Туған жерді сағынғанда



Дата15.04.2020
өлшемі7,29 Kb.
#62561
Байланысты:
Туған жерді сағынғанда

Туған жерді сағынғанда

Үзінді

… Барады ұшып қоналқаға қарғалар,

Ұласады сұрқай көкте зарға зар.

Шулайды екен сонша неге бейшара,

Мүмкін, түнде Алматыда қар жауар?
Дүмі - жаңғақ, өрік сапты, басы - ырғай,

Домбыраның күрең сазы басылмай.

Күбірлейді, күңіренеді күрсініп,

Дірілдейді таныс жанар жасында…


… Рас, кейде меңдетеді мына күз,

Жарна қылмай, жайлап іштен тынамыз.

Қайда қайран қызыктары жас кездің,

Қайда сайран-сауықтар мен жыр-аңыз?


Қалыпты ғой бәрі сонау Ырғызда,

Ұқсап алыс жарығы мол жұлдызға,

Сол арадан аттанғалы мен келем

Батып-шығып барқын, шелең, шың, құзға.


Ырғыз, Ырғыз! Сағындырдың балаңды,

Шаранаңнан шыққан шала шалаңды.

Ұшу қайда енді маған шаңдатып

Жарлауыттан жарыстырып шанамды!


Кезсем де мен үміт, арман жырағын,

Көрсем де мен ләзиз-ләззат жұмағын,

Алғаш сенде күлгенімді ұмытпан,

Алғаш сенде тайдан құлап, жыладым…


Күлуші едім "Күңіреншек, - деп, - шал адам",

Кешір мені Жарөткел мен Шабаған!

Сағынады шабағын да Ырғыздың

Шырқап бүгін шалғай кеткен шағалаң.


Мейлі, мен-ақ қартаяйын, Ырғызым,

Бірақ, сенің болсын биік жұлдызың,



Аман болсын сені мендей сағынып,

Ет-жүрегі елжірейтін ұл-қызың!...

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет