Туған жер ғажаптары жетекші: Жаппарова Күлпаш Женісқызы



бет1/2
Дата08.02.2022
өлшемі30,66 Kb.
#117683
  1   2
Байланысты:
Туған жер ғажаптары-шығармашылық-іздену жұмысы
1.9 Обзор системы 1С.Предприятие, мнездеме, Туған жер ғажаптары-шығармашылық-іздену жұмысы, №19, 1.4Нарық және оның заңдарының қызметтенуі, диалектика категория

ТУҒАН ЖЕР ҒАЖАПТАРЫ

Жетекші: Жаппарова Күлпаш Женісқызы,


қазақ тілі мен әдебиеті пәні оқытушысы
«Қазақмыс» корпорациясының
политехникалық колледжі
Аңдатпа:Бұл мақалаға туған ел, жер тақырыбы арқауболған. Адам өміріндегі туған ел мен жердің алар орнын, туған жердің тылсым күштері мен жұмбақ сұлулығы арқылы оқырман жанының нәзік пернесін дың еткізу. Тілі шұрайлы, оқылуы жеңіл, қызығушылық тудыратын іздену –шығармашылық жұмыстар жазу қабілетін шыңдау.
Кілт сөздері: Туған жер, туған ел, Айыртас, тарихи жерлер.
Аннотация : В данной статье раскрывается тема родной земли, края. Особое место занимает родная земля в жизни каждого человека. Загадочные силы и нежная красота Родины непременно затронут за душу читателя. Интересная статья, написанная простым языком, легко читается.
Ключевые слова: Айыртас, родная земля, родной край, исторические места

Біздің Қазақстан – көп ұлтты мемлекет. Бейбітшілік пен достастықта, татулықта бірге жұмыла отырып, қызметтің әр түрлі саласында қазақтар мен орыстар, татарлар мен немістер, украиндер мен кәрістер...еңбектенуде. Мен соңғы жүз жылда Қазақстан жеріне әр түрлі халықтар қоныс тепкеніне жиі ойланамын. Біздің еліміз сияқты менің ағайыным да көп ұлтты. Бірлік, ұлтаралық келісім және саяси тұрақтылық – қазақстандықтардың қалауы. Мен оны білемін. Онда татарлар да, орыстар да, қазақтар да бар. Олардың тағдырын, өмір тарихын тыңдағанда менің елім одан сайын маған жақындай түседі, оны жақсырақ түсіне бастаймын. Біздің отбасы тарихымыз мыңдаған басқа отбасылардың тарихына ұқсас. Өмірдің қиын кездерінде, ауыр жұмыстарда, өтіп жатқан күндер мен мерекелерде әр түрлі ұлт өкілдерінің пікірі қалыптасты. Адамзат баласының татулығына ұмтылу әр халықтың қанында бар, әсіресе ол қазақстандықтарда ерекше дамыған. Бұл Қазақ жерінің жомарттығынан, осы өлкелерге тағдыр алып келген барлығына құшағын кең жайып, пейілін кеңге салатын Қазақ халқының мінезінен жаралған.Осында тұрушылардың барлығы Қазақ халқының тілін, тарихы мен салт-дәстүрін білуі керек. Қазақстанда тұратын барлық халықтың татулығы мен бірлігінің мәні осында. Ол байырғы, көркем Қазақстан жерінде бейбітшілікті сақтауға көмектеседі. Ал татулық – болашақта гүлденудің маңызды талабы.


Менің Туған жерім, Отаным – кішкентай болса да, мен үшін аса қымбат әрі киелі Балқаш жері. Балқаш жерінде көптеген ұлт пен ұлыс әкілдері тату-тәтті өмір сүруде. Осы мекенде менің көңілді де шаттыққа толы, уайымсыз да бейкүнә балалық шағым өтуде. Балабақшадағы күндерім... Мектеп табалдырығын алғаш аттаған күн... Сыныптас достарыммен алғашқы таныстық... колледжге оқуға түсу кезіндегі қуаныш, жаңа достар табу...бәрі-бәрі бүгінгідей көз алдымда. Осылайша мектеп табалдырығын аттаған күнімді көз алдыма әкелсем, бүгінгі білім ордасымен, сынаптас достарыммен, туған жермен қоштасар сәттің де туатынына сене алмай қаламын және бірден бойымды туған елге, жерге деген қимастық сезім билеп кетеді.
Туған жер, осы сөзді естігенде құлаққа жағымды, жүрекке жылы тиіп, бойыңды бір тәтті сезім билейді.Табиғаттың жазылмаған заңдарымен жеткен құбылыстың бірі-Туған жер бізге өз қасиетін берер болса, біз де яғни жас ұрпақ туған жерге деген шексіз махаббатымызды патриоттығымыз арқылы білдіре алуымыз шарт. Әдетте, туған жердің қадірін сыртта жүрген біледі.Туған жерге деген сағынышымды қағаз бетіне түсіруіме себеп болып отырғаны, бұл әкеме деген сағыныш...Туған ел дегенде менің жүрегімде ерекше орын алатын тағы бір елді-мекен ол менің әкемнің туып өскен жері- Айыртас.
Қарағанды облысының Ақтоғай ауданында орналасқан Айыртас елді-мекенінің де адамды баурап алар ерекшелігі бар. Бәрінен де қызығы Айыртастың жер атауларының өзіндік шығу тарихы .
Айыртас – таулы мекен. Айыр - «қос ашалы», «қос тармақты» мағынасында,яғни қос ашалы таулар деген мағынадан пайда болған жер атауы. Айыртас ауылы Ақтоғай ауданындағы Айыртас ауылдық округінің орталығы. Аудан орталығының оңтүстік-шығысынан — 185 км, Қарағанды қаласынан 430 км жерде, Айыртас тауының етегінде орналасқан. Жерінің жалпы ауданы — 308,6 мың га. Мектеп, клуб, почта басқа да мәдени-тұрмыстық мекемелер жұмыс істейді. Ауыл басқа елді мекендермен автомобиль жолдары арқылы байланысады. Ал Айыртас тауы Ақтоғай ауданының солтүстігін ала Милыбұлақ ауылының шығысына таман 13 км жерде орналасқан. Оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа қарай 3-4 км-ге созылып жатыр, ендірек жері 2-3 км. Ең биік жері 1108 м. Беткейлері тік, жыралармен жиі тілімделген. Сонымен қатар округте Еспе өзені, Ойран, Ешкіөлмес, Тазқызыл, Күлқора, Долағай, Желдіқара, Қызылтас ,Шұбарайғыр таулары, Жорға, Жауыр тарихи жерлері бар.
«Біздің қазақ жер атауы,тау атын әманда сол ортаның сыр-сипатына қарай қоя білген жұрт. Қайда, қандай бір өлкеге барсаң да,жер,су, жапан дүзде кездескен кішкене бұлақ атының өзінде қаншама мән-мағына, шешілмеген құпия сыр жатады» деп М.Әуезов айтқандай, Айыртас жерінің әрбір тасы тарих қойнауынан сыр шертіп тұрғандай. Мысалы, осы өңірдегі Жорға, Жауыр, Шұбарайғыр тауларын «Қозы Көрпеш-Баян сұлу » жырындағы Баянның әкесі Қарабай жазғытұры қоныстанып отырған жерлер. Жауыр, Жорға таулары Айыртас ауылының солтүстік-шығысында 10 км жерде орналасқан. Қоңыр топырақ жамылғысында жусан, сұлыбас, боз, бұталар өседі. Бұлаққа бай, Еспе өзеніне құятын шағын өзендер бастау алады.
Ал Ешкіөлмес тауы қазақ халқының тарихындағы ащы қасірет «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» кезінің куәсі. Тарихта бұрын болып көрмеген алапат құбылыс – қазақ халқының үдере қашқан босқыншылығы туды. Сол кезде үдере қашқан ел осы тау қойнауына жасырынып, азын –аулақ қалған ұсақ малын таудың үңгіршесіне қамап ұстап, азық қылған .Содан осы тау «Ешкіөлмес» аталған екен.
Шұбарайғыр тауы Оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа қарай 20 км-ге созылып жатыр, ені 10 км. Ең жоғарғы биіктігі - 1063 м. Беткейлері тегістеліп өңделген бірнеше ұсақ шоқылардан тұрады. Солтүстік жөне шығыс тау етегінде қорымтастың мол үйінділері шоғырланған.Тас көмір жүйесінің жыныстарынан түзілген. Сортандау қоңыр топырақ жамылғысында жусан, сұлыбас, боз, бұталар өседі. Бұлақтарға бай. Жайылымдық жерлер мен қыстаулар бар. Осы таудың етегін «Қозы Көрпеш-Баян сұлу » жырындағы Баянның әкесі Қарабай жазғытұры қоныс еткенімен бірге, жырдың бір нұсқасында ер Айбастың жол-жөнекей осы таудың етегінде түнеп, Шұбарайғыр атын суытып қойған жерінен тұлпарын таппай қалғандығы, осыған байланысты ер Айбас таудың атын Шұбарайғыр деп атап кеткені айтылады.
Сонымен қатар, Айыртас елді мекенінің маңайында көптеген тарихи маңызы бар кесенелер кездеседі және ол кесенелер Қарағанды облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің Мемлекеттік тізімін бекіту туралы заңның тізіміне енген. (1 кесте)




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет