыида тиімді.
Этамбутол - жасушадан тыс және жасуша ішінде ориаласқан микобактериялардың өсуін тоқтатып, бактериостатикалық әсер көрсететін синтетикалық препарат. Этамбутол АІЖ-да жақсы сіңіріліп, басқа туберкулезға қарсы дәрілермен (микобактериялардың тұрақтылығын алдын алу үшін) қиыстырып қолданылады.
Жанама әсері: аз байқалады, көз көруінің нашарлауы, түсті қабылдаудың бұзылуы (жасыл және қызыл түстің), жүрек айну, анорексия, бас айналу, тері бөртпелері. Қолдануға қарсы көрсеткіштері: көз көуінің бұзылулары, жүктілік.
Еtambutolum - этамбутол (Б): 0,1; 0,2 және 0,4 таб. шығарылып, бір рет таңертеңгі тамақтан соң белгіленеді.Пиразинамид - жасуша ішінде орналасқан микобактерияларға бактерицидті әсер етіп, жұлын ми сұйықтығы мен туберкулезбен зақымдалған ошаққа жеңіл өтетін синтетикалық препарат. Казеозды лимфаденитте, туберкуломада, казеозды пневмониялық процеске әсер етеді.
Жанама әсерлері: диспепсия, анорексия, аллергиялық реакциялар, буын ауруы, подагра, бауы

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет