Восход жалпы орта білім беретін мектебі
Ашық сабақ
Тақырыбы:
«Табиғат ғажаптары»
5-сынып
Өткізген: А.Т.Идресова
2013-2014 оқу жылы
Мақсаты: Оқушылардың «табиғат», «туған жер», «атамекен» ұғымдарына байланысты түсініктерін кеңейту.
Міндеттері: Табиғаттың адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру.
- табиғатқа қамқорлық жасай білу іскерліктерін дамыту;
- табиғат ғажаптарын тани білуге және онымен үйлесімді өмір сүруге тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер: әңгімелесу, мәнерлеп оқу, топпен жұмыс, сұрақ-жауаптар.
Көрнекі құралдар: Слайд, үнтаспа
Сабақтың өту барысы
Шаттық шеңбері. Жазира жерім.
Сөзі Х. Әдібаев.
әні Б. Жұманиязов.
Балалалар мұғаліммен бірге қол ұстасып, дөңгелене тұрып, «Жазира жерім» өлең жолдарын оқиды.
Әңгімелесу.
Сабақ тақырыбымен таныстыру мақсатында мына сұрақтар арқылы әңгіме жүргізіледі.
2 слайд.
1. Табиғат аясында ненің үнін, қандай дыбыстарды естуге болады?
2. Табиғат ғажаптары дегенді қалай түсінесіңдер?
3. Табиғаттан қандай әсер аласыңдар?
4. Табиғаттың жақсаруына адамдар қандай көмек көрсете алады?
Оқушылар жұптасып отырады.
3 слайд. Сергіту «Ауа райын болжау».
1. Бүгін ауылда күн ашық. (бір-бірлерінің арқасын сипау)
2. Көп облыстарда күн бұлт. (жұдырықпен сипау)
3. Жаңбыр жауып тұр. (саусақтарымен тарсылдату)
4. Ауылда күн ашық. (арқасын сипау)
5. Күн сәулесі нұрын төгіп тұр. (қолдарын қосып, шаңырақ жасау)
4 слайд. Жаңа ақпарат.
Табиғаттың сан алуан ғажаптары адамға ерекше әсер етеді.
Табиғат адамға шабыт беріп, шығармашылығын шыңдай түседі.
Оқушылар жаңа ақпаратты оқып, өз ойларын білдіреді.
Мәтінмен жұмыс.
Оқушыларға В.Сухомлинскийдің «Бала және інжугүл қоңыраулары» атты әңгімесін оқып, талдау тапсырылады. Оқушылар кезектесіп оқып, негізгі идеясын түсініп, айтып береді.
5 слайд. Сұрақтар.
1. Бала неліктен інжугүлді жұлмады?
2. Сендердің өмірлеріңде осыған ұқсас жағдайлар кездестіме?
Өзіммен-өзім релакциялық тәсіл. (музыка ойнайды)
- Балалар, қолдарыңды тізелеріңе қойып, терең дем алыңдар. Көздеріңді жұмыңдар. Жап-жасыл табиғат әлеміне еніп барамыз. Біреуіміз қып-қызыл гүл секілді жайнап тұрмыз. Біреуіміз тұп-тұнық мөлдір су тәрізді таза жанбыз. Енді біреуіміз көк аспанда еркін ұшып жүрген құстар сияқтымыз, ойымызды еркін айтып келеміз. Қыздар болса, көлдегі аққудай сызылып билеп барады. Ұлдар болса, қыран бүркіттей биіктерге самғап барады. Алдымыздан жарық нұрын шашқан күн сияқты аналарымыз бен әжелеріміз бізге мейірлене қарайды. Әкелеріміз бен аталарымыз асқақтаған асқар биік тау болып, ақ батасын беріп, бізге қол бұлғайды. Біз өзіміздің табиғатпен үйлесіп тұрғанымызға айрықша қуанып тұрмыз. Табиғаттың түстері мен реңдері, әрекеттері мен құбылыстары, аңдары мен құстары «Бізбен бірге» екендігін сезініп келеміз. Осы сезімімізбен сыныбымызға оралайық.
Шығармашылық жұмыс.
Төмендегі Қазақстанның ғажайып жерлерінің фото суретіне зер салыңдар.Табиғаттың ұнаған көрінісіне шағын әңгіме жазыңдар.
Жағдаятты шешу.
жағдаят
Арман бақ ішінде келе жатыр еді, терек бұтақтарын сындырып жатқан балаларды көрді де, тұрып қалды...
2 – жағдаят
Арман достарымен бірге ауыл сыртындағы бұлаққа келді.Олар өздері жиі келіп тамашалайтын бұлақтың көзі қалдық шөптер, босаған ыдыстар мен қоқыстардан бітеліп қалғанын көрді.
6 слайд. Дәйексөз.
Адам рухани дүниесін сыртқы табиғат құбылысын тану арқылы қалыптастырады да, өзін жалпы жаратылыстың бір пұшпағы ретінде сезіне біледі.
Ш. Айтматов
Адам өзінің рухани дүниесін табиғатты тану арқылы толықтырады да, өзін сол табиғаттың бір бөлшегі ретінде санайды.
Дәптермен жұмыс.
Табиғат ғажаптарын тереңірек түсіндіру мақсатында дәптердегі 2-ші,3- ші тапсырмалар орындалуы ұсынылады.
Қорытынды. Бүгін сабақта не білдік? Ой қорыту.
Жүректен - жүрекке. «Қазақ елі» әні орындалады.
Достарыңызбен бөлісу: |