Туған өлкем Жетісуым



Дата15.11.2022
өлшемі16,14 Kb.
#158279
Байланысты:
Туған өлкем Жетісуы1 Айгерім


Туған өлкем Жетісуым
Қасиетті өлке дегенде ең бірінші ойымызға не келеді? Әлбетте құшағымыздай кең байтақ дала,құнарлы да қасиетті топырақ, сылдырлап ағып жатқан бұлақ пен мұхиттан терең тарихы бар,жылы естеліктерге толы өлке. Қанша дүниеі шарласа да, туған жерге жететін жер жоқ-ау. Туған жердің ауасымен тыныс алудың өзі бөлек қой.Жорғалаған жәндіктің өзі,мекенің тастап кете алмайды.Біз өскелең ұрпақ өз елімізді мақтан тұтуымыз керек. Себебі бұл ата- бабамыз қылыштың жүзімен алған жер,қымыз сапырып, бәйге шапқан жер.Сонымен қатар әділдігімен, ақыл парасатының тапқырлығымен даналығының арқасында халық мақтанышымен абыройы болған ақын жазушы аталарымыз туып өскен.Ғұсман Жандыбаевтың -Ғажапсың-ау , қасиетті паң өлкем,
Ұлы далам атамекен, ар өлкем.
Бақыт деген осы екен ғой деп қалам,
Аман есен сені көрсем таңертен.
Деген жолдарымен өз өлкеме деген махаббатымды жеткізер едім.
Менің туған жерім Жетісуым.Жер жанатты Жетісу туралы айта берсем бітпейтін шығармын. Жетісу – қазақ жерінің баға жетпес алтын бесігінің бір бөлігі. Өзінің желмаясына мініп алып, еліне жерұйықты іздеген Асан бабамыз Жетісуға аялдап «ағашының басы толған жеміс екен шаруаға жайлы қоныс» екен деп бағалауы бекер болмаған.Бүгінгі таңда халқымыз өзінің береке тұнған қасиетті Жетісуында егеменді елдігіміздің бақыт құсын қолына қондырып алып, ғұмырын жалғастыруда. Жетісудың құдіретіне талай ақындар табынып шабыт алуда. Мысалы: Жетісудың байлықтары туралы мына өлең жолдарынан байқауға болады.
-Жетісу – жеті өзеннің алғы,
Тулап аққан жеті күре тамырдан
Олар деген артық емес, қолтоспа
Тентек, Ақсу, Лепсі менен Қаратал,
Оған Көксу, Іле, Шуды қосқанда
Ару ағын атып жатқан аспанға,
Арынына жарты әлемді қаратар
Жеті құдірет бас қосады Балқашқа.
Жетісу жері қойнауы тарихқа толы мекен. Тарихты өнерімізден шыққан ақын жазушылар жақсы толықтырады. Тарих бетіне ойып жазатындай өлең жолдарын арнаған ақындарымыз қаншама ,Ақсу ауданының Қарағаш деген жерінде Мамания медресесінің елеулі түлектері Б.Сүлеев, М.Ермектасов, Ә. Жайшыбеков, І. Жансүгіровтерді әр қазақ біледі.Елінің бостандығы үшін бастарын тіккен. Ақсу жерінен шыққан мемлекет қайраткерлері Мұхамеджан Тынышбаев,Біләл Сүлейұлы,Барлыбек Сыртанов сияқты алаштың орыстарын таныйтын шығарсыз.Қазақ поэзиясының Құлагері атанған Ілияс Жансүгіров қазақтың тұңғыш темір жолын салушы Мұхаметжан Тынышбаевты білмейтін қазақ жоқ болса,Барлыбек Сыртановтың қазақ тарихындағы орнын бәрі біле бермейді.Тар заманда туса да ,елінің келешегі үшін жанын аямаған аяулы тұлғаларының қысқа ғұмыры тек игі іске жұмсалынған.Осы сияқты беделді тұлғаларды санай берсе саусақ жетпейтін шығар.Жалпы сіз Жетісудың тарихын білесіз бе?Ертедегі жергілікті тайпалар шаруашылығы Жетісуды дербес экономикалық аймаққа айналдырды. IV – VII ғасырларда сақтар мекендеген. Ғалымдар өңірдің Жетісу аталуын жеті түрлі өзенмен байланыстырады.Жетісу туралы аңыз әңгімелерде өте көп.Олардың бірі хан мен Іле атты қыз туралы.Жетісу жеріндегі тасқа қашалып жазылған белгі суреттер туралы да «Баян жүрек» атты аңыз бар десек. Жалпы айтқанда алтыннан да бағалы,даласынанда кең тарихы бар.Жетісу барлығымызға мәлім.
Қорытындылай келе ,туған жердің жанға ерекше оттай ыстық екенін түсіндім.Алақандай жерде қаншама сан түрлі оқиғалар мен тарихтар бар екенін білдім. Талай шаһарларға аяқ бассамда «Сәлем берем,бас иіемін Жетісуға» - Аясында Алматым тыныстаған.
Алатауым апайтас ырыс маған
Болашаққа қазақтың көшіп басып,
Жетісуым барады ту ұстаған.
Мұқағали атамыздың бұл өлең жолдарымен мен өзімнің Жерұйығын Жетісумен мақтанатынымды жеткізгім келеді. Өз өлкенің тарихын білу артық емес.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет